Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№1-тапсырма:
«Қазақстанның табиғи ортасындағы экологиялық шиеленіс деңгейі» бойынша кестемен жұмыс жасатады.
|
Экологиялық шиеленіс деңгейінің 5 түрімен танысады. Оның критерийлерімен геожүйенің бұзылу пайызымен танысып, оған кіретін аймақтармен танысады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Экологиялық шиеленіс деңгейімен танысады.
-Критерийлерін анықтайды.
-Геожүйенің бұзылу пайызын есептейді.
-Оған кіретін аймақтарды анықтайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
№2-тапсырма:
Қазақстанның геоэкологиялық аудандастыру сызбасын экологиялық шиеленіс деңгейі кестесімен салыстыра отырып, өзің тұратын жер немесе қаланың қандай регионға кіретінін анықта.
|
Экологиялық шиеленіс деңгейі көрсетілген кестені пайдаланып, тапсырманы орындайды.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
- Қазақстанның геоэкологиялық аудандастыру сызбасын экологиялық шиеленіс деңгейі кестесімен салыстырады.
- Өзінің тұратын жер немесе қаланың қандай регионға кіретінін анықтайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|