1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


ҚР-ның демографиялық жағдайының жалпы сипаттамасы



бет44/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

43. ҚР-ның демографиялық жағдайының жалпы сипаттамасы. Демография – белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау.
Демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Кеңес Одағы орнаған кезде қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болған. Қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. 1930-жж. ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Екінші дүниежүзілік соғыста 350 мың қазақ (2 млн.-ның) соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді. 1954-1965 жж. жылдары қазақтардың үлесі ең төмен деңгейге жетті (30%). 1989 жылғы халық санағында 16 199,2 мың адам тіркелді. 1989-1999 жылдары Қазақстан халқы 1 246,1 мың адамға кеміген: бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдері, орыстар, украиндар, немістер, кавказ халықтары т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетті. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қалаларында байқалды. Қазақстан халқының саны 2003 ж. 14 862,5 мың адамға жетті.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келді. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруына байланысты бала туу өсті. 2011 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ Орталық барлау басқармасы, Дүниежүзілік банк мәліметтері бойынша 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші бойынша біз бұрынғы КСРО мемлекеттері арасында Тәжікстан мен Қырғызстаннан кейінгі 3-орында тұрмыз.

2011 ж. біздің мемлекеттің экономикалық тұрғыда Орталық Азия елдерінен әлдеқайда озық тұрғанына қарамастан, өлім деңгейі бізде жоғары: Қырғызстан – 6,9, Тәжікстан – 6,49, Түркіменстан – 6,21, Өзбекстан – 5,29, ал Қазақстанда 8,71.

Тұрғындар көп қоныстанған жерлер – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қаласын қоса алғанда). Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар – Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Қызылорда облысы. Қазақстан тұрғындарының 60%-ы қалада тұрады. Қазақтардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы – Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары.

2018 ж. 1 наурыздағы мәліметтер бойынша, Қазақстан тұрғындарының жалпы саны – 18 млн. 195900 адам (63-орын, тығыздығы бойынша 184-орын). Оның ішінде қазақтар – 67,47 %, орыстар – 19,76%, өзбектер – 3,18%, украиндар – 1,53%, ұйғырлар -1,46%, татарлар – 1,11% және т.б.

Қазақстан аумағының көлемі бойынша 9-орында, 1 шаршы шақырымға не бары 6,6 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлемде 184-орында.

Қазақстанның өзіне тән демографиялық ерекшіліктері бар. Ең бастысы – әр түрлі этностардың демографиялық көрсеткіштері әртүрлі. Азиялық этностарда бала туу деңгейі жоғары, ал өлім деңгейі төмен. Еуропалық халықтарда өлім туудан көп.

Қазақстан халқының білімділік индексі мен сауаттылық көрсеткіші жоғары деңгейде. 2015 жылдан бастап Қазақстандағы бала туу саны төмендей бастады, себебі 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс кезіндегі дүниеге келген балалардың репродуктивті жасқа түсуі. Ол кезде бала аз туылды. Сондықтан үкімет бала тууды ынталандыруға мән беруде. Сонымен қатар, шетелдегі қазақтарды көшіріп алып келу қарқынын үдету де маңызды. Соңғы кездері жастар арасында отбасы құндылықтарының төмендеуі де демографияға кері әсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет