38
жүйесі 2026 жылға дейін -1700 орналастыру орнында орнатылуы тиіс деп
жоспарлануда.
Қазіргі уақытта қоғам «Marketplace» модулін – онлайн-брондау және
туристік өнімдер мен қызметтерді сатуға арналған сервисті жобалауды жүзеге
асырады (сурет 7).
Сурет 7 – «Marketplace» модулінің оң әсерлері
Ескертпе – [31] мәліметтер негізінде автормен құрастырылған
«Киелі география» жобасын іске асыру үшін қауымдастық Қазақстанның
киелі жерлерінің мәдени-географиялық аймақтарында
туризмді дамытуды
жоспарлап отыр. Бұл халқымыздың жадында мәңгілік құндылыққа ие және
ұлттық бірлік пен қайта өрлеу символы ретінде қызмет ететін жоғары құрметті
табиғи және мәдени мұра ескерткіштері.
Қазақстанның киелі жерлеріне ішкі туристік ағымды ұлғайту мақсатында,
осы жерлерде туристік инфрақұрылым салу жөніндегі жұмыстармен қатар,
қауымдастық спорттық элементтерді пайдалана отырып, қасиетті орындарға
туристерді тарту жөніндегі жобаны іске асыратын болады.Жоба жас және орта
буын қазақстандықтарын Қазақстанның киелі жерлеріне мақсатты аудиторияны
тартуға бағытталған. Жоба экскурсиялық пакеттерді сатуды және
ғибадатханаларға баруды қызықты түрде ынталандыру үшін мобильді
қосымшаны әзірлеуді қамтиды.
Қазақстанның туристік орталықтарында
инфрақұрылымдық және
инновациялық жобаларды іске асыру кезінде әкімдікпен онлайн-мониторинг
және өзара іс-қимыл жасау үшін «жобаларды қарау»жобаларын басқарудың
автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әзірленді. Жүйе муниципалитеттерге,
серіктестерге, инвесторларға және басқа да мүдделі тараптарға қол жетімді.
Туристік бизнестің ыңғайлылығы үшін «онлайн-туризм» жүйесін одан әрі
"
M
ar
ke
tpl
ac
e"
м
од
улі
ні
ң
оң
әс
ері
бизнес өкілдерін тіркеу және модерациялау
бизнес өкілдерінің жеке кабинеттерін қосымша өңдеу
тапсырысты жіберу арқылы төлем мен брондауды жүргізгеннен
кейін бірден растауды ала отырып, брондау функциясы
коммерциялық платформаны дамыту
портал арқылы сатып алуға болатын қызметтерді/тауарларды іздеу
функциясы
39
дамыту шеңберінде ұйым өз платформасында мына жұмытарды атқаруды
жоспарлап отыр:
- Қолданыстағы нысандар, қызметтер және қызмет көрсетушілер (тұру,
тамақтану, медициналық орталықтар,
байланыс және интернет, жол
бойындағы қызметтер, медициналық қызметтер және т.б.)
туристік
маршруттарды олар туралы ақпарат бере отырып цифрлық картаға түсіру-
туристік өнімді қалыптастыру үшін қажетті;
- Онлайн-форматта ұсынылатын қызметтердің сапасы туралы пікірлер,
ұсыныстар мен ескертулер үшін мүмкіндіктер жасау қажет;
- Туристік өнімдер мен қызметтердің сапасы мен дамуын жақсартуға
көмектесу арқылы туроператорлар мен туроператорлардың біліктілігін
қолдау [33].
3.2 «Br travel» туристік кәсіпорынының қызметін сандық маркетинг
құралдары негізінде нарықта жылжыту мүмкіндіктері
Қазіргі таңда «Br travel» туристік кәсіпорыны
тек Instagram әлеуметтік
желісі арқылы сандық маркетингтерін дамытуда. Сандық маркетингтің түрлі
бағыттарымен әдеби шолу бөлімінде танысқан болатынбыз. Соның негізінде
«Br travel» туристік кәсіпорынының сандық маркетингті пайдаланудағы
мәсеелелерін және оларды дамыту жолдарын анықтайық.
«Br travel» туристік кәсіпорынының сандық маркетингті пайдаланудағы
мәселелері:
- Сандық маркетинг тек бір ғана әлеуметтік желі арқылы дамуда;
- Сандық маркетингті дамытуда Facebook,Telegram секілді қазіргі
нарықтағы танымал әлеуметтік желілер қолданылмаған;
- Сандық маркетинг саласында кәсіпорынның электронды сайты негізгі
сенімді дереккөзі болып саналады. Байқаумызша, «Br travel» туристік
кәсіпорынының электронды сайты жасалынбаған;
- Кәсіпорынның ұсынатын турлары Қазақстандағы танымал маркетплейс
Kaspi.kz қолжетімді емес;
- Кәсіпорынның электрондық пошталар арқылы тұтынушыларға тарату
жіберу жағдайы қолға алынбаған. Электрондық пошта арқылы науқандар
және жеңілдіктер жіберу, өз қызметтеріне тұтынушылар арасында
қызығушылықты арттыру мәселесі қолға алынбаған;
- Сандық маркетингтің мобильді жарнамалар бағыты арқылы дамыту
мүлдем қолға алынбаған;
- Кәсіпорынның телеграм және what’s app
қосымшаларына өту жағдай
(тамплинктер ) жасалынбаған;
- Туристерге өз бетінше тур құрастыру мүмкіндігін беру функциясы
кәсіпорынның сайтында қарастырылуы керек. Алайда, кәсіпорында сайт
болмағандықтан бұл қызметті де ұсына алмайды;
- Кәсіпорынның басқа туристік кәсіпорындарында бар, қазіргі таңда
қолданушылар арасындағы перспективті бағыт-мобильді қосымшасы
40
жоқ. Сәйкесінше өзге кәсіпорындардың мобильді қосымшалар арқылы
жіберіліп отыратын хабарландырулары, науқандары, жеңілдіктері мүлдем
қарастырылмаған.
«Br travel» туристік кәсіпорынының сандық
маркетинг арқылы дамыту
жолдары:
- Telegram әлеуметтік желісінде белсенді болу. Әрбір өзекті турлардың
дайджестін, бағаларын әлеуметтік желіде жариялап отыру;
- Электронды сайт құру. Мысалы
www.brtravel.kz
Бұл атау Instagram
желісіндегі туристік кәсіпорынның атауымен бірдей, сондықтан
туристерге оңай әрі ыңғайлы;
- Сандық маркетинті мобильді жарнамалар арқылы дамыту. Мысалы
мобильді қосымшалар жасау. Әрбір мобильді
қосымша арқылы турға
тапсырыс берген тұтынушыға 5-10% аралығындағы жеңілдік қарастыру
немесе шет елдегі бір күндік гид қызмет сыйлыққа тарту. Осы
қадамдарды жасау барысында көптеген тұтынушыларда, біріншіден
,мобильді қосымшаны көріп білуге деген қызығушылқтары артады.
Екіншіден, сыйлықтар ұйымдастыру арқылы тұтынушыларды сеніміне
оңай кіруге болады;
- Қызмет көрсету деңгейін жақсарту. Әлеуметтік желілерді қазақ және
орыс тілдерінде қатар жүргізу.
«Br travel» кәсіпорынының Instagram әлеуметтік желісін дамытуға біздің
тарапымыздан ұсынатын модель.
«Br travel» кәсіпорынының SMM маман жүргізгеннен
кейінгі Instagram
әлеуметтік желісіндегі сандық маркетинг құралдарын қолдануы талданды
(кесте 9).
Достарыңызбен бөлісу: