(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Географиялық номенклатура дегенді қалай түсінесің?
Географиялық нысан дегенді қалай түсінесің?
Географиялық атауларды қалай түсінесің?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Мәтінмен жұмыс:
«Бірлескен оқу» әдісі.
Оқулықтағы мәтін бойынша топтарға тақырыпшалар бөліп береді. Мәтінді оқуды тапсырады.
Оқып біткен соң топтық және топ аралық талқылау жүргізеді.
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Топтық жұмыс:
Тапсырма:
1.Географиялық номенклатура.
2.Географиялық номенклатураны үйренудің реттілігі.
Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының сыный ойлана білуге, өз ойын еркін жеткізе алуға, өзгенің пікірін құрметтеу керектігіне дағдыланады.
|
|