1 Сандық маркетингтің теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата23.08.2023
өлшемі0.87 Mb.
#476187
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
6 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ескертпе – кесте автормен құрастырылған 
Еліміздегі сандық маркетинг құралдарын қолданудың политикалық 
жағына ең бірінші -цифрландыру саласында заң қабылдау жатады. Елімізде 
цифрландыру саясаты кеңінен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытты мемлекетте 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және цифрлық саланы 
дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 961 қаулысы жүзеге асырылып жатыр. 
Қаулыға сәйкес денсаулық сақтау, білім беру жүйесін, ғылымды, қоғамдық 
қауіпсіздікті, сыртқы саясат пен цифрландыру арқылы экономикалық 
бәсекелестікті дамыту мәселелері қозғалған. Дегенмен, әлі де болсын 
цифрландыру саласына жаңа заңдар қабылдануы тиіс.
Еліміздегі сандық маркетинг құралдарын қолданудың экономикалық 
жағына ең әуелі мобильді қосымшалар арқылы сатып алуға халықтың 
шығындарын жатқыза аламыз. Қазіргі таңда көптеген адамдар өздеріне тіпті 
керек емес заттарды да қосымшадан көріп, сатып алып жатады. Яғни, керексіз 
сатып алулар саны артып жатыр, соның салдарынан халықтың экономикалық 
жағдайы, нақты табыс деңгейін де төмендеу байқалуда. Келесі экономикалық 
тұсы- елдегі мобильді интернет бағасының күрт өсуі. Мысалы, 1 жыл бұрын 
activ, Tele2 сияқты еліміздегі танымал мобильдік операторлардың 1 айлық 
тариф құны 2000 -3000 теңгені құраса,қазіргі таңда 4000 теңгені құрап отыр. 
Әлеуметтік жағына тоқталатын болсақ, ең әуелі сандық маркетинг 
құралдарының енуімен халықтың өмір сүру деңгейі мен стильі өзгерді. Халық 
қазір бұрынғыдай өмірлерін қиындатпайды. Мысалы, үйде отырып такси 
қызметін пайдалана алады, үйден шықпай коммуналдық төлемдерді төлей 
алады яғни онлайн сауда жүргізудің кең мүмкіндіктеріне қол жеткізіліп отыр. 
Сонымен бірге халықтың өмір сүру сапасы артты. Жаңа технологияларды
қолданып бастады. Мысалы, қосымшалар арқылы үйден отырып керекті азық-
түлікке тапсырыс бере алады. 
Еліміздегі сандық маркетинг құралдарын қолданудағы мәселелер: 


36 
- Еліміздің курорттық өңірлерінің көбісі қаладан шалғай жерлерде 
орналасқан. Ал ол жерлерде сымдық байланыс қызметі дұрыс 
көрсетілмейді; 
- Мемлекетке келетін туристердің көпшілігі тек ағылшын тілдерінде көмек 
сұрай алады, ал еліміздің тұрғындарының 30% ғана ағылшын тілін сөйлеу 
деңгейінде біледі. Сондықтан келген туристтерге еліміздегі сандық 
платформаларды түсіндіре алмаулары мүмкін; 
- Елімізде халықтың көп бөлігі үшін сандық маркетинг құралдарын тек 
қызық үшін ғана қолданады; 
- Еліміздегі егде жастағы адамдар онлайн туризм нарығын және 
мүмкіншіліктерін толық түсінбегендіктен сенімсіздікпен қарайды; 
- Елімізде тревел қосымшалар аз, ал отандық тревел қосымшалар мүлдем 
әзірленбеген және қолданыста жоқ. 
Жалпы отандық туризм нарығы және сандық маркетинг құралдарын 
туризм саласында қолданудың қазіргі жағдайына жасалған талдауларға сүйене 
отырып төмендегідей қорытынды жасауға болады.
2017-2021 жылдар арасында туризм саласының жалпы дамуы байқалады, 
Ковид-2019 дүниежүзілік пандемиясы кезеңінде салада құлдырау болғанын 
талдаулар көрсетіп отыр. 
Зерттеуге алынған жылдар ішінде туризм саласында жұмыс істеген 
орналастыру орындарының саны 2021 жылы 2017 жылға қарағанда 123 пайызға 
өскен немесе 3686 бірлікті құраған. Туризм саласында кәсіпкерлікпен 
айналысқан субъектілер саны оның ішінде туристік фирмаларда, орналастыру 
орындарында және санаторий-курорттық ұйымдарда жұмыс істеген 
қызметкерлердің орташа саны 2021 жылы 2017 жылға қарағанда 93% немесе 
41,4 мың адам жұмыс істеген. Осы аралықтарда шығу туризм бойынша 
туристік қызметті тұтынушылар саны 2017 жылы 10260813 адам болса 2021 
жылы 2,9 есеге төмендеп, 3501387 адам шет елдерде саяхаттаған. Ал, осы 
кезеңдегі келу туризмі көрсетікішінде де құлдырау байқалады. 2017 жылы 
7701196 адам еліміздегі туристік қызметтерді тұтынса, 2021 жылы бұл 
көрсеткіш 1330169 адамды құраған. Яғни саланың құлдырауы - 82,7 пайызды 
құрады. 
Сандық маркетинг құралының тәжірибелік қолданылу барысын анықтау 
мақсатында «Br travel» кәсіпорынының қызметі талданды. Кәсіпорын
Кәсіпорында сандық маркетингтің бірқатар құралдары қолданылады. Олар 
фейсбук, Instagram, электрондық пошта, кәсіпорынның сайты. SMM маманға 
дейін төмен деңгейде екені белгілі болды. 


37 
3 «Br travel» туристік кәсіпорынының сандық маркетингті қолдану
 
3.1 Туристік сала кәсіпорындарында сандық маркетингті қолдануды 
жетілдіру жолдары 
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бойынша тиісті дамыту шаралары мен 
нысаналы көрсеткіштер елдің стратегиялық құжаттарында – «Қазақстан-2050»: 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында, Қазақстан 
Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарында, 
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, 
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға 
дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі 
құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілген Кәсіпкерлікті дамыту 
саласында 2030 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 35 %-ға дейін және 40 %-ға 
дейін ұлғайту стратегиялық мақсат болып табылады [32] 
Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің бір бағыты ретінде туризм 
саласын айта аламыз. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы акционерлік 
қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму стратегиясы туристік саланы 
цифрландыру мақсатында әзірленген стратегия. 
Сурет 6– 
Kazakh Tourism ұлттық туристік порталының жобалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет