Қорытындылай келе, бұл арқылы жас өскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады. Бүгін алдымызда тұрған келелі мәселе өзіндік пікірі бай, ойлы, сезімді, мейірбан ұрпақ тәрбиелеу десек, бұл тікелей сөз өнерімен байланысты.
Сөздің дыбысытық мәдениетін тәрбиелеудің әдіс
Сөздің дыбысытық мәдениетін тәрбиелеудің әдіс- тәсілдері.
Біздің ана тіліміз қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру,олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым –қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ , сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи қалыптасады да , баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. Кіші жастан ақ баланың тіл үйренуге деген қызығушылығы пайда болады, сөзбен тәжірибе жасай бастайды.
Сөз дамытудың басты мақсаттарының бірі балаларының ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеруі негізінде тілдің дыбыстық сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Дыбыстық сөйлеу мәдениеті кең тарапты түсінік сондықтан ол тілдің фонетикалық және орфоэпиялық жақтан икемділігін , сөйлеу мәнері мен анық дикцияны қамтиды. Дыбыстық сөйлеу ұғымдарына дикция , сөйлеу қарқыны, мәнерлеу құралдары, интонация т. Б сонымен бірге қарым қатынас мәдениеті элементтері жатады. Баланың анық айқын ойын жеткізе алмауы оның келешегіне жағымсыз әсер етеді. Бұл бала тілін мектеп жасына дейін дамытудың маңызды мәселе екендігін көрсетеді.
Сөздің дыбыстық мәдениетін зерттеу мақсаты ;
тіл дамыту сабағында мектепке дейінгі балалар сөзінің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу,
баланың фонематикалық естуімен артикуляциялық аппарат моторикасын жаттықтыру, сөйлеу мәнеріне үйрету.
Бала тілінің орфоэпиялық икемдігін тәрбиелеу, яғни әдеби тіл нормасына сай сөйлеуін жаттықтыру.
Арнайы іріктеп алынған мәтіндер, жаңылтпаштардағы дыбыс, буын, сөздерді, оны айту дағдысын меңгеру.
Буын сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буын бір сүйекпен екінші сүйеккті жалғастыратын аралық.
Сауат ашу арқылы оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілерін талдау. Тиімді оқыту және оқу. Сауат ашу арқылы оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілерін талдау. Тиімді оқыту және оқу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |