Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
1-тапсырма:
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген түсінікке сәйкес келетін
көріністерге талдау жасайды.
Топта талқылайды.
|
Әр жердің салты басқа екенін түсіндіреді. Сыныпта талқылайды.
|
Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
-Бөлімдегі салт-дәстүрлерге тоқтайды.
- Әр жердің салты басқа екенін түсіндіреді.
- Сыныпта талқылайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
2-тапсырма:
Шығыс әдебиетінің жауһарларынан сусындаған бала Абайдың білімге, дүниені
тануға деген қызығушылығы байқалатын үзінділерді жинақтайды.
Абай
дүниетанымын берік қалыптастырудағы алғашқы сатылардың бірі осы шығыс әдебиеті екенін қарасөздерінде айтылған оймен байланыста талқылайды.
|
Абайдың шығыс әдебиетіне қызығушылығы көрінетін үзінділерді жинақтайды және оның шығыс әдебиеті жайлы айтылған қара сөздерімен байланыстырады.
|
|