1-сабақ. Бөлім: 4-бөлім: Астана мəдениет пен өнер ордасы


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет47/88
Дата08.11.2023
өлшемі6.87 Mb.
#482643
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88
Қазақ тілі 2-тоқсан 6-сынып

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31мин.

6- тапсырма:
Төмендегі сөйлемдерден көнерген сөздерді тауып жаз. Олардың тарихи сөз немесе архаизм екенін анықта.

Айтылым - жазылым:
Хан енді шетелдерден келген елшілерді қабылдайтын болды. Әр елшіні екі қарынан екі сарай төрешісі қолтықтап ханға қарай алып жүрді. Елшілер он шақты адым қалғанда оң тізелерін бүгіп, қол қусырып, бастарын иіп тағзым етті. Қапталда отырған уәзірлер орындарынан тұрып, шетелдік меймандарды қолтықтарынан демеп, ханға беттеді, төрт-бес аттаған соң, тағы да кідіріп, тағзым етті. Елшілер уәзірлер отырған сәкіге қарама-қарсы қойылған биік сәкіге барып жайғасты.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- сөйлемдерден көнерген сөздерді тауып жазады.
-Олардың тарихи сөз немесе архаизм екенін анықтайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны




8-тапсырма:
«Құтты білік» дастаны – тарихи мұра» тақырыбына жоба дайында. Жоба мәтінінде көнерген сөздерді пайдаланып, олардың мағынасын түсіндір.

Жазылым:
Үлгі:
– Жобаның мақсаты мен міндеттері
– Мәселенің өзектілігі
Орындалу әдісі және нәтижесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет