1 салық ЖҮйесінің МӘнімен маңызы 1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері



бет4/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#136140
1   2   3   4

Біздің елімізде керісінше, салық салудың батыс әдістері қажетті дайындықсыз және салық төлеушілердің нақты мүмкіншіліктерінің есебінсіз енгізілуде. Мысалы, бұл ҚҚС пен акциздің енгізілуіне байланысты, ол жалпы компьютерлердің қолданылуынсыз мүлде нашар бақыланады. Сонымен қатар ол қымбат, әлеуметтік аса қауіпті салық оны АҚШ-та тегіннен тегін бұрыннан бері талқылап келе жатқан жоқ, ал қосылған кұнға салынатын салықты енгізуге Жапония үкіметі қауіптенеді; олар бүрыннан бұл салықты ентізгісі келген бірақ сол сәтте алып тастады. Қазақстанда осы салық алу ставкалары, сонымен қатар бағаның өсуімен жұмыс күші құнының өсуіне әкеп соқтырады.

Қазақстандағы салық жүйесінің негізгі қауіпінің бірі болып, заңның көптеген заңдылық актілері, яғни инструкциялар, толықтырулар; оларға енгізулер, түсініктемелер, нормативті хаттар, сонымен қатар тұрақты қарама-қайшы және өзара бір-бірін толықтыратын түзетулер осы жүйедегі әсер ететін Қазақстан Республикасының "Салық, және басқа да бюджетке төлетіп міндетті төлемдер туралы" заңы болып табылады. Бұл ең алдымен салық, қызметтерінің жүмыстарын қиындатады.

Салық жайлы Занының өте жиі өзгеруі принципі бойынша дұрыс, бірақта бұл түзетулерсіз шығу мүмкін емес. Елдің шаруашылық өміріндегі болып жатқан жоғарғы процестер динамикасы мемлекет тарапынан осы өзгерістерге тез   арада   әрекет   жасауды   талап   етеді.   Бұл   салық   жүйесінің   жиі реформалануымен байланысты. Бірақ та барлық жаңартулар онды іс болмайды.

Салықтық қатынастардың ақаулы мәселесі нормативті құжаттардың жеткілікті түрде анықсыз және түсініксіздігі болып табылады. Күн тәртібінде салық заңдылығында өзгерістерді енгізу ақтық тәртібін қабылдау салықтарды бекіту немесе алу.

Көптеген анықтамалар, хаттар мен жеделхаттарды шығарудың қате тәжірибесін жоюдың маңызы аз.

Салық жүйесі -- нарықтық қатынастарының маңызды элементінің бірі және одан мемлекеттегі, қоғамдағы экономикалық қайта құрулардың жетістіктері тәуелді болады. Өкінішке орай, билік органдарының да экономикалық ғылымның да көптеген жылдар бойындағы тәжірибе есебінен салықтарға кері көз қарастарды қалыптастырды. Сондықтан бұл аймақтағы кез келген шешімдер мүмкін әлеуметтік және саяси өзгерістер болуын ескере отырып қабылдануы керек.

Бұл аймақтағы дамымаған еддерінің үлкен практпкалық жене теориялық біліктілігі, тек Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси даму жағдайын ескере отырып қолдана алады.

Қазақстан қоғамы таяуда мемлекеттің 2005 жылғы сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағытымен танысты. Қазақстан Республикасы Президентінің сәуір айындағы мемлекетке жолдауында негізгі экономикалық және әлеуметтік бағыттардың арасынан ең бір басты тапсырмаларының бірі -салық ауыртпалылығын төмендету, зейнетақыны және еңбекақыны жоғарылату болып табылады. Берілген бағыт жалпы экономика және әлеуметтік ортаның негізгі реформалауы болып табылады. Сонымен қатар мүмкіндік нәтижесін және күтілген өзгерістердің қорытындыларын талдағымыз келеді.

Бүгінгі таңда Казақстаң Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында ҚР Үкіметіне келесі негізгі бағыттар жүктелген.

Біріншіден, экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық -инновациялық стратегияны іске асыру. Қазақстан бәсекеге қабілетті экономикалық үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірісті, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол ашу жүктелінген. Биылғы жылдың ортасына қарай Қазақстанда нарықтық туризм, мұнай - газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өңеркәсібі, көлік - логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болу керек. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзак мерзімдік мамандануын солар айқындайтын болады.

