XML (Extensible Markup Language, белгілеудің кеңейтілген тілі) World Wide Web Consortium (W3C) консорциумы – HTML тілін жасаушылардың 2000 жылы ұсынған жаңа стандарты болып табылады. Web-парақ жасайтын бұл жаңа технология және оның соңғы ерекшеліктері бүгінгі таңда әлі де әзірлену үстінде. XML құрылымы бойынша гипермәтін тілді емес, төменгі деңгейдегі басқа тілдерді суреттеуге арналған метатілді көрсетеді. Өз кезегінде XHTML (Extensible Hyper Text Markup Language, гипермәтінді белгілеуді кеңейту тілі) XML мен HTML 4.0 арасындағы аралық нұсқаны көрсетеді. Оның W3C кеңінен қолданылуы есебінен, бір стандарттан екіншісіне ақырындап көшіруді жүзеге асыру жоспарланады. XHTM тілін ерекшелендіруге кері сәйкестендіру принципі салынған. Басқа сөзбен айтқанда, HTML 4.0 технологиясы немесе басқа да ертеректегі версиялар бойынша орындалған парақтардың web-сайт иелері, Интернетте жарияланған құжаттардың форматына қандай да бір өзгеріс енгізбейді: себебі, жаңа тілді кеңейту мен барлық толықтырулар алдыңғы стандарттардың барлығын өзіне қосып алған.
XML мен XHTML HTML мүмкіндіктерін әлдеқайда кеңейтеді және web-мастерге қазіргі Интернеттің бар мүмкіншілігін жүз пайызға пайдалануға мүмкіндік тудырады, әсіресе, электрондық коммерция саласында. XHTML электрондық құжаттың модульдік архитектуралық құрылысын көрсететін болғандықтан, бұл стандарт Интернет үшін әдеттен тыс құрылғылармен қарым-қатынасының механизмін жасауға мүмкіндік береді. Ондай құрылғылар: факс, ұялы телефон мен телевизорлар. Талдаушылардың пікірі бойынша жарқын болашақта XML әлемдік желінің негізгі стандарты болады.
ХML ақпараттарды толықтай сипаттайды. ХML оны грамматиканы және т.б тілдерді, құжаттарды жасауда дұрыстығын тексеру және жоғары сапасы болуын қамтамасыз етеді. Команданың авторы ақпараттың және оған байланысты элементтерді көру және құжатты талдау үшін керек. ХML құжатының т.б ерекшелігі мәліметтерді сақтау және оны жіктеу сияқты қасиетке ие.
ХML сонымен қатар, ақпараттардың қатесіз болуын қадағалау және олардың бәріне бірдей стандарт қою үшін қажет. ХML тағы бір ерекшелігі ретке келтіру программалары. ХML құжаттары күрделі емес оны бүгінде еркін пайдаланып барлық программалық өнім ретінде тұтынуға болады. ХML бүгінде Microsoft Internet Explorer 5/0 оның Netcape Comminicator, СУБД Oralce DB-2 MS-Office-те пайдалану қарастырылуда. Бұның барлығы да жақын арада ХML ақпарат алмасу мен ақпарат жүйесінен HTML программасының орнын басады. Web бойынша саяхатты сіз тек статистикалық парақ текстік HTML форматындағы файлдан ала аласыз, Web-серверден сіздің компьютеріңізге жіберіледі. Web жүйесінен және парақты қолмен немесе ақпараттар мәліметтерінен статистикалық парақтарды генерлеуге болады. HTML парақтарының орнын динамикалықта жасауға болады.Ол үшін сіз деректер қорынан ақпараттарды алып браузердің сұранысына жауап береді, сіздің ұсынысыңызбен бірге гипертексте беріледі. Бұндай жағдай үнемі ақпаратты өзгерткенде қажет. Web-сервердің CGI және әр түрлі APT Web-серверінің негізгі протоколы бар. CGI стандартты протокол Web-серверінен браузер арасындағы байланысына әсер етеді. Протокол браузерге мәліметтерді сұраныс жасауға, жіберуге және шығару мен енгізу сияқты командалық парақты пайдаланады. Сервер параққа сұранысты алғанда CGI қатысы бар жағдайда ол сол кезде сіздің компьютеріңізге стандартты программаны шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |