28.Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси,құқықтық көзқарасы.
Қазақ халқының аса көрнекті ағартушыларының бірі Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов. Ол жастайынан қазақ ақындарының өлең-жырлары мен
шешендердің даналық сөздерін, данагөй билердің әңгімелерін тыңдап өсті.
Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына жиі қонаққа келіп
тұрған декабристер де ықпал етті. Олар бәрін білуге құмар жас баланың
бойындағы ғылымға, әдебиет пен өнерге, батыс демократиялық
құндылықтарына деген құштарлықты күшейте түсті. Шоқан жастайынан
халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне ерекше ден қойды. Ол Омбы кадет
корпусындағы алғашқы жылдан бастап шығыс тілдері саласындағы білімін
елеулі түрде тереңдете түсті, қосымша ғылыми және көркем әдебиеттерді көп
оқыды. Шоқан кадет корпусында белгілі ғалым, саяси-қоғам қайраткері Г.Н.
Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Аса көрнекті орыс және шетел
ақындары мен жазушылары А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Н. Гогольдің,
Ч. Диккенстің және басқалардың шығармаларын зор сүйіспеншілікпен
қызыға оқыды. Омбыда болған жылдары ол орыс зиялы қауымының
прогрессивті өкілдерімен танысып, жақын араласты.Уәлихановтың құқықты
зерттеуінде, оның
ішінде қазақтардың әдеттегі құкығын "Сот реформасы жайында жазбада"
(1864) көрсеткеніндей көптеген тұстары ХІХ ғасырдың бірінші
жартысындагы Германияда дамыған тарихи құқық мектебінің,
сондай-ақ Ш.Л. Монтескьенің "Заңдар рухы" атты еңбегінде атап өтілген
халықтар өмірінің әр жақты жағдайымен байланысты заңдар идеясына
жақын. Уәлихановка әдістемелік жағынан жақыны Д.С. Миллдің шексіз және
әлеуметтік көрініс әсерінің сіңісуі идеясы. "Барлық қоғамдық құбы лыстың
шығуы, деп жазды Д.С. Милль, бір ора сан "зандардың қозғалуын"
корсетеді.Біз, егер де қоғамдағы өмірдің барлық қырын танып білмесек, оны
төжірибе жүзінде бір қарым- қатынастағы бағытқа бағыттай алмасақ, оның
тео риясын ешкашанда да түсініп біле алмаймыз.
|