Қазақстанды жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі - Ұлттық инновациялық жүйе жасау жүктелді.

Екіншіден, Қазақстанның шағын және орта кесіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Қазақстанда қәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғыздыру жүктелді. Осы мақсатқа қол жеткгзу үшін «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік бір «үлкен қаржылық маркетке» айналуға тиіс. Осы Қорға биылғы жылы Республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлінеді, онда шағын бизнес субъектілерін несиелендіру мүмкіндігі 25 млрд. тенгеге дейін өседі.

Үшіншіден, Қазақстанда аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін негізінен қалыптастыру жүктеледі. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда республикалық бюджеттен 57,9 млрд теңгеден аса қаржы бөлінеді.

Төртіншіден, қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір құнды қағаздар нарығын дамыту мен 2005 - 2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру жүктелді.

Банктердің қызметі ашықтықтың ашылуы өнегес болуға тиіс. Ең алдымен мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігі бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.

Бесіншіден, биылғы жылдан бастап, ҚР іс жүзінде әрбір отбасының мүшесіне игі ықпалын тигізетін 2005 - 2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасы іске асыру жүктелді. Биылғы 1 шілдеден бастап барлық зейнетқерлерге, еңбек өтіліне, жалақысы мен тағайындалған зейнетақысының мөлшеріне қарамастан 3000 теңге мөлшерінде қосымша негізгі зейнетақы төлем жасалатын болады. Осылайша ең төменгі зейнетақының мөлшері негізгі зейнетақы төлемімен бірге 9200 теңгені құрайтын, ал зейнетақының орташа мөлшері 12000 теңгеден асатын болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің және бюджет саласының, қызметкерлері - мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет пен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 32% көтеру, ал 2007 жылдан бастап орта есепнен 30 % көтеру жоспарланып отыр. Негізінен алғанда жалақы мемлекеттік қана емес, жеке меншік секторда да өсуге тиіс. Осьгған орай биылғы шілдеден бастап, ең төменгі жалақы мөлшерін 9200 теңгеге дейін өсіру қажет.

Қорытындылай айтқанда, мемлекет қаржы саясатын жетілдіруде шешімді қадам жасады, сондықтан оның мүмкіндік нәтижесі туралы сұрақтың маңызы өте үлкен.

Салық реформасын жүргізу қиындықтары, бірінде Қазақстанның экономикасы нарықтық қатынастарға негізделмеген өтпелі кезеңде, оның барлық қайшылықтарымен бірге болуымен байланысты. Осыдан қазіргі жағдайда   салық  жүйесінің  тұрақтылығын   қамтамасыз   етуі   мүмкіндігі

болмайды. Қоғамдық экономикалық қатынастарының калыптасуы жағдайындай, салық саласында қателіктер мен тәжірбиелер әдісімен жүруге тура келеді. Мұнда есте сақтау керегі бұл  әр түрлі жақтарға қарай өзгеріп отыру, құрылғанда консервативті қатынастарға қарағанда неғүрлым қауіпті. Сонымен акциздер жүйесін жетілдіру үшін мына бағыттарды ұсынамыз :

1.акциз салығының ставкаларына үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, салық төлеушілердің назарлығын тудырады. Сондықтанда салық ставкалары салық заңдылығында орын алып тұрақты болу керек.

2.Бензин мен дизель отынына салынатын акциздерді бақылау үшін автомобильге май құю стаңцияларына арнайы есептеуіш құралдарын орнатып, оны салық органдары тексеруі керек.

3.Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың акциз салықтарының қамтылу аймақтары өте ұқсас. Қазақстанда да жарнамалардың барлық түрлерін (теледидарлық, радиолық және тағы басқалар) осы акциз салығымен алу қажет. Сонымен әрбір азамат өзінің тұтыну мөлшеріне қарай салық төлеу қажет.

Акциз салығы ешкімді де зорлап, мәжбүрлеп төлетуді талап етпейді. Акциз салығы әрқашанда елдің барлығын көрсетеді. Сондықтанда бұл салықты мүмкіндігінше қолданып мемлекеттің бюджетін толтырудың жан жақтарын қарастыру қажет. Жоғарыда біз ұсынған жарнамалар кейінгі жылдары өте көбейін кетті, егерде осы қызмет түрлерін акциз салығымен алсақ бюджет кірісінің өсе түсетіні сөзсіз.

Қазіргі жағдайда қызмет етуші акциз салығының жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қоюға болмайтындығы анық. Себебі оны қайта құрудың кез келген шаралары, тауар өндірушілердің көңіліне қарай болса да, қаржылық тұрақтылыққа әсіресе салық саясатына сенімді өзгертуі мүмкін.

Бүгінгі күнде салық ауыртпаларын біршама күшейту немесе бәсеңдету нақты емес. Салық ауыртпашылығының өсуі өндірістің тек қана жабылуына немесе оның көлеңкелі экономикаға кетуі, яғни салықтардың түсуін төмендеуіне әкелуі ықтимал.

ҚОРЫТЫНДЫ 

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізгі болып табады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптастырды.

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Сондықтанда мемлекет экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең ңегізгі құралы болып табылатын салық жүйесі, ел экономикасын кайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік щаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

Салық жүйесін мемлекет пен заңды түлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.

Кез келген мемлекеттің салық жүйесі оның әлеуметтік, саяси, экономикалық және ұлттық ерекшекліктеріне орай қалыптастырды. Сондықтанда Қазақстанның салық жүйесі дамуының үш кезеңін көрсетуге болады :

1. Қарапайым салық жүйесі

2. Әкімшілік басқарудағы салық жүйесі

3. Жаңашыл салық жүйесі

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын тауарларға, сондай-ақ арнайы қызмет түрлеріне акциз салынады.

Акциз салығын төлеушілер мыналар :

1. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;

2.акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;

3.Қазақстан Республикасының аумағында бензиннің (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

4.егер Қазақстан Республикаеының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тіркелінген иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;

5.Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды түлғалар акциз төлеушілер болып табылады;

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты, бюджеттің кірістері заңды және жеке тұлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдерінен тұрады. Бюджеттің кіріс көздері ерекше орынның бірі акциз салығына тиесілі .

Акциздердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірісіндегі үлес салмағы 2000 жылы 4,8 % , 2003 жылы - 4,5 % және 2004 жылы -4,9 % құрады. 2003 жылы акциздердің нақты түсімі 2002 жылмен салыстырғанда 5818 млн теңгеге өскенімен де үлес салмағы 0,3 % түскен .

Акциз салығы үлес салмағының 2003 жылы 0 3 % түсуіне алкоголь өнімдері және бензин мен дизель отындары бойынша акциз алымдарының орындалмауы әсер етті.

Алкоголь өнімі және бензин мен дизель отыны бойынша акциздердің орындалмағаны жайында айғақтап отыр, 2003 жылды 2002 жылмен салыстырғанда алкоголь өнімі акцизінің қарқыны 9,3 % -ссе , ал бензин мен дизель отыны бойынша акциз 8 пайызға төмендеген.

Болжанған ішкі өндіріс тауарлары бойынша акциздің 22413 млн теңгесінің тек 18522 млн теңгесі ғана түскен. Акциз салығының болжамы 17,4 % немесе 3851 млн теңгеге орындалған

Акциз салығы кез келген жанама салық сияқты тауардың бағасына қосылады, сондықтанды үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді.

Сонымен акцпиздер жүйесін жетілдіру үшін мына бағыттарды ұсынамыз: Біріншіден, акциз салығының ставкаларына үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, салық төлеушілердің наразылығын тудырады Сондықтанда салық ставкалары салық заңдылығында орын алып тұрақты болу керек.

Екіншіден, бензин мен дизель отынына салынатын акциздерді бақылау үшін автомобильге май құю станцияларына арнайы есептеуіш құралдарын орнатып , оны салық органдары тексеруі керек.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың акциз салықтарының қамтылу аймақтары өте ұқсас. Қазақстанда да жарнамалардың барлық түрлерін (теледидарлық, радиолық және тағы басқалар) осы акциз салығымен алу қажет. Сонымен әрбір азамат өзінің тұтыну мөлшеріне қарай салық төлеу қажет.

Акциз салығы ешкімді де зорлап, мәжбүрлеп төлетуді талап етпейді. Акциз салығы әркашанда елдің байлығын, барлығын көрсетеді. Сондықтанда бұл салықты мүмкіндігінше қолданып мемлекеттің бюджетін толтырудың жан жақтарын қарастыру қажет. Жоғарыда біз ұсынған, жарнамалар кейінгі жылдары өте көбейіп кетті, егерде осы қызмет түрлерін акциз салығымен алсақ бюджет кірісінің өсе түсетіні сөзсіз.

Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды салық жүйесіне енгізбес бұрын оның заңды және жеке тұлғаларға тиімділігін, сонымен қатар бюджет кірісіне әсерін байқау қажет. 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1. ҚР Президенті Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауы

2. 3акон Республики Казахстан "О налоговой системе в Республике Казахстан" от 25 декабря 1991 года

3. Закон Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" от 24 апреля 1995 года

4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы " Қазақстан Республикасының кодексі 12.06.2001 жыл

5. Постановление Правительства Республики Казахстан "О введении обязательной маркировки подакцизных товаров марками акцизного сбора " от 17 июня 1997 года

6. Постановление Правительства Республики Казахстан "О нормах провоза физическими лицами через таможенную границу Республики Казахстан подакцизных товаров " от 31 января 1999 года

7. Постановление   Правительства   Республпки   Казахстан   " О   введении

обязательной маркпровки подакцизных товаров марками акцизного сбора нового образца " от 16 июля 1999 года

8. Постановление Правительства Республики Казахстан "О ставках акцизов на

подакцизные товары , произведенные в Республике Казахстан и ввозимые на

таможенную территорию Республики Казахстан и игорный бизнес, включая лотереи " от 28.02.2000 года

9. Инструкция № 36 МГД РК "О порядке исчисления и уплаты акцизов'' от 27 июня 1995 года ( с учетом изменеий и дополнений)

10. Инструкция Министерство финансов и Мснистерство государственных доходов Республики Казахстан "О применении налога на добавленную стоимость и акцизов в отношении товаров, ввозимых на территорию Республики Казахстан " от 26 апреля 1999 года

11. Антология экономической классики . В 2-х т. - М. Экономика , 1991-1992. Т1,-775с . Т2,-486с.

12.Ильясов К.К , Зейнальгабдин А.Б , Ермекбаева Б.Ж Налоги и налогооблажение .- Алматы .РИК,1995

13.Карагусова Г.Д. Налоги : сущность и пракика использования . Алматы : Қаржы қаражат , 1994 г , 64с.

14.Маханов Н. Анализ поступления налогов и платежей в бюджет . Вестник МГД РК - 2001. - № 12. - С. 4-7

15.Налоговая система зарубежных стран под . ред Д.Г.Черника,- М: Финансы и статистика , 1996 г , 184с

І6.Налоги в развитых странах .Под ед И.Г .Русаковой.- М: Финансы и статистика, 1991 г,-224с

17.Налоги :үчебное пособие Под ред . Д.Г. Черника.-М : Финансы и статистика,1991,- 400с

18.Налоговая системы зарубежных стран.Под ред.В.Г Князева Д. Г.Черника. - М : Закон и право , 1997 г ,191с

19.0мирбаев С.М . Налоги и налогооблажение Учебно методическое пособие по дистанционному обучению . Караганда Изд-во КарГУ,199Б г, -141с

20.Оспанов М.Т. Проблемы совершенствования системы управления налогами в Республике Казахстан . - Алматы ; Познание, 1996г,220с 21. Порохов Е. Финансовое-право понятие налога . Вестник Министерство юстиции , 1996г №11, с.37

22.Прохоров ЕА. Основы налогового право -М: Инвест фонд , 1995г,198с 23.Рахметов Н. О проблемах исполнения прогноза по налогам и другим обязательным платежам за 2000 год.Вестник МГД РК .-2001.№ 3 - С.5 -14

24. Статистичиский ежегодник Под ред . Ж.А.Кулелесова.- Алматы: Қаржы-қаражат, 2001.- 208с

25. Тулегенов Н. Качество налогового аудита. Вестник МГД РК , - 2001 г. -№12.-С.28-29

26. Худяков А.И , Наурызбаев Н.Б. Налог: понятие, элементы , установление, виды. - Алматы : ТОО Баспа 1998 г ,-160с

27. Худяков А.Н Налоговая система Казахстана . Подоходный налог. Алматы: Баспа, 1997г,-272с

28.Чекаева Е. Информатизация налоговой службы Казахстана : где мы ? МГД РК . - 2001 г.-№1.-С, 28-30

29. Черник Д.Т. Налоги в рыночной экономике. - М : Финансы, ЮРИТИ,1997г, -383с



30. Экономические теории и школы (история и современность). Курс лекций. -М : БЕК 1996 г, - 352с. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет