1-сұрақ. Қылмыстық процестік заңның қайнар көздері


-сұрақ.Процессуалдық мерзімдерді есептеу



бет10/22
Дата08.12.2022
өлшемі96.89 Kb.
#466788
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
РУБЕЖКА ОТВЕТ ЮР-31

6-сұрақ.Процессуалдық мерзімдерді есептеу
48-бап. Мерзiмдердi есептеу
1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу, күзетпен ұстау, үйқамақ және медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыстан тыс уақыт та кiредi.
4. Тәуліктермен есептелетін мерзім оның соңғы тәуліктерінің жиырма төрт сағатында бітеді. Айлармен есептелетін мерзім оның соңғы айының тиісті айы мен күнінде бітеді. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Жылдармен есептелетін мерзім оның соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Ұстап алу, күзетпен, ұстау, үйқамақ және медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу кезіндегі мерзімдерді есептеу жағдайларын қоспағанда, мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.
5. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдiк бойынша ұстап алған кезде мерзiм осы шара нақты қолданылған кезден (минутына дейін дәлдікпен сағаттан) бастап есептеледi. Күзетпен ұстау, үйқамақ, сондай-ақ медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу мерзімдерін есептеу кезінде мерзімнің бірінші тәулігі мерзімге қосылады.
7-сұрақ. Қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1. Судья, тергеу судьясы, алқаби, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы, сол сияқты олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстары мемлекеттiң қорғауында болады.
2. 95-баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған адамдарға мемлекет сотта қылмыстық iстердi немесе материалдарды қарауға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуге байланысты олардың өмiрiне қолсұғушылыққа немесе өзге де күш қолдануға қарсы қауiпсiздік шараларын қолдануды заңда көзделген тәртiппен қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет