1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Саяси партиялар: түсінігі, міндеттері мен түрлері



бет9/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

8. Саяси партиялар: түсінігі, міндеттері мен түрлері. Саяси партия – белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, өз мақсаттарын мемлекеттік билік үшін күресу және оны қолдану арқылы жүзеге асыруға тырысатын азаматтардың ерікті түрде ұйымдасқан тобы. «Партия» сөзі латын тілінен шыққан, «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді, яғни қоғамның бір бөлшегі.
Партияның саяси өміріндегі маңызы оның міндеттерінен (функцияларынан) көрінеді: үлкен әлеуметтік топтарды белсенді ету және біріктіру; саяси бағдарламаларды жасау; саяси әлеуметтену және қоғамдық пікірді қалыптастыру; саяси идеология мен қоғамның даму бағдарламасын жасау; саяси элита қатарын толықтыру және көшбасшыны ұсыну (көптеген елдерде үкімет және үкіметтік органдар туралы саяси партиялар мүшелерінен қалыптасады, президенттер, премьер-министрлер билеуші партияны басқарады); сайлау арқылы мемлекеттік билік үшін күресу (негізгі функциясы); билікке келу арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру және биліктің қызметін бақылау; партияның қатарын мүшелермен толықтыру.


Саяси партиялардың түрлері. Саяси партияларды жіктеудің көптеген өлшемдері бар: 1) Партияның ұйымдық құрылымы, мүшелерінің саны, сипатына қарай партиялар кадрлық (нақты саясатшының маңына топтасқан мүше саны аз партия) және бұқаралық (мүшелерінің саны көп, жоғары деңгейде ұйымдасқан, идеологиясы, нақты мүшелері бар) деп бөлінеді; 2) Партияның саяси жүйедегі алатын орнына қарай билеуші және оппозициялық партияларды ажыратады; 3) Партияның күресу әдісіне қарай конституциялық және революциялық партияларды ажыратады; 4) Партияның идеологиялық негіздеріне қарай оңшыл (жеке меншікті сақтайтын күшті мемлекетті жақтаушылар) және солшыл (қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер үшін күресіп, еңбекші халықтың мүддесін қорғаушылар) деп бөледі. 5) Саяси идеологиясына қарай партиялардың негізгі 5 түрін көрсетуге болады: коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы; коммунистік; социал-демократиялық; буржуазиялық-демократиялық (либералдық); консервативтік; фашистік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет