1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Ақпараттық қауіпсіздік түсінігі және мазмұны



бет40/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

38. Ақпараттық қауіпсіздік түсінігі және мазмұны. Ақпараттық қауiпсiздiк – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, ол елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі.

Ақпараттық қауіпсіздік мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың: 1) Қазақстанның ақпараттық тәуелді болуына жол бермеуге; 2) басқа мемлекеттердің, ұйымдар мен жекелеген адамдардың тарапынан ақпараттық өктемдік пен оқшаулаудың алдын алуға; 3) ҚР Президентін, Парламентін, Үкіметін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күштерді ақпараттық жағынан оқшаулауға жол бермеуге; 4) ҚР қауіпсіздігін сақтау мақсатында, оның ішінде айрықша кезеңде және табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде байланыс желілерінің үздіксіз және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге; 5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің және өзге де заңмен қорғалатын құпияның таралуы мен жоғалуын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге; 6) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал етуге жол бермеуге; 7) мемлекеттік шешімдер тұжырымдау мен қабылдау процесіне ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, жасырын ақпараттық ықпал ету тетіктерін табуға және бұзуға; 8) мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер айналыста болатын ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және байланыс инфрақұрылымын қорғаудың тиімді жүйесін қолдауға және дамытуға бағытталған шешімдерімен іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.

+Ақпараттық қауіпсіздік, бұл құпиялылық (конфиденциальность) – ақпаратқа тек қана авторизациядан өткен тұтынушылардың қол жетімділігін қамтамасыз ету; тұтастық – ақпараттың шынайылығы, дұрыстығы достоверность мен толықтығын, оны өңдеу әдістерін қамтамасыз ету; қол жетімділік – қажеттілікке қарай авторизациядан өткен тұтынушылардың ақпаратқа және онымен байланысты активтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет