1-сұрақ. Қылмыстық процестік заңның қайнар көздері


-сұрақ. Қылмыстық процестік заңның қағидаттары



бет2/22
Дата08.12.2022
өлшемі96.89 Kb.
#466788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
РУБЕЖКА ОТВЕТ ЮР-31

2-сұрақ. Қылмыстық процестік заңның қағидаттары
10-бап. Заңдылық
1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
2. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетедi деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауға мiндеттi.
3. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде соттың, қылмыстық қудалау органдарының заңды бұзуына жол берiлмейдi және ол заңда белгiленген жауаптылыққа, заңсыз актiлердi жарамсыз деп тануға және олардың күшiн жоюға әкеп соғады.
11-бап. Сот төрелігiн соттың ғана жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот төрелігiн сот қана жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiн кiмнiң де болса иемденіп алуы заңда көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Соттың үкiмінсіз және заңға сәйкес емес түрде ешкiмді де қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тануға, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартуға болмайды.
3. Соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шектерi, қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңда айқындалады және оны өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қылмыстық iстердi қарау үшiн қандай атаумен болсын төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкiмдерi мен басқа да шешiмдерiнiң заңдық күшi болмайды және олар орындалуға жатпайды.
4. Өзінің соттылығына жатпайтын iс бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыратын, өз өкiлеттiктерiн асыра қолданған немесе осы Кодексте көзделген қылмыстық процесс қағидаттарын өзгедей түрде бұзған соттың үкiмi мен басқа да шешiмдерi заңсыз болады және олардың күшi жойылуға жатады.
5. Соттың қылмыстық iс бойынша үкiмi мен басқа да шешiмдерiн тиiстi соттар ғана осы Кодексте көзделген тәртiппен тексере алады және қайта қарай алады.
12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау
1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.
2. Ешкiмнің өзі үшін заңмен көзделген соттылығы оның келісімінсіз өзгертiле алмайды.
3. Мемлекет заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен әркімнің сот төрелігiне қол жеткізуін және оған келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет