1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары



Pdf көрінісі
бет26/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
философия сессия

31.Абай философиясы
Абайдың дүние танымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті 
шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен 
ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып 
келеді (қ. Психологиялық көзқарасы, Дінге көзқарасы). Солай бола тұрса да 
ақын құдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп 
есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. 
Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне 
байланысты өлеңдерінің езі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби 
қағидаларына қайшы келеді» (соңда, 142-6.). Абай көз қарасынан антропол. 
принциптерде көрініс тапқан. Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды 
қояды, филос. ойларының көпшілігіңде адам және адамгершілік мәселесіне 
баса көңіл бөледі. 17- 19 ғ-лардағы антропологизм, тіпті, Фейербахтың езі де, 
адамды абстрактылы гүрде, жайғанабиол.тіршілік иесі ретіңде қарастырып, 
оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін табиғи шығу тегіменен ғана 
түсіндірді. Абай адамды табиғаттың бір белігі деп санап, оның имандылық 
қасиеттерін өмір жағдайлары, дәуір қалыптастырады деп есептейді, ал 
объективті дүниенің құбылыстары адам басыңда сәулеленеді де, оның 
психикалық қызметінен көрініс табады. Адам мәселесін Абай әр түрлі: 
филос. , биол.- психол. , эстетик. және әсіресе, этик. көзқарастан қарастырған. 
Абайдың адам туралы негізгі тұжырымдары Чернышевскийдің 
«Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтып 
атын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс бірыңғай 
болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, 
ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, 
қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші сөзіндег. «Жас бала 
анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам 
деп тұрады... Біреуі білсем екен демеулік... Дүниенің көрінген Һәм 
көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны 
болмайды», -дейді ойшыл-ақын. Объективті шындықты тануға деген бұл 
құмарлықты ақын адамның ең жоғарғы талабы деп біледі. Абай адамның 
қасиеті туралы ойын өрістете келіп: «Адам баласы екі нәрсеменен: бірі - тән, 
бірі - жан. Ол екеуі орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, 
қайсысы кәсіби - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, 
ұйықтамақ та соған ұқсайды. Азба, кеппе, білсем екен, көрсем екен деген 
арзу, булардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - булар - кәсіби», - деп атап 
көрсетеді. Қ. Бейсембиев ақынның адам бойындағы туа бітетін «екі бастау» 
туралы тұжырымдарына «Абай дуализмге жол берді» деп есептеді 
(«Қазақстандағы саяси-қоғамдық және философиялық ой тарихының 
очерктері». - А., 1976, 206- б.). Ақиқатында Абай да Чернышевский сияқты 
адам бойындағы заттық және рухани бастауларының бірлігін, адамның 
тұтастығын айқынырақ ашып көрсетуді мақсат етті. Ақын орыс 


ойшылдарының еңбектері мен өз қолына түскен жаратылыстану ғылымының 
деректері негізінде табиғатқа материалистік монизм тұрғысынан қарап, 
адамның «рухани қызметін» оның дене еңбегінен бөліп алу дұрыс емес деп 
есептеді. Ал, бұл бір-біріне тәуелсіз материалистік және идеалистік, жеке 
дара екі бастауды мойындаудан келіп шығатын дуализмге түбірімен қайшы 
нәрсе. Герцен жазғандай дуализмнің ең басты принциптері «... шын мәнісінде 
бөлуге болмайтын нәрсені - мысалға, дене мен рухты -жасанды қарама-
қарсылықтарға бөлу болып табылады, бұл дерексізденулерді бір-біріне 
қастықпен қарсы қою және мызғымастай болып біріккен нәрселерді жасанды 
жолмен өлшеу» (Г е р- ц е н А. И. Тандамапы философиялық шығармапары. -
М. , 1948, т. 2, 113-6.). Абай әлемді тануға болатындығын мойындап, болмыс 
пен сананың шегін ажыратуға болмайтындығын теріске шығарады, бір 
бүтіннің бөлшектері ретінде адам мен табиғаттың тұтастығы туралы айқын 
тұжырымдар жасап, саналы адамның біртұтас табиғаттың үздіксіз дамуының 
нәтижесі екенін дәлелдейді. Әлемнің тұтастығы туралы мәселе философия 
тарихындағы ең күрделі тақырыптардың бірі екені белгілі. Абай мұны сана 
тудырған емес, өзінше объективті өмір сүретін әлемнің материалдық 
тұтастығы, бірлік деп түсінді. «Бір» демеклік... алла тағалаға лайықты 
келмейді. Оның үшін, - деп жазды Абай, - мүмкін аттың (болуы мүмкін 
нәрселер) ішінде не нәрсенің үждуі (бар болу, бар болушылық) бар болса, ол 
бірліктен құтылмайды». Әлемнің материалдық тұтастығы туралы 
тұжырымдарында Абай Чернышевскийдің «Философиядағы 
антропологиялық принцип» деген еңбегінде материалистік философияның 
аса маңызды ережелерін негіздеп берген бағытты одан әрі жалғастырды. 
Абай әлемнің материалдық тұтастығын атап көрсетіп, «қудай жалғыз» деп 
дәлелдейтін діни қағиданы теріске шығара келіп, бұл туралы: «Біз алла 
тағала«бір»дейміз, «бар»дейміз, ол «бір» демеклік...-ақылымызға ұғымның 
бір тиянағы үшін айтылған сөз», - деп жазды. Ол дуалистерге көрісінше 
«езінің өзі жасаушысы және себепкері» болып табылатын табиғаттың ғана 
өмір сүретінін мойындады. «Бұл ғылым құдірет... кезге көрілген, көңілге 
сезілген ғаламды қандай хикметпен жарастырып, қандай құдіретпен 
орналастырған... адам пендесінде ақыл-хүкімші қайрат, қуат қызмет қылушы 
еді. Соған қарап ойлайсың: алла тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс», 
- деп, Абай адамды аллаға теңестіру арқылы объективті шындықтың, яғни, 
табиғаттың өзіне-өзі себеп болатынын, оның барлық заттардың мәні мен 
болмысының себепшісі болып табылатынын, өз болмысы үшін ешқайсысына 
тәуелді еместігін атап көрсетті. Табиғатты «Аллаға» теңеп, құдайға адам 
кейпін бергенде Абай, сөз жоқ, Спиноза мен Фейербах философиясының 
материалистік тұжырымдарын негізге алған. Ойшыл-ақын олардың негізгі 
пікірлерімен ең алдымен Чернышевский шығармалары арқылы танысқан. 
Орыс ойшылы өз еңбектерінде Фейербах ілімінің мәнін жан-жақты баяндап 
қана қоймай, сонымен қатар одан ілгері кетті, ал бірқатар мәселелер 
бойынша оның дүниетанымындағы шектеулілік бағыттарынан асып түсті. 
Фейербах қудай туралы түсініктердің психол. негіздерін ашып, құдай 
идеяларының мазмұны қиялдағы тіршілік иесіне жорамалданған, 


абсолюттендірілген адамның мәні екенін көрсетіп берді. «Қудай дегеніңіз, - 
деп жазды ол, - басқа ештеңе де емес, адамның о бастағы, арман еткен адам: 
құдай қандай болса, адамда сондай болуы керек, сондай болғанын қалайды 
немесе тым құрымаса бір кезде сондай болғанын қалайды» (Ф е й - ербах Л. 
Таңдаулы философиялық шығармалары. - М. , 1955, т. 1, 155-6. ). Фейербах 
табиғат себебін сол табиғаттың өзінен іздеу керек екендігін дәлелдеді. 
«Табиғат... өзіне өзі себепші», - деп қайталады ол Спинозадан соң. «Адамның 
қудай туралы айтқандарының барлығы да іс жүзінде оның өзі жайлы 
айтқандары болып табылады... Адам құдай және сол арқылы тек өзін ғана 
іздейді... Сөйтіп, адамның құдай санап отырған объектісі тек өз қызметі ғана 
болып табылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет