1-сұрақ. Қылмыстық процестік заңның қайнар көздері


-сұрақ. Процессуалдық мерзімдер және шағым беру мерзімдері



бет16/22
Дата08.12.2022
өлшемі96.89 Kb.
#466788
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
РУБЕЖКА ОТВЕТ ЮР-31

15-сұрақ. Процессуалдық мерзімдер және шағым беру мерзімдері
Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе соттың әрекеттерiне және шешiмдерiне шағымдар сотқа дейінгі бүкіл тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында берілуі мүмкін. Қылмыстық істі сотқа дейінгі сатыда тоқтату туралы шешімге шағымдар қылмыстық қудалау органының тиісті қаулысы шығарылған не оны прокурор бекіткен кезден бастап бір жыл ішінде берілуі мүмкін. Бiрiншi, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттар шығарған сот актілеріне шағымдар осы Кодексте белгiленген мерзiмдерде берiледi.
17-сұрақ.Процеске қатысушы деп тануды талап ету құқығы
1. Қылмыстық процестiң қатысушысы болып табылмайтын адамдардың осы Кодексте көзделген негiздер болған кезде, өздерін күдіктілер, жәбiрленушiлер, жекеше айыптаушылар, азаматтық талапкерлер, азаматтық жауапкерлер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi деп тануды талап етуге құқығы бар. Көрсетілген адамдардың арыздарын (өтiнiшхаттарын) қылмыстық процестi жүргізетін орган оларды алған кезден бастап үш тәулiктен кешiктiрмей қарауға тиiс. Қабылданған шешiм туралы арыз иесі дереу хабардар етіледі, оған тиiстi қаулының көшiрмесi жiберiледі.
2. Арыз иесі өз өтiнiшхатын қанағаттандырудан бас тартылуына немесе оны шешудiң кейiнге қалдырылуына тиiстi қаулының көшiрмесiн алғаннан кейiн бес тәулiктiң iшiнде прокурорға, сотқа шағым жасауға құқылы. Егер қаулының көшiрмесi шағым берiлген кезден бастап он тәулiктiң iшiнде алынбаса, арыз иесі осы әрекетсіздікке сотқа шағым жасауға немесе өзін процеске қатысушы деп тану туралы арызбен прокурорға өтініш жасауға құқылы.
Егер қайтыс болған немесе қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан өз еркiн саналы түрде бiлдiру қабiлетiн жоғалтқан адамның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) оның құқықтық мирасқоры болғысы келсе, өзiн жәбiрленушi деп тануды талап ете алады. Көрсетілген өтінішхатты қылмыстық процестi жүргізетін орган осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен қарайды.
18-сұрақ.Сот құрамы түсінігі жіктелуі.
1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру туралы, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар туралы, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша айыпталушының өтінішхаты бойынша істерді қарауды бір судья және он алқаби құрамында жүзеге асырылады.
2. Ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау құрамында алқаның кемінде үш судьясы болатын алқалы түрде жүзеге асырылады, ал қысқартылған тәртіппен немесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралған қылмыстық терiс қылықтар және онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша, үкімді орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына, тергеу судьясының қаулыларына берілген шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.
Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде көрсетілген істерді алқалы түрде қарау кезінде оған сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасының міндеттерін атқаруды жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді.
Егер апелляциялық алқаның төрағасы осы Кодекстің 87-бабында көзделген негіздер бойынша немесе өзге де мән-жайлардың болуына байланысты істі апелляциялық сатыда қарауға қатыса алмаса, онда оның тапсырмасы бойынша осы істі алқалы қарау кезінде алқа судьяларының бірі төрағалық етеді.
3. Кассациялық сатыдағы сотта iстердi қарау алқалы сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьяларының тақ санды (кемінде үш) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.
4. Осы Кодекстің 484-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша істерді қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен судьялардың тақ санды (кемінде жеті) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.
5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстің 504-бабында көзделген қағидаларға сәйкес айқындалады.
6. Үкімді орындау және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.
7. Бір алқада судьялардың саны олардың істі қарауға қатысуға кедергі болатын мән-жайларға байланысты істі алқалы түрде қарауды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісінше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және оған теңестірілген соттың төрағалары істі қарауға қатысуға басқа алқаның судьяларын тартуға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет