Барлық салық төлеушілердің назарын шартты шығарылған заңды тұлғалармен (мысалы, осы тұлғалар көшіріп алынған дербес шоттар, жөнелтсе және баскалар) өзара есеп айырысу салық салу мақсаттарында
ескерілмеиді.
Шартты шығару рәсімі мынадай бағытарда жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді:
- салық төлеушілердің өз салық міндеттемелерін орындауын тәртіпке келтіру, сондай-ақ шартты шығарып тасталған салық төлеушілермен өзара есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушілерді шүбәлі келісімдерден сақтандыру;
Салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету, оның ішінде салық есептілігін тапсыру мақсатында біз ақпараттармен (олардың қатарында: ҚР ҚМ СК шет порталында салық салу мәселелері бойынша заң актілерін, өздерінің дербес шоттарын қашықтық таңдамай қарау мүмкіншілігін, салық төлеушілердің пікірлерін анықтау, сенім телефондарын орналастыру және баскалар) электрондық жүйе бойынша алмасу шеңберінде нақты қызметтер керсетіледі. Бұл салық төлеушілердің салық есептілігін электронды түрде тапсыру үшін қолайлы жағдай жасайды.
Қазіргі кезде салық төлеушілердің 10 пайызы есепті электронды түрде даярлайды. Және бұл едәуір жоғары көрсеткіш. Мысалы,ұлыбританияда былтыр осы көрсеткіш бар болғаны 3 пайызды құрады.
Мұндай интерактивті қатынас, - біріншіден, уақытты үнемдеуге кемектеседі, екіншіден, қағаз айналымын қысқартады, ал үшіншіден фирма өкілдерінің инспекторлармен тікелей түйісулері кемуі себепті сыбайластық әрекеттерді кемітеді.
Салық органдарына қойылар талаптар ауқымы бұрынғыға қарағанда едәуір кеңейді. Осыған дейінгі түсінікте салық органы тек салықтар мен басқа да алымдар төленуінің дұрыстығын, толықтығын және уақытылылығын қадағалайтын мемлекеттік бақылаушы ретінде саналатын. Ал қазір салық қызметі неғұрлым сервистік сипатқа ие болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда бюджетке тиесілі алымдарды өз уақытында және заңдарға сәйкес төлеуде салық төлеушіге көмектесу де оның міндеті болып саналады.
Ақпараттық технологиялардың салық инспекторларының қажетті жұмыс құралы болуы керек екенін біз әлдеқашан түсіндік. Бізде ақпараттық жүйелерді енгізу жөніндегі жүмыс комиссиялары үш жылдан бері жұмыс істеуде, салықтық әкімшіліктің барлық стратегиялық және әдістемелік мәселелері осында талқыланьш, осында шешім табады. Салық төлеушілер мен салық инспекторларына қажетті ақпараттык және сервистік қызметтерді ұсыну мұнда негізгі басымдықтар болып табылады.
Біріншіден, қағаз арқылы есеп беруден босатылатындықтан кәсіпорын салық комитетіне барып-қайтатын уақыттан үнемдейді. Екіншіден, есепті электронды пошта арқылы кез-келген күні, оның ішінде демалыс, мереке күндерінде де, сол сияқты кез-келген уақытта түнгі сағат 24-ке дейін жібере беруге болады. Ол өте ыңғайлы. Үшіншіден, электронды салықтық есепті калыптастыратын қамтамасыз ету бағдарламасы есептік мәліметтерде арифметикалық немесе қисынды қателердің бар-жоғын өздігінен автоматты тексеруге жағдай жасайды. Сонымен бірге, салық төлеуші салық органымен "кері байланысты" да ұстап тұра алады. Осылайша ол кез-келген уакытта сағат 4-ке дейін өз есебінің жағдайы туралы ақпарат ала алады.
Салық төлеуші электроңды-сандық қолтаңбасы бар дискетті алып, өз компьютеріне Салық комитетінің қамтамасыз ету бағдарламасын қондырғаннан кейін, ол кез келген сәтте салық есебін жөнелтіп, өз есептеулерінің бюджетпен реттілігін, әрбір бюджеттік квалификация бойынша сальдоны тексере алады. Оның әрбір салық бойынша есепшот ашуына және бар мәліметтерді өз компьютеріне көшіріп алуына болады. Басқаша айтқанда, салық төлеуші салық органында бар ақпараттардан толық хабардар болып отырады. Оның сыртында салық төлеушінің өзі ұсынған Декларацияны электрондық түрде көріп, тапсырылған ақшаның күнінің және сомасының дұрыс тіркелгеніне көз жеткізуге мүмкіндігі бар. Ол үшін Салық комитетінің -порталына енсе жетіп жатыр. Салық комитетінің барлық қамтамасыз етуші бағдарламалары салық төлеушілер үшін тегін.
Сол сияқты осы жылдан бастап салық төлеушілерге бюджет қаржыларындағы өзгерістер туралы, нұсқаулық хаттар және басқа да ақпараттық материалдар ұсынуды жоспарлануда. Бүгінгі күні электронды түрдегі салықтық есепті комитетке 102 салық төлеуші ұсынып тұрады. Мәселен, өткен жылдың қыркүйегінде мың салық төлеушінің бір мезгілде секундтың бір ғана үлесінде қосылған кезі болды /30/.
Экономикалық ахуалдың жақсарып, салықтар саны азайғанда, салық ауыртпалығы төмендегенде, сол сияқты, салық салу ережелері жақсы жаққа қарай өзгерген кезде салық әкімшілігі мен салықтық бақылау мәселелері бірінші кезекке шығады. Салықты төмендете отырып, мемлекет олардың төленуін талап етуге құқылы. Салық төлемеген тұлғаның жеке салық төлеушілерге қарағанда бәсекелестікте артықшылығы болатындықтан, онсыз нарықта тепе-тең жағдайлар тумайды. Басқаша айтқанда, салық ауыртпалығын төмендету бақылауды күшейту ісімен қатар жүруі керек. Бұл салада тәртіп орнату мемлекеттің фискалды міндеті ғана емес, сонымен бірге салауатты экономикалық орта және тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыруда маңызды элемент болып табылады.
Ең алдымен қолданыстағы заңдар шеңберінде жүргізілетін бақылау жұмыстары мен өәі де бар мүмкіндіктер туралы, оның ішінде ақпараттық технологиялардың әдіс-тәсілдерін пайдалану да бар.
Қазіргі уақытта корпоративті табыс салығы бойынша салық есебіне камералды бақылау жасаудың модулін іске қосуға дайындық жүргізілуде. Он бір министрлікпен және ведомствомен электронды ақпараттық ықпалдастық негізінде камералды бақылау модулі пилоттық пайдалануға берілді. Ол салық төлеуші декларациялаған және төлеген сомаларды автоматты түрде салыстыруға, сондай-ақ салықтық жеңілдіктерді қолданудың негізділігі мен дұрыстығын анықтауға жағдай жасайтын болады.
Салық жүйесі өмір сүрген жылдар ішінде салық жинауға және салық төлеушілерге бақылау жасау еді. Салық төлеудің қажеттігі жөнінде еске салу, күш көрсету, ескерту кезеңдері артта қалды. Ендігі жердегі негізгі қызмет салық телеушілерді салық тәртібіне, салық телеудің өмір нормасына айналуға тиістігіне, оның өркениетті елде тұрып, заңға бағынатын азаматтың ерікті міндетіне, дағдысына айналуы керектіпне үйрету.
Одан бюджетке келер пайда да зор. Көптеген салық төлеушілер заңды белгіленген салықтарын төлеуге әзір. Салық төлеушілермен жүргізілетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастырудың, олардың уақытылы ақпараттар алып отыруының бюджеттің қосымша түрде толығуына жағдай жасайтынына сеніміміз мол /31/.
ҚОРЫТЫНДЫ
Салық қызметінің қағидалары мемлекеттік жалпы экономикалық бағдарламасына негізделеді және онымен өте тығыз байланысты болады. Экономикалық бағдарламаның әзірлеу ісі салық қызметінің алға қоятын талаптарын, оның принциптерін ескере отырып жүзеге асырды.
Салық қызметін ұйымдастыруда мынандай маңызды мәселелер көрініс табады:
- салық төлеушілерді жаңа салықтардың енгізгені жөнінде міндетті түрде хабардар ету;
- салықтарды төлеу, аудару жөніндегі сауалдарға кеңес беру;
- салық міндеттемелерін атқаруды ерікті түрде атқару әдістері мен салық санкцияларын пайдалану арқылы мәжбүр ету түрінде төлетуді қамтамасыз ету.
Салық қызметінің органдары республикалық бюджет есебінен қаржылан дырылады.
Қазақстанда салық қызметін дамыту, ұйымдастыру мақсатында көптеген қиындықтарға, атап айтсақ, ете қиын жауапты, бір-бірімен байланысты мәселерді шешу үшін мамандарды іріктеу және қайта дайындау, қазіргі жаңа техникамен танысу, салық төлеушілерді оқыту, жаңа салықтық заңдылықтарды әзірлеу сияқты қиыншылықтарға төзуге тура келді.
Салықтық саясатты жетілдіру мақсатында Қазақстандағы салық органдары бюджетке түсетін салықтардың дұрыс есептелуіне бақылау жасауға көңіл белген. Салық қызметін ұйымдастыру барысында мына негізгі қызметтер жүзеге асырылады: заңдардың жобасын жасау, жүргізіліп жатқан салық саясатына талдау жасау, салықтарды басқару жүйесінің жобасын жасау, салық заңдылығын қолдану үшін нормативтік актілерді әзірлеу, тексерудің әдістері мен олардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарламаларды жасап шығару, жүргізілген реформалардың нәтижесіне баға беру, салық органдарын қызметкерлерінің міндеттерін түсіндіру, салық жинау бойынша мәліметтерге талдау жасау, жұмыстардың сапалылығына жалпы бақылау жасау.
Қазіргі кезде салық органдары қызметін автоматтандыру жүзеге асырылуда. Осы арқылы салық қызметкерлерінің жұмыстарының сапасы, олардың біліктілігі, салық органдары жұмысының тимділігі артады, тексерістердің саны азаяды. Салық қызметкері үшін қай жерде проблема бар екенін бірден айқындауға мүмкіндік туады. Бұл жаңаша қызмет декларацияға алгоритмдерді есептеу, орташа көрсеткіштер мен салыстыру сияқты электрондық талдау жасау негізінде жүзеге асырады. Мұндай жағдайларда әрбір салық тексерісі тиімді болады.
Атқарылған қызметтердің алға қойған мақсатқа сай келмей, орындалған істің олқы түсіп жататыны қай салада болмасын кездесіп түрады. «Көш жүре түзеледі» дегенмен, келешекте мұндай кемшілікті болдырмау мақсатында оның адын алу шараларын жасап, негізін қалап қою қажет. Ол үшін олқылықтардың себебі мен сандарын анықтап алған абзал. Ертең жоғары жетістіктерге жету үшін кешегі мен бүгінгі қателіктердің ащы сабақтарынан дәріс алған жөн.
Жергілік салық органдарында іс тетігін шешетін мәселелердің бірі - салық төлемдерінің салық жөніндегі сауаттылығының артуы деуге болады. Сонда ғана салық төлеушілер салық заңдылықтарының талаптарын орындауда оң нәтижеге жетері күмәнсіз. Салық заңдылықтарын бұрмалаушылыққа жол бермеу мақсатында бұқаралық ақпарат қүралдарына насихаттау- түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Қорыта айтқанда, облыс бойынша салық органдарының өз міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарап ізденсе, өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырса, атқарған істерді сапалы болады және де алдына қойған барлық міндеттерді ойдағыдай орындау жолында аянбай еңбек ете береді. Өйткені, салық ісі - халық үшін екені салықшылар жақсы біледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы».Салық Кодексі, 1 қаңтар 2004ж.
2. «Қазақстан Республикасының кодексіндегі негізгі жағдайларды
түсіндіру туралы» жинақтама.
3. «Салықтық тексеру. нәтижелеріне шағым жасау тәртібі туралы»
жинақтама.
-
Худяков А. И. «Налоговая система Казахстана». Алматы , 1997г. 220-240стр.
-
Юткин В.А. «Налогообложение». Москва, 2001г. 102-115 стр.
-
Сейдахметов С. «Налогообложение » Алматы, 2002 г.
7. Оспанов М.Т. «Проблема совершенстовования системы управления
налогами в РК». Алматы, «Познание Факел». 1996г. 121-141 стр.
8. Оспанов М.Т. «Налоги и цивилизация». Алматы, ФИК. 1995ж. 45-82 стр.
9. Оспанов М.Т. «Гарманизация налоговых отношений». Алматы
«Фиксинформ», 1997г. 205-245 стр.
10. Б. Серкебаев. «Салық саясатына салмақ түсті»" Ц.Қаржы-қаражат,
1998ж. №2.
11. А.С. Раимқүлов. «Контроль, как приоритетное направление в
пополнение доходов бюджета» Қаржы-қаражат, 2002 ж. №1-2.
-
3. Атыгаева. «О контрольной работе в территориальных налоговых
органах». Қаржы-қаражат, 2003ж №3-4.
-
3. Атыгаева, Б. Бекбердиев. «Налоговый контроль в современных
условиях». Қаржы-қаражат, 2003ж №7-8.
14.«Налоговый кодекс: новые приоритеты» Қаржы-қаражат, 2002ж.
-
К.К. Кусаинов. «Механизмы налогового администрирования» Қаржы-қаражат, 2003жыл №3.
-
А.Д. Байдүйсенов. «Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер»
Қаржы-қаражат, 2003ж №4.
17.А.А. Сурашев. «Налоговые проблемы» Қаржы-қаражат, 2002 ж №5.
18. 3. Какимжанов. «Начинаем жить по Кодексу: Налоговому" || Қаржы-
қаражат, 2002ж №2.
-
А. Нурумов. «Налоговая система США» || ФиБ, 1996г№7,8,10.
-
А.А. Нурумов. «Совершенствовать налоговую политику» ФиБ, 2001 ж.
№6.
21.Уорд Насси. «Возможные стратегии улучшения администрирования
налоговой системы».| Вестник 2001ж, сэуір №4 (7).
22.К. Райханова. «Статья по принудителыюму взысканию налоговой задолженности с налогоплателыциками». Вестник 2002 жыл, қаңтар№1 (16).
-
Б. Жансарбаев. «Проблемы налогового учета в республике». Вестник
КазГАУ, 1997жыл№1-2.
-
М. Есенбаев. «Оңтайландырудың оңды бағыты» Егеменді Қазақстан
2002 жыл 13 наурыз.
-
Е. Мүқай. «Салық жүйесін ретке келтіру». Егеменді Қазақстан, 2003
жыл, 16 тамыз.
-
Е Смайыл. «Салық мәдениеті - қоғам дамуының айқындаушы тетігі»,
(З.Кәкімжановпен сүхбат) Егеменді Қазақстан 2002жыл 3 шілде.
-
Ы. Дулатов. «Мемлекеттің салық саясаты». Заң газеті 2001 жыл 3
қараша.
-
«Облыстың әлеуметтік экономикалық дамуы», Оңтүстік Қазақстан 2004 жыл 16тамыз.
-
Д. Ысқақов. «Задача - расширять налоговую базу» Часпик 2004 жыл, 8 ақпан.
-
Б.Рахмандерді. «Бюджет қаржысын жүмсауда заң бүзушылық тыйылар
емес». Оңтүстік Қазақстан газеті 2004жыл 13 наурыз.
Достарыңызбен бөлісу: |