1 сауда мекемесі үшін ақпараттық ЖҮйе қҰрудың Қазіргі деңгейі 5


WEB ТЕХНОЛОГИЯДА ЖИҺАЗ МЕКЕМЕСІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ



бет10/18
Дата26.06.2024
өлшемі2.72 Mb.
#502794
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
jihaz mekemesinin saityn kuru

2 WEB ТЕХНОЛОГИЯДА ЖИҺАЗ МЕКЕМЕСІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ


Дипломдық жобаның бұл бөлімінде ақпараттық жүйенің құрылымы жә­не оның сипаты қарастырылған. Сондай-ақ, Web-жобасының клиенттік мо­дул­ін әзірлеу мен оның сипаттаммасы, тұтынушыға және администраторға нұс­қаулық келтірілген.

2.1 Ақпараттық жүйенің функционалдық құрылымын жасау


«Даниал жиһаз салонының» web-сайттың функционалдық құрылымы 2.1-суретте көрсе­тілген.



2.1 – сурет. Жиһаз салонының функционалдық құрылымы

Жоғарыдағы сұлбаға қарап, клиент пен администратор бөлімінің қандай қызмет алатындығы және қандай қызметтер көрсететіндігі туралы көруге бола­ды.


2.2 Жиһаз дүкен жүйесінің құрылымы


Жиһаз салоны үшін құрылған ақпараттық жүйе Web-сайттың жалпы құры­лы­мы келесі компоненттерден тұрады:

  1. сайтты басқару бөлім - администратор бөлім;

  2. тұтынушы бөлім;

  3. мәліметтер базасы.




2.2- сурет. Жиһаз дүкенінің құрылымдық схемасы
Басқару бөлімі мен тұтынушы бөлімі бұл парақтар құрып, мәліметтер базасы мен парақтар арасында ақпарат алмасуға мүмкіншілік беретін скриптер жиыны.
Басқару бөлімі – бұл жиһаз дүкенінің параметрлерін күйге келтіру жұмысына жауапты болатын скриптер бөлшегі. Ол мәліметтер базасымен өте тығыз бай­лан­ыста болады және сол мәліметтер базасын күйге келтіруге мүмкіндік береді. Басқару бөлімі сонымен бірге сайттың дизайн жұмыстарын да күйге келтіріп отырады. Басқару бөлімінің ең басты, маңызды жұмысы болып, тұтынушыларға берілетін ақпараттар ағынын әр уақытта жаңалап отыру болып табылады.
Тұтынушы бөлімі – бұл тұтынушыларға көрінетін беттерге жауапты бөлім. Бұл парақтарда тұтынушыға керек ақпараттар және тұтынушыға ұсынылатын өнімдер ту­ралы толық мәліметтер болады. Сонымен қатар тұтынушы бөлімі қоржынмен жұ­мыс­ жасайды. Бұл бөлімнің дизайні клиенттің назарын аударатындай сәнді болу керек.
Жиһаз салонының мәліметтер базасы – бұл осы сайттың ең маңызды бөлігі. Себебі мұнда жиһаз дүкенін құрайтын мәліметтердің барлығы осында сақталады. Мәліметтердің барлығы серверде сақталады, ал ол серверге басқару бөлімі мен клиенттік бөлім дәнекер сұраныстар тілі-MySQL арқылы қарым-қатынас жа­сай­ды.
Жалпы интернет арқылы ақпараттандыратын және сауда жасайтын кез-келген фирмалардың жұмыс істеу тәсілі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, бәрінің мақсаты бір болады. Олардың барлығы да нақты анықталған осындай үш бөлім­нен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет