XXI ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үдерісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Қазіргі уақытта есептеу техникасы және әр түрлі ақпараттық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық аймақтарында кең қолданылуда. Электрондық есептеуіш машинасын қолдану адамның жұмыс уақытын үнемді пайдаланудың көптеген артықшылықтары бар [2]. Тәжірибе жүзінде ЭЕМ және түрлі ақпараттық технологиялар қолданылмайтын бірде-бір аймақ жоқ. Есептеу техникасын және ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі артықшылығы – ол уақыт шығынын қысқарту, қате жіберу мүмкіндігін азайту және еңбек процесінің жалпы өнімділігін арттыру.
Ғаламдық ақпараттық-коммуникация технологиясын дамыту үдерісі қазіргі таңда өте өсіңкі, ал оның мүмкіндіктерін қоғам мен экономика үшін жаппай пайдалану енді басталып жатыр. Қазіргі бәсекелестік кезеңде интернет желісінің басты міндеті қажетті серіктестер іздеуде көмек көрсету және онымен қарқынды коммуникациялық байланысты ұйымдастыру үшін өте керекті құрал болып табылады. Соңғы жасалған зерттеулердің қорытындысы интернет-технологияны пайдалану нақты үнемділік пен пайда әкелетінін көрсеттіп отыр.
Қазіргі заманғы интернет әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен араласуға, кез-келген қажетті ақпаратты тез әрі қолайлы түрде іздеп табуға, бүкіл әлемге хабарлағысы келген деректі көпшілік үшін жариялауға мүмкіндік беретін барынша күрделі әрі жоғары технологиялық жүйе болып табылады. Интернеттің көмегімен өзіне қолайлы жұмыс іздеп табуға, таныстар қатарын ұлғайтуға, өзін қызықтыратын тақырыпты талқылауға болады, коммуникациялық барлық шоттарды үйден шықпай-ақ төлеуге, ұялы телефондарға бірлік салуға, әрі интернетте жұмыс жасай отырып, бос уақытты өткізуге ыңғайлы. Қазіргі кезде интернет арқылы ақша табу тәсілдері де аз емес. Желі арқылы қарапайым қызметті жариялап немесе қарапайым тауарларды сатуға және сатып алуға болады. Кейбір тауарларды тек сатып қана қоймай, желі арқылы жеткізуге де болады.
Кез-келген саналы адам халқына қандай да болса пайдасын тигізуге тырысады. Отанымызды қорғаудың, елімізді сүюдің, халықымызға қызмет етудің бастамасы осы елдің әр азаматына қамқорлық жасап, оларға жақсы әлеуметтік жағдай көрсету болады.
Қазіргі кезде халыққа қызмет көрсететін сауда мекемелері көп. Бірақ, заман жаппай компьютерленіп, ақпараттанудыру желі арқылы тиімді болып жатқандықтан, заман ағымына сай жиһаз мекемесіне желі арқылы тарайтын ақпараттық жүйе құру өте маңызды болып тұр. Оның маңыздылығы сол – адамның талғамын кеңейтетін, уақытын ұтымды пайдалануға көмек көрсететін заманға сай ақпаратық жүйе [3]. Бірақ, еліміз жаңа көшке ілініп жатқандықтан мұндай жүйелер жоқтың қасы. Сондықтан жиһаз мекеме ісі үшін ақпараттық жүйе құру өте маңызды жұмыс екендігі талас тудырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |