Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
«Геология нені оқытады?» деген тақырыпша бойынша мәтінмен танысуға тапсырма береді.
|
Геология ғылымына жататын бағыттармен толық оқып танысады. Негізгі санаттарын және оның құзыреттілігін анықтайды.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Мәтінді мұқият оқиды.
-сыныптас-тарымен талқылау жасайды.
-сұрақтар қойып, жауап береді.
|
10-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
«Түртіп алу» әдісі.
|
№1-тапсырма:
Параграфта көрсетілген және қосымша ақпаратты пайдаланып, «Қоғам-экосфера» жүйесінің байланысына мысал келтір.
|
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. Мысал келтіреді. Қосымша дереккөздерді пайдалануына болады.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-Жүйе байланысына мысал келтіреді.
|
10-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№2-тапсырма:
Сызба түрінде бейнеле.
«Геоэкология» пәнін, міндетін, мазмұнын, бағытын, геоэкологиялық зерттеулердің санаттарын сызба түрінде көрсет.
|
|