«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы. 1999 ж. Қазақстанның Демократиялық партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Қазақстанның Либералдық және «Қазақстан-2030» қоғамдық қозғалыстарының бірігуі нәтижесінде «Отан» Республикалық социал-демократиялық партиясы болып құрылған. 2006 ж. «Отан» партиясына «Асар», Қазақстанның азаматтық және аграрлық партиялары қосылды. Партия атауы өзгеріп, «НұрОтан» ХДП-сы деп аталды. 2007 ж. ҚР Конституциясына толықтырулар енгізіліп, «НұрОтан» партиясын Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарды. Төрағаның 1-орынбасары – Мәулен Әшімбаев. Партияның әлеуметтік базасы - мемлекеттік қызметшілер, бизнесмендер, мұғалімдер, дәрігерлер, өнеркәсіп, аграрлық т.б. экономика салаларының өкілдері. Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы, демократиялануы, ұлтаралық келісім бағытын қолдайды. 2016 ж. наурызда өткен парламент мәжілісіне сайлауда партия 82,15% дауыс жинаған. Бүгінде НұрОтан ХДП-сы Қазақстанның басқарушы партиясы болып табылады.
«Ақ жол» демократиялық партиясы. Төрағасы - Азат Перуашев. 2002 ж. құрылды. Өзін оппозициялық партия деп санайды. Құндылықтары: тәуелсіз гүлденген демократиялық еркін Қазақстан. Мүшелері: мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері.
Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) Қазақстанның бұрынғы коммунистік партиясының бөлінуі негізінде құрылып, 2004 ж. тіркеуден өтті. Хатшылары – В.Б.Косарев, Т.Кенжин, Ж.Ахметбеков. 2016 ж. мәжіліс сайлауында партия 7,14% дауыс жинап, парламентке өтті.
Халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл» партиясы 2015 ж. «Патриоттар» партиясы мен «Ауыл» партиясының бірігуі негізінде пайда болды. Төрағасы – Әли Бектаев. Мақсаты – ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау, аграрлық секторға мемлекеттік қолдауды күшейтуге атсалысу, еліміздегі саяси және экономикалық реформаларды жүргізуді тездету, тұрақтылықты баянды ету). Халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл» партиясы 2016 ж. мәжіліс сайлауында 2% дауыс алып, парламентке өте алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |