Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру. 2,5-3 айға дейін сәбилер ересектердің сөзіне, ойыншықтардың сылдырына елеңдей бастайды. Үш айдан алты айға дейін сәбидің дыбысты айыруы және оған көңіл қоя тыңдауы жетіле түседі. Таныс дауыс оның бірден назарына аударатын болады. Кішкентайлар тобында балалардың есту қабілетін жетілдіру үшін «Кімнің дауысы», «Қайдан естілді?», «Мен не айттым?» т.б. дидактикалық ойындар арқылы жұмыс жүргізуге болады. Топ жоғарылаған сайын жұмыста күрделене түседі. «Кім көп естиді» деген ойын арқылы естіген дыбысын қайталату, дауыс қарқыны, дауыс күшінің қандай дәрежеде екендігін ажыратуға болады.
Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
Бұл міндет бойынша жеке дыбысты айтып үйренген балалар сол дыбыстарды сөз ішінде қатесіз айтуға дағдыланады. Бұл міндетті жүзеге асыруда да дидактикалық ойындар кеңінен пайдаланылады.
Сөз мәнерлілігін меңгерту.
Бұл міндет бойынша сөз сазына, екпін, кідіріс, дауыс күші, сөйлеу нақышы, сөйлеу әуені т.б. мәнерлеп сөйлеудің амал-тәсілдеріне көңіл бөлуі қажет. Әрбір оқылған шығармада осы мәнерлеп сөйлеудің тәсілдері пайдаланылуы тиіс.
Дұрыс тыныс алуға үйрету.
Сөйлер алдында ауаны ішке жұтып содан соң сыртқа шығару арқылы сөйлеу керектігін балаларға түсіндіру қажет
Л.П.Федоренко Сәби сөйлеуге үйренеді. Бұл:
1) сол тілге тән барлық фонемаларды артикулдеуді;
2) дәстүрге сәйкес, яғни орфоэпиянын; ережесі бойынша сөздегі белгілі бір позицияда тұрған дыбыстар мен дыбыстардың үндесуін айтуды;
3) интонацияны жасайтын просодемаларды модулдеуді алдын ала үйренгенде ғана мүмкін болады.
Балаларға ана тілін үйрету тәжірибесінен белгілі болғанындай, балаға ең қиыны жекелеген дыбыстардың артикуляциясын үйрену болып табылады. Егер баланың сөйлеуіндегі кемшілік дыбыс жағында 'болса, онда логопедтер кемшіліктің себебі ең алдымен баланың тілмен, аса маңызды артикуляциялык органмен, дұрыс «жұмыс істеуді» үйрене алмауынан деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |