Қысқамерзімді жоспар
№1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Саяхат-таным бастауы. Төл сөз бен автор сөзі
Бөлім:
|
10-бөлім. Саяхат және демалыс
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы: 5
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Саяхат-таным бастауы. Төл сөз бен автор сөзі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
5.Т/А5.Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
5.О3.Хат,хабарлама,жарнама,нұсқаулық,хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
5.ӘТН5.5.Төл сөз,төлеу сөз автор сөзінің жасалу жолдарын,қызметін білу,төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Хат,хабарлама,жарнама,нұсқаулық,хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
Кейбір оқушылар үшін:
Төл сөз, төлеу сөз автор сөзінің жасалу жолдарын,қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
Топтастыру.
|
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
|
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Фигуралар салынған конверт
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Саяхат деген не?
2.Саған саяхаттау ұнай ма?
3.Қай жерлерге саяхаттағың келеді?
|
Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |