Машинада әжелерге орын береді.
А) Ашық. В) Тұйық. С) Бітеу. Д) Бірыңғай. Е) Аралас.
14. Үш буынды сөзді табыңыз.
А) Көйлек. В) Уақыт. С) Дауылпаздай. Д) Әділет. Е) Тыйым.
15. Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.
А) Халық . В) Ата. С) Ән. Д) Үкі. Е) Маса.
16. Ашық буынды сөзді табыңыз.
А) Ынтық . В) Тіле. С) Бірлік. Д) Күш. Шындық .
17.Соңғы буыны бітеу үш буынды сөзді табыңыз.
А) Әке. В) Ақылдылық . С) Керемет. Д) Жан.
18. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Ант. В) Жоқ. С) Баспана. Д) Анар. Е) Бұрғы.
19. Екі буыны да ашық сөзді көрсетіңіз.
А) Әке. В) Ақылдылық . С) Жан. Д) Бастық . Е) Керемет.
20. Тұйық буыны бар сөзді табыңыз.
А) Халық . В) Қазақ . С) Арман. Д) Ғылым. Е) Адам.
21. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Өң, аса, тым. В) Ақ, ет, от. С) Әсем, мысал, көп. Д) Әл, тай, көр. Е) Ет, жет, ас.
22. Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.
А) Қасқыр. В) Құмырсқа. С) Қарға. Д) Қарағай. Е) Қаршыға.
23.Ашық буынды күрделі сөзді табыңыз.
А) Қалада. В) Бүге-шіге. С) Он бірінші. Д) Үш машина. Е) Отбасы.
24.Бір буынды сөзді табыңыз.
А) Қанат. В) Сезім. С) Адам. Д) Орман. Е) Қант.
25.Тұйық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Қант, бұлт. В) Сөз, қамал. С) Ас, ұн. Д) Қол, бас. Е) Ағаш, сезім.
Үндестік заңы.
1- нұсқа.
1. Буын үндестігін құрайтын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Жуан, жіңішке. В) Ұяң, қатаң. С) Қатаң, жуан. Д) Үнді, ұяң. Е) Дауыссыз, қатаң.
2. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Іскер В) Қайраткер С) Қолғанат Д) Қуанышты Е) Саяхат
3. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
А) Орман. В) Өнер. С) Жазушы. Д) Мектептер. Е) Қолөнер.
4. Буын үндестігіне қарай жалғанатын қатаңнан басталатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.
А) –мен, -пен В) –ның, -нің С) –сыз, -сіз Д) –мын, -мін Е) –тар, -тер
5. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.
А) Оқушы. В) Орман. С) Ғарышкер. Д) Мектеп. Е) Дәптер.
6. Буын үндестігіне бағынбай тұрған біріккен сөздерді табыңыз.
А) Бірсігүні, ендігәрі. В) Сарыарқа, Талдықорған. С) Ақсуат, Сарысу. Д) Көкшетау, Екібастұз. Е) Халықаралық, өнеркәсіп.
7. Буынның жуан, жіңішкелігіне қарай болатын үндестікті көрсетіңіз.
А)Үндестік заңы. В)Кейінді ықпал. С) Буын үндестігі. Д) Ілгерінді ықпал. Е) Дыбыс үндестігі.
8. Үндестік заңындағы үндестіктің атауларын көрсетіңіз.
А) Буын үндестігі, дыбыс үндестігі В) Үндеу, дауыстау С) Ашақ буын, бітеу буын, тұйық буын Д) Дауысты, дауыссыз дыбыстар Е) Тасымал, екпін
9. Буын үндестігі заңы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) Жауынгер В) Кәсіпорын С) Отбасы Д) Мұғалім Е) Кітап
10. Үндестік заңы нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
А) 4 В) 2 С) 5 Д) 3 Е) 6
11. Буын үндестігіне қарай жалғанатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.
А) –тан, -ден В) –қа, -ке С) –ған, -ген Д) –нікі, -дікі, -тікі Е) –дар, -дер
12. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.
А) Атақты. В) Жарыс. С) Жеңімпаз. Д) Арман. Е) Жүйрік.
13. Буын үндестігі бойынша жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) ағартушы В) ғалым, батыр С) сыншы, шаңырақ Д) теңіз, ұйым Е) билік, әділдік
14. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) күзен В) жыртқыш С) ақбөкен Д) тоқылдақ Е) құр
15. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Біраз. В) Табиғат. С) Көжек. Д) Жылқышы. Е) Қонжық.
16. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
А) Үйге В) Балалар С) Талапты Д) Ағаштікі Е) Мектепте
17. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Қаламгер, баламен. В) Қаламдар, қыздар. С) Жазушы, суретші. Д) Көлдер, өзендер.
Е) Тауды, ұшқыш.
18. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді табыңыз.
А) бақытты, өнерлі В) сауатсыз, кешірімді С) суретші, үйлер Д) ұстаздан, өмірде Е) таудікі, даланікі, жұрттікі
19. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді белгілеңіз.
А) Арманды. В) Ертеңгіміз. С) Үшінші. Д) Қарашашпен. Е) Балаға.
20. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
А) –лар. В) –кеш. С) –ым. Д) –лық . Е) –шы.
21. Буын үндестігін тағы қалай атауға болады, табыңыз.
А) Орфография. В) Орфоэпия. С) Дыбыс үндестігі. Д) Сингармонизм. Е) Ассимиляция.
22. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Кәсіпорын. В) Табыс. С) Бөлінгіш. Д) Қарыздар. Е) Алатау.
23. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз.
А) Көкқұтан. В) Қосаяқ . С) Жолбарыс. Д) Тасбақа. Е) Қарақұрт.
24. Үндестік заңына бағынатын қосымшаны табыңыз.
А) –мен. В) –ды. С) –паз. Д) –хана. Е) –кер.
25.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.
А) Қосаяқ . В) Түйеқұс. С) Асқазан. Д) Тасбақа. Е) Атжалман. Сырымның үш қасиеті
Бір топ жолаушы Сырымды іздеп келе жатса, алдарынан әйел шығады. Олар жөн сұрасады. Әйел жолаушылардың Сырымға бара жатқанын біледі. Әйел жолаушыларға беріп жіберетін аманаты бар екенін айтып, сон ы Сырымға жеткізуді өтінеді.
- Ол не аманат, жеңіл ме, ауыр ма? - деп сұрайды жолаушылар.
- Қадірін білсеңіз, жеңіл де емес, алып жүруге ауыр да емес,- дейді де, әйел басындағы орамалын шешіп, бір тал шашты төбесінен, бір тал шашты желкесінен, бір тал шашты маңдайынан жұлып алып, жолаушыларға береді. Содан кейін оң жақ қолтығынан бір жапырақ шүберек жыртып береді. Тезек теріп жүрген қабының бір бұрышын жыртып алып, оны да Сырымға жеткізуін өтінді. Жолаушылар “Мұны кім берді деп айтамыз!” - дегенде, әйел: “Сырымның өзі біледі”, - деп жауап қайтарады. Жолаушылар Сырым аулына келіп, болған мән-жайды айтып, аманатын тапсырады.
- Сендер мұны не деп шештіңдер? - дейді Сырым.
Жолаушылар:
- Шеше алмадық, - дейді.
- Бұл әйел Байбақты баласы көрінеді, елден ерте кеткен екен. Желкеден шаш алғаны - туған жерім, туысқан елім артымда қалды дегені. Төбеден шаш алғаны - содан бері мына бастан бірталай уақыт өтті дегені. Маңдайынан шаш алғаны - әлі жаспын, өмірден үмітім бар дегені. Көйлектің оң жақ қолтығынан шүберек жыртып бергені - қолтықта бауыр бар. Мен сенің бауырыңмын дегені. Байбақтының баласы екенін осыдан білдім. Қаптың бұрышын бергені - үйге тезекпен кіріп, күлмен шығып, күң болып жүрмін дегені, - дейді Сырым.
Біраз күн өткен соң, Сырым әйелдің аулына келеді. Мұндағылар қонақты жақсы қарсы алады. Ертеңіне ауылдың бір үлкен ақсақалы:
- Не жұмыспен келдің? - деп сұрайды.
Сонда Сырым:
- Саған арзан, маған қымбат, сенің қолыңда менің бір сүйегім - қарындасым жүр екен. Пұлын алып бересің бе, құнын алып бересің бе? -дейді.
- Бұрын сен ол қарындасыңды көріп пе едің? - дейді ақсақал.
- Жоқ, көргенім жоқ,- дейді Сырым.
Сонда ақсақал:
- Бір түсті киінген қырық әйел, қырық еркек қарама-қарсы жүреді. Сол уақытта бір-біріңді танысаңдар, бірге ауылдарыңа қайтыңдар. Танымасаңдар, ол осында қалады, - дейді.
Сөйтіп, қырық еркек пен қырық әйел қарама-қарсы жүргенде, көп әйелдің ортасында келе жатқан Байбақтының қызы қасындағы әйелдің құлағына:
- Анау қырық адамды бастап, қырық бірінші болып келе жатқан менің ағам Сырым, - деп сыбырлайды. Сырым да Байбақты қызын тани кетеді. Сонда ақсақал:
- Бір-біріңді қалай таныдыңдар? - деп сұрағанда Сырым:
- Қырық әйелдің отыз тоғызы өтіп бара жатқан еркектің бәрінің бетіне қарап, санап шықты. Ал мына әйел қатарынан асып кеткенше, менен көзін аудармады. Содан таптым, - дейді.
Ақсақал әйелден:
- Сырымды қалай таныдың? - деп сұрағанда ол:
- Сырымда ерекше үш қасиет бар: біріншісі - батырға біткен тұлғасы, екіншісі - өжет мінезі, үшіншісі - асқан даналығы бар деп еститін едім. Сырым маған толық денелі, кең кеуделі, шалқақ төсті, жолбарыс бетті болып көрінеді. Басы да елден ерек, торсық шекелі екен. Ағамды осыдан
Морфология
Зат есім
1-нұсқа
1. Жалпы есімді табыңыз.
А) Балқаш. В) Сырдария. С) Бетпақдала. Д) Тау. Е) Жамбыл.
2. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
А) Еңбекті. В) Еңбекші. С) Еңбекпен. Д) Еңбегің. Е)Еңбектен.
3. Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.
А) Сөйлем. В) Қолға. С) Мектеп. Д) Әке. Е) Кеңесші.
4. Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.
А)Септік жалғау В)Көптік жалғау. С)Жіктік жалғау. Д)Тәуелдік жалғау. Е)Жұрнақ.
5. Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз.
А) Гүлдер. В) Өлең. С) Өтірік. Д) Шын. Е) Есік.
6. Синонимдік қатар құрайтын зат есімді табыңыз.
А) Суретші, сурет. В) Әдемі, сұлу. С)Жоғары, төмен. Д)Дәстүр, салт. Е)Ем,дәрі.
7. Туынды зат есімді табыңыз.
А) Дүкен. В) Жерде. С) Айна. Д) Жазушы. Е) Ән.
8. Керекті зат есімді табыңыз.
Мен дүкеннен жаңа ... сатып алдым.
А) Сабақ. В) Үй. С) Көйлек. Д) Дәптерде. Е) Қаламның.
9. Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.
А) Алакөл маңы. В) Ердің анасы-елі. С) «Балдырған» журналы. Д) Қазақстан Республикасы. Е) Есіл өзені.
10. Киім тігумен айналысатын адамды белгілеңіз.
А) Тігінші. В) Ұста. С) Хатшы. Д) Басшы. Е) Мұғалім.
11. Туынды сөзді табыңыз.
А) Аң. В) Жұмыскер. С) Жол. Д) Оқ. Е) Ас.
12. Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз.
А) Басқа. В) Аяғым. С) Кеудеден. Д) Қолдың. Е) Көзді.
13. Негізгі зат есімді анықтаңыз.
А) Адам. В) Қойшы. С) Бұрғы. Д) Жақсылық. Е) Білім.
14. Дерексіз зат есімді табыңыз.
А)Тұңғыш президент. В)Атақты ғалым. С)Алғашқы махабат. Д)Алғашқы ұстаз. Е)Жақсы адам
15. Күрделі жалқы есімді табыңыз.
А) Астана. В) Жомарт. С) Тараз. Д) Абай. Е) Қартқожа.
16. Туынды сөзді табыңыз.
А) Оқушы. В) Қол. С) Ана. Д) Ас. Е) Аға.
17.Кім? деген сұрақ қай сөзге қойылатынын табыңыз.
А) Үй. В) Алма. С) Бала. Д) Қоян. Е) Гүл.
18. Түбір сөзді табыңыз.
А) Бұрғы. В) Ойыншық. С) Ауыл. Д) Атадан. Е) Егін.
19. Жер-су аттарына қатысты жалқы есімді табыңыз.
А) Төле би. В) Асанқайғы. С) «Ботагөз» Д) Ақтөбе. Е) «Астана хабары»
20. Заттық ұғымды білдіретін сөз табын табыңыз.
А) Сан есім. В) Есімдік. С) Зат есім. Д) Сын есім. Етістік.
Алғашқы газеттер
Қазақ тарихындағы ең алғашқы газет — «Түркiстан уәлаяты». Ол 1870-1882 жылдары Ташкент қаласында шыққан. Одан кейін «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттері шыққан. Қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» 1911 — 1915 жылдары жарық көрген. 1913 жылы қазақ тілінде 11 газет шығып отырған. Газеттерде сол кездегі қазақтың зиялылары қызмет еткен. Саясат, дін, әдебиет пен мәдениет мәселелері осы газеттерде өз көрінісін тапқан. Кейде белгілі, кейде белгісіз себептермен газеттер жабылған. «Айқап» журналы «Ай, қап!» деген екі сөзден құралған, яғни, өкіну мағынасын береді. Уақыт өтіп, білім мен ғылымнан артта қалып «Ай, қап!» деп өкініп қалмайық деген мақсатты ұстанған журнал да осылай аталған. Ол кезде қалың бұқара жазу-сызуды білмегенмен, көкірек көзі ашық азаматтар ел қамын, ұлт болашағын ойлап, елді білімге шақырған. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдарының бастауы, алғашқы қадамдарын біз осы газет пен журналдардан көреміз.
21.Ең бірінші қазақ газеті не деп аталған?
A) «Дала уәлаяты»
B) «Қазақ»
C) «Айқап»
D) «Түркістан уәлаяты»
E) «Қазақстан»
22. «Айқап» журналының атауы қандай мағына береді?
A) реніш B) өкіну C) қуаныш D) қайғы E) үрей
23. Ең алғашқы газет қай қалада шыққан?
A) Жамбыл B) Ташкент C) Омбы D) Орынбор E) Қазан
24. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.
A) 1913 жылы қазақ тілінде неше газет шығып отырғаны туралы дерек бар.
B) Алғашқы қазақ газеттері туралы айтылған.
C) Алғашқы басылымдарда көтерілген мәселелер айтылған.
D) «Айқап» журналының атауы туралы айтылған.
E) Газеттердің жабылып қалу себептері нақтылап көрсетілген.
25. Мәтінге қай тақырып сай келеді?
A) Бұқаралық ақпарат құралдары
B) «Айқап» журналы
C) Алғашқы қазақ газеттері
D) ХХ ғасырдағы қазақ газеттері
E) Газеттер мен журналдар
Зат есім
2-нұсқа
1. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы есімді көрсетіңіз.
А) Абай, Балбырауын. В) Іле, Лепсі. С) Амангелді,Ақбота. Д) Қарағанды, Жетісу. Е) Балқаш, Зайсан.
2. Негізгі зат есімді табыңыз.
А) Егін. В) Балықшы. С) Әке. Д) Кітапхана. Е) Бұрғы.
3. Шығыс септігіндегі зат есімді табыңыз.
А) Сабақтар. В) Табысқа. С) Дәрігерден. Д) Гүлді. Е) Оқушының.
4.Түбір сөздер қатарын табыңыз.
А) Күйші, биші. В) Қалқатай, шырағым. С) Іні, аға, көке. Д)Әнші, суретші. Е)Анашым, әкетай.
5. Асыл тастармен жұмыс істейтін адамды белгілеңіз.
А) Ұста В) Зергер С) Дәрігер Д) Мүсінші Е) Ұстаз
6. Ілік септігіндегі зат есімді табыңыз.
А) Түлкі. В) Радиодан. С) Иттер. Д) Терезенің. Е) Ағашқа.
7. Әкеңнің шешесі сізге кім болатынын анықтаңыз.
А) Әпке. В) Тәте. С) Туыс. Д) Нағашы әже. Е) Әже.
8. Жануарлардың ұйқыға кететін мезгілін көрсетіңіз.
А) Күз. В) Көктем. С) Жаз. Д) Қыркүйек. Е) Қыс.
9. Үй ішіне қатысты сөздерді табыңыз.
А) Қабырға, төбе, есік В) Тұлпар, күн сәулесі С) Дәптер, кітап, сызғыш Д) Емен, қайың, шырша Е) Бөлме, қабат, терезе
10. Қыстың өзіне тән белгісін атаңыз.
А) Жауын. В) Жел. С) Шөп. Д) Жаңбыр. Е) Қар.
11. Анаңның анасы сізге кім болатынын анықтаңыз.
А) Тәте В) Апа С) Әке Д) Нағашы әже Әпке
12. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Көл. В) Құс. С) Көлшік. Д) Төсек. Е) Қой.
13. Жаз айын белгілеңіз.
А) Маусым В) Ақпан С) Қыркүйек Д) Қазан Е) Мамыр
14. Қай түбір сөзге қосымша дұрыс жалғанғанын көрсетіңіз.
А) Күйшы. В) Қобызші. С) Домбырагер. Д) Биші. Е) Сауынші.
15. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Дәптерлер. В) Сыныбым. С) Оқулық. Д) Жүр. Е) Сен.
16. Отбасы тақырыбына жатпайтын сөздер.
А) Әке. В) Апа. С) Қол. Д) Қарындас. Е) Шеше.
17. Түбір сөзді табыңыз.
А) Асхана. В) Түн. С) Қалада. Д) Көрсеткіш. Е) Түндік.
18. Қыс айларын анықтаңыз.
А) Қаңтар, ақпан. В) Маусым, шілде. С) Қазан, тамыз. Д) Наурыз, сәуір. Е) Мамыр, қыркүйек.
19. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Таулар. В) Доп. С) Ала-құла. Д) Аурухана. Е) Қара.
20. Түбірлес сөздерді табыңыз.
А) Тал, қамқор. В) Құлыншақ, бота. С) Жұмыс, жұмыскер. Д) Зат, доп. Е) Қалам, бақша.
Алғашқы газеттер
Қазақ тарихындағы ең алғашқы газет — «Түркiстан уәлаяты». Ол 1870-1882 жылдары Ташкент қаласында шыққан. Одан кейін «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттері шыққан. Қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» 1911 — 1915 жылдары жарық көрген. 1913 жылы қазақ тілінде 11 газет шығып отырған. Газеттерде сол кездегі қазақтың зиялылары қызмет еткен. Саясат, дін, әдебиет пен мәдениет мәселелері осы газеттерде өз көрінісін тапқан. Кейде белгілі, кейде белгісіз себептермен газеттер жабылған. «Айқап» журналы «Ай, қап!» деген екі сөзден құралған, яғни, өкіну мағынасын береді. Уақыт өтіп, білім мен ғылымнан артта қалып «Ай, қап!» деп өкініп қалмайық деген мақсатты ұстанған журнал да осылай аталған. Ол кезде қалың бұқара жазу-сызуды білмегенмен, көкірек көзі ашық азаматтар ел қамын, ұлт болашағын ойлап, елді білімге шақырған. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдарының бастауы, алғашқы қадамдарын біз осы газет пен журналдардан көреміз.21. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
21.Ең бірінші қазақ журналы не деп аталған?
A) «Қазақстан» B) «Дала уәлаяты»
C) «Қазақ» D) «Айқап»
E) «Түркістан уәлаяты»
22. «Айқап» журналы қашан шықты?
A) 1910-1913 B) 1911-1914
C) 1911-1915 D) 1910-1915
E) 1911-1916
23. Ең алғашқы қазақ газеті қай жылы шыққан?
A) 1870 B) 1871 C) 1872 D) 1873 E) 1874
24. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.
A) Қазақ зиялылары қызмет еткен. В) «Ай, қап» деп өкініп қалмайық.
C) Қалың бұқара жазу-сызуды білмеген. D) Қалың бұқара жазу-сызуды жақсы білген.
E) Білім мен ғылымнан артта қалып.
25. Алғашқы қазақ басылымдарында кімдер қызмет еткен?
A) бай балалары B) сол кездегі әкімдер C) сол кездегі ақындар
D) сол кездегі қазақ зиялылары E) орыс тілін білгендер
Зат есім.
3-нұсқа.
1. Туынды зат есімді табыңыз.
А) Сушы. В) Үйді. С) Көлдің. Д) Кітапқа. Е) Бала.
2. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Елім. В) Елдік. С) Елмен. Д) Елде. Е) Еліміздің.
3.Септік жалғаулы зат есімді анықтаңыз.
А) Жердің. В) Аналар. С) Мапқсатым. Д) Оқытушымын. Е) Даласы.
4. Туынды түбірді табыңыз.
А) Жапырақ. В) Бөлім. С) Мектеп. Д) Арыстан. Е) Мәдениет.
5. «Бала» сөзіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.
А) –шы. В) –лық . С) –тың. Д) –лік. Е) –ші.
6. Күрделі зат есімді табыңыз.
А) Балалар, оқушы, қыз. В) Отбасы, саяжай, белбеу. С) Қызыл, жасыл, көк. Д) Ешкім, ештеңе, әлдекім. Е) қыс, жаз, күз.
7. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол. В) Тазалық. С) Сынып. Д) Жаңа. Е) Бол.
8. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Мемлекетте. В) Мемлекеті. С) Мемлекеттік. Д) Мемлекеттің. Е) Мемлекетім.
9. Жалқы есімді көрсетіңіз.
А) Абай. В) Білгіш. С) Орман. Д) Оқушы. Е) Кітап.
10. Оқу құралдарын табыңыз.
А) Қалам, сызғыш, кітап, дәптер. В) Есік, тақта, шкаф, қабырға. С) Еден, терезе, желдеткіш.
Д) Ағаш, шөп, жапырақ , гүл. Е) Асық , ойыншық , шаңғы, доп.
11. Түбірлес сөздер тобын табыңыз.
А) Күрес, тартыс, арпалыс. В) Үнемді, тиімді, пайдалы. С) Сұлу, әдемі, көркем.
Д) Паналау, панасыз, пана. Е) Тіршілік, орталау, улы.
12. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз.
А) Белдік. В) Сағат. С) Білім. Д) Кітап. Е) Қызметкер.
13. Негізгі зат есімді белгілеңіз.
А) Қолбасшы. В) Әуежай. С) Қолғап. Д) Тілші. Е) Дәптер.
14. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді табыңыз.
А) Дәптердің . В) Дәріге. С) Қаламмен. Д) Балалық . Е) Үйлер.
15. Жұрнақ жалғанған сөзді анықтаңыз.
А) Балалар. В) Оқушылар. С) Мұғалімге. Д) Ақкөңіл. Е) Сабыр.
16. Деректі жалпы есімді көрсетіңіз.
А) Жел. В) Өмір. С) Ағаш. Д) Көңіл. Е) Ауа.
17. Жалқы есімді табыңыз.
А) Қарлыға. В) Дуадақ. С) Қарға. Д) Сауысқан. Е) Тауық .
18. Негізгі зат есімді анықтаңыз.
А) Білім. В) Жақсылық . С) Адам. Д) Қойшы. Е) Бұрғы.
19. Зат есімді көрсетіңіз.
А) Өлең айт. В) Осында. С) Әдемі. Д) Жыл. Е) Сұр.
20.Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің қатарын анықтаңыз.
А) Сағат, мектеп, қалам. В) Кеше, бүгін, ертең. С) Әдемі, жақсы, таза. Д) Оқушы, сатушы, биші. Е) Бес, он бес, сегіз.
Алғашқы газеттер
Қазақ тарихындағы ең алғашқы газет — «Түркiстан уәлаяты». Ол 1870-1882 жылдары Ташкент қаласында шыққан. Одан кейін «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттері шыққан. Қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» 1911 — 1915 жылдары жарық көрген. 1913 жылы қазақ тілінде 11 газет шығып отырған. Газеттерде сол кездегі қазақтың зиялылары қызмет еткен. Саясат, дін, әдебиет пен мәдениет мәселелері осы газеттерде өз көрінісін тапқан. Кейде белгілі, кейде белгісіз себептермен газеттер жабылған. «Айқап» журналы «Ай, қап!» деген екі сөзден құралған, яғни, өкіну мағынасын береді. Уақыт өтіп, білім мен ғылымнан артта қалып «Ай, қап!» деп өкініп қалмайық деген мақсатты ұстанған журнал да осылай аталған. Ол кезде қалың бұқара жазу-сызуды білмегенмен, көкірек көзі ашық азаматтар ел қамын, ұлт болашағын ойлап, елді білімге шақырған. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдарының бастауы, алғашқы қадамдарын біз осы газет пен журналдардан көреміз.21. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
21.Ең бірінші қазақ журналы не деп аталған?
A) «Қазақстан» B) «Дала уәлаяты»
C) «Қазақ» D) «Айқап»
E) «Түркістан уәлаяты»
22. «Айқап» журналы қашан шықты?
A) 1910-1913 B) 1911-1914
C) 1911-1915 D) 1910-1915
E) 1911-1916
23. Ең алғашқы қазақ газеті қай жылы шыққан?
A) 1870 B) 1871 C) 1872 D) 1873 E) 1874
24. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.
A) Қазақ зиялылары қызмет еткен. В) «Ай, қап» деп өкініп қалмайық.
C) Қалың бұқара жазу-сызуды білмеген. D) Қалың бұқара жазу-сызуды жақсы білген.
E) Білім мен ғылымнан артта қалып.
25. Алғашқы қазақ басылымдарында кімдер қызмет еткен?
A) бай балалары B) сол кездегі әкімдер C) сол кездегі ақындар
D) сол кездегі қазақ зиялылары E) орыс тілін білгендер
Зат есімнің жалғаулары.
1- нұсқа.
1. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Дәрігерге. В) Сатушы. С) Аспаз. Д) Заңгерлер. Е) Мұғалім.
2. Септік жалғауы жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Орманды дала В) Табиғатты қорғау С) Газет шығару Д)Сурет салу Е)Жануарлар мен құстар
3. Керек жалғауды таңдаңыз: Сен... досың.
А) –де. В) –мен. С) –ім. Д) –ің. Е) –ың.
4. Тәуелдік жалғауындағы сөзді табыңыз.
А) Апайлар. В) Жолдас. С) Ауылданбыз. Д) Дәптеріңіз. Е) Уақыт.
5. Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Әншіден. В) Орындаушымен. С) Мұғалімнің. Д) Малшыға. Е) Дәрігермін.
6. Шығыс септігінің сұрағын табыңыз:
А) Кімде? Неде? В) Кім? Не? С) Кімнің? Ненің? Д) Кімнен? Неден? Е) Кімге? Неге?
7. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Пияз. В) Көкөніс. С) Бақша. Д) Жидек. Е) Жемістер.
8. Қай септіктің жалғауы жоқ?
А) Барыс. В) Көмектес. С) Атау. Д) Табыс. Е) Жатыс.
9. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Құстар. В) Дәптер. С) Өшіргіш. Д) Тапсырма. Е) Сызғыш.
10. Заттың меншіктілігін білдіретін қосымшаны табыңыз.
А) Болымсыздық. В) Тәуелдік жалғау. С) Септік жалғау. Д) Жіктік жалғау. Е) Көптік жалғау.
11. Көптік жалғауды табыңыз.
А) Көрпем. В) Төсектің. С) Найзағай. Д) Ауруханаға. Е) Қызғалдақтар.
12. Тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын септік жалғауларын көрсетіңіз.
А)–мен,-пен,-ын В)–ты, -ті, -ды, -ді С)–на, -не, -де Д)–тар, -тер, -лар, -лер Е)–пен, -қа, -ке,-та
13. Көптік жалғауды көрсетіңіз.
А) –лар. В) –ым. С) –ге. Д) –ды. Е) –ның.
14. Ісмердің – сөзі қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
А) Шығыс септік В) Атау септік С) Табыс септік Д) Барыс септік Е) Ілік септік
15. Жіктік жалғауын табыңыз.
А) –ын, -ін. В) –пын, -пін. С) –ға, -ге. Д) –мен, -бен. Е) –дың, -дің.
16. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Көктемгі. В) Жазғытұры. С) Күзде. Д) Жазғы. Е) Қыстың.
17. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Жағада. В) Көлдер. С) Өзен. Д) Тау. Е) Биіктен.
18. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз:
А) Қаламмен. В) Қағазды. С) Әншіге. Д) Кітаптың. Е) Ақынның.
19. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Көшемен. В) Оңтүстікте. С) Ағаштан. Д) Қаламмен. Е) Көршінің.
20. Жіктік жалғауының ІІ-жағында тұрған сөзді табыңыз.
А) Азаматсың. В) Азаматпен. С) Азаматпыз. Д) Азамат. Е) Азаматқа.
21. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз:
А) Аспан. В) Ұшақтар. С) Ай. Д) Жұлдыз. Е) Күн.
22. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Досы. В) Олар. С) Біздер. Д) Сабағың. Е) Біреу.
23. Сөйлемде септік жалғаулы сөзді табыңыз: Қарағанды жерінде темір, көмір көп.
А) Қарағанды. В) Жерінде. С) Темір. Д) Көмір. Е) Көп.
24. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған барыс септік жалғауын табыңыз.
А) Әжеге. В) Әжесіне. С) Әжелер. Д) Әжетай. Е) Әженіні.
25. Көптік жалғау жалғанған сөздерді табыңыз.
А) Өнердің, халыққа. В) Үйірмелер, әншілер. С) Әртісті, театрды. Д) Шымылдығым, қалам.
Е) Үйірмесі, әнші.
Сын есім
1-нұсқа
1. Заттың дәмін білдіретін сөзді атаңыз.
А) Алыс В) Ақылды С) Үлкен Д) Қара Е) Тәтті
2. Сын есімді табыңыз.
А) Доп. В) Аспан. С) Қарлығаш. Д) Көрпе. Е) Қызыл.
3. Сын есім болмайтын сөзді табыңыз.
А) Көз. В) Ұзын. С) Кең. Д) Ақымақ. Е) Көк.
4.Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз.
А) Кішкене төбешік. В) Малды ауыл. С) Биіктеу адам. Д) Сыпайы бала. Е) Баспахана үйі.
5. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Қызыл ала. В) Көкшіл. С) Қара. Д) Қызылдау. Е) Әдемі.
6. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
А) Ынталы. В) Киелі. С) Тамаша. Д) Білімді. Е) Атақты.
7. Арман сөзіне тіркес бола алатын сын есімді көрсетіңіз.
А) Биік. В) Көк. С) Таза. Д) Ширақ. Е) Ашық.
8. Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың атын В) Заттың іс-қимылының мекенін С) Заттың іс-қимылының мезгілін Д) Заттың қимылын Е) Заттың түр-түсін
9. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
А) Пырақ. В) Алтын. С) Жаңбырлы. Д) Қос. Е) Бейне.
10.Туынды сын есімді табыңыз.
А) Тауың. В) Таумын. С) Таулы. Д) Тауға. Е) Таулар.
11. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.
А) Семіз өзен. В) Тәртіпті ой. С) Жуас кітап. Д) Әдеби тіл. Е) Тәтті ауыл.
12. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Адамды қуанту. В) Адамның өмірі. С) Алты адам. Д) Адал адам. Е) Адам үшін.
13. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Көк. В) Сары ала. С) Қызық. Д) Жасыл. Е) Сұлу.
14. Қатаң дауыссыз дыбыстан тұратын сын есімді көрсетіңіз.
А) Үлкен. В) Әдемі. С) Жабайы. Д) Қысқыш. Е) Дәмді.
15. Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.
А) Рәміз. В) Тағдыр. С) Арман. Д) Мерекелік. Е) Дастарқан.
16. Сын есімді табыңыз.
А) Қайық. В) Бұрын. С) Ырық. Д) Бұйрық. Е) Жарық.
17. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Таза. В) Тұнық. С) Шыдамды. Д) Ұзақ. Е) Орта бойлы.
18. Сын есімді табыңыз.
А) Келді. В) Тәтті. С) Айтты. Д) Көшті. Е) Көкті.
19. Досыңның мінезіне сәйкес сөзді табыңыз.
А) Түзу. В) Жуан. С) Жіңішке. Д) Биік. Е) Мейірімді.
20. Негізгі сын есімді табыңыз.
А) Ақылды. В) Жарық. С) Жібектей. Д) Салмақты. Е) Судай.
АҢЫЗ БОЛҒАН АБСЕНТ
Көзінің тірісінде ескеркіш орнатылған адамдар тарихта бірлі – жарым, ал жылқы баласында мұндай атақ – даңққа жеткен жалғыз Абсент қана. Жылқы өсірушілердің халықаралық жюриі оны әлемдегі ең таңдаулы спорт аты деп бағалап, қоладан ескерткіш орнатылды. Халықаралық ат спорты федерациясы Абсентті сұлулықтың эталоны деп жариялады. Үш бірдей Олимпиаданың жүлдегері болған Абсент 1975 жылы өлгенде ежелгі дәстүр бойынша ноқта – жүгенімен, алтындаған жабуымен аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.
Абсент бірінші рет Швейцарияның Сант – Гален қаласындағы жарыста озғанда итальян жылқы өсірушісі Федерико Тезио Абсентті 340 мың долларға сатыңдар деп қиылды. Ал Римдегі Олимпиадада Абсент алтын медаль алғаннан кейін сеньор Тезио чек кітапшасын ашып қалаған сомаңызды өзіңіз жазыңыз деп тағы қолқалады.
Бірақ қазақ жылқысы мен ахалтеке тұқымынан өсірілген, дүние жүзіне Қазақстанның даңқын жайып елдің мерейі болған Абсент өмір бойы өз жерімізде қалады. Одан талай ұрпақ тарады.
21.Мәтін мазмұнына сәйкес келетін дәлірек тақырыпты таңдаңыз.
А) Қазақ жылқысы В) Аңыз болған Абсент С) Жылқы туралы аңыз
D) Рим олимпиадасындағы Абсент
22. Мәтінге сай дұрыс ақпаратты таңдаңыз.
А) Абсент спорт аты деп есептелмейді В) Абсент бірінші рет Голландиядағы жарыста озған
С) Абсент үш бірдей Олимпиада жүлдегері D) Абсентке мыстан ескерткіш орнатылды
23. Мәтінге сай емес ақпаратты таңдаңыз.
А) Римдегі Олимпиадада Абсент алтын медаль алды.
В) Итальян жылқы өсірушісі Федерико ТезиоАбсентті 340 мың долларға сатуды сұрады.
С) Халықаралық ат спорты федерациясы Абсентті сұлулықтың эталоны деп жариялады.
D) Ақалтеке тұқымы одан да жоғары бағаланды.
24. Ойды қорытындылаңыз.
«Ең таңдаулы спорт аты – Абсент» деп бағалаған- ... .
А) Жылқы өсірушілердің халықаралық жюриі В) Жылқы өсірушілер мен шабармандар
С) Жылқы өсірушілердің әлемдік зауыты D) Жылқы өсірушілердің халықаралық бапкері
25. Мәтінге сай дұрыс ақпаратты таңдаңыз.
А) Абсент 1975 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.
В) Абсент 1971 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.
С) Абсент 1965 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.
D) Абсент 1999 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.
Сын есім
2-нұсқа
1.Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Жақсырақ. В) Қызғылт. С) Көгілдір. Д) Биіктеу. Е) Тұп-тұнық..
2. Заттың түсін білдіретін сын есімді көрсетіңіз.
А) Зейінді, ынталы. В) Жас