Ескертпе – [32] мәліметтер негізінде автормен құрастырылған
Берілген кестеден кәсіпорынның қолданыстағы парақшаны жүргізу
кезінде тұтынушылардың саяхатқа қызығушылығын
арттыру мақсаты дұрыс
іскеп аспағаныдығын көруге болады. Парақшаға кірген сәттен «менен
сатып
ал» сипатындағы ойды қалыптастырады.
Бұл нәрсе тұтынушылардың
қызығушылығын төмендетеді. Себебі парақшаның басты мақсаты саяхат емес,
сатылым санын арттыру болып табылады. Ұсынылған
модельде парақша ең
әуелі өзін саяхатқа арналған парақша ретінде көрсетеді.
Қысқа ғана сөйлем-
офферлер адамның ойлау жүйесіне бұл ұсыныстың сенімді екені туралы хабар
береді. Саяхатқа қызықтыра отырып әрі қарай тұтынушыларды тур сатып алуға
үгіттейді. Тұтынушының тур сатып алуға мүмкіндігі болмаған күннің
өзінде
болашақта осы кәсіпорын туралы жақсы
пікір-ой қалыптастыратыны,
мүмкіндігі пайда болғанда осы кәсіпорынның
потенциалды тұтынушысына
айналу қабілеттілігін арттырады.