1. Рухани және материалдық мәдениеттің ара қатынасын ашыңыз


Ғұндардың көшпелілік мәдениеті



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.04.2024
өлшемі343.17 Kb.
#497487
1   2   3   4   5
srsp2 madeniettanu

Ғұндардың көшпелілік мәдениеті 
Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар 
тәңіршілдік 
дінді ұстанып, 
түркі 
жазуын 
пайдаланған. Сөйлеу тілі де 
түркі тілі 
болған. Шығыста Мөде
 
«шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, 
Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары 
кірген. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар 
жасаған. Бұл кезде қазіргі 
Кореядан Тибетке 
және 
Шығыс
 
Түркістаннан Хуанхэнің 
орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн 
шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына
 
біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты 
алып жатты. Деректемелерде ғұндардың 
Саян
-
Алтай 
тайпаларына 
жасаған
 
жорықтары туралы да айтылады. Шежіреші б.з.б. 201 жылы сүннулердің 
солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, 
Қуңюй, Түсүйше, Динлин, Гекүң және Сіңлі елдерін бағындырғанын 
хабарлайды.
 
Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сүннулердің 
солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей)
 
өзенінен 
Іле 
алқабына дейін созылып жатса керек. Б.з.б. 201 жылғы 
жорық кезінде ғұндар 
Алтай 
тайпаларын түгелдей дерлік бағындырған, 
бірақ олар бұл аумақты толық қол астына қаратқан жоқ. Қалай дегенмен 
де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, археологиялық 
материалдар да көрсете алмады.
 
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар 
батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б.з.б. 177 жылы Мөде 
көршілеріне қарсы өз
 


бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы түктерін 
(кінәздерін) юедилерге қарсы жорыққа аттандырады. Ғұндардың атты 
әскерлері Жаңие-Гәңжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратып,
 
сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жатқан бірлестігінің шет 
аймағындағы бірнеше үлесті бағындырған. Келесі жылғы жазда бұл 
жөнінде шаңюй былай деген: «Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал 
аттар мықты шықты:
 
олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе
 
бағындырып, (өз билігін) нығайтты. Лоулаң, Ұсын, Құтзе және оларға 
шектес 36 үлес (кінәздік) сүннулерге қаратылды. Олардың бәрі сүннулердің 
әскеріне кіріп, бір әулетке айналды».
 
Бұл құжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. «Отыз 
алты мемлекет» деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағында орналасқан 
кінәздіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына 
дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Шитізи) авторы Сыма 
Цянь
 
юедилердің «толық» талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда 
б.з.б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Сары өзеннің 
солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі 
болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі 
тайпалар Грек-Бақтрияны талқандағаннан кейін олар туралы мәліметтер
 
өзінен-өзі бүкіл 
Орта Азияға 
да тарала бастайды.
 
Сірә, б.з.б. 177 жылы сүнну-ғұндардың 
Тынық мұхиттан 
Каспий 
теңізінің 
жағалауына дейінгі барлық елдерді бір кінәздің атты әскері күшімен
 
бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, 
шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты 
Лаулаң, Ұсын және Қутізе бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны
 
туралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың жағырапиялық орны 
онша айқын емес. Қазіргі қартаға Лобнор ауданындагы Лаулаң (Крораина) 
кінәздігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындағы басқа
 
деректердің есімен теңестірілген Қутізе жерінің немесе тайпасының 
этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Ұсын және Тізәң- 
күң
 
елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда
 
болған. 
Геродоттың 
аргиппейлер 
тайпасы осы маңайда орналасқан деп 
саналады. И. X. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі 
гректерше «арғымақ», «тұлпар» дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға 
жақын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы 
тұрғыдан алғанда, ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған
 
транскрипцияларын түркілердің «арғымақ» немесе «айғыр» деген 
сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты.
[1]
 
Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі 
әртүрлі тайпалар немесе этникалық- саяси құрылымдар кірген. 
Конфедерацияның қоғамдық
 
өміріне бір орталыққа бағынғысы келмейтін қуатты күштер, кең-
байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және 
экономикалық
 
байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік 


ғұн қоғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы арқылы
 
орнаған.
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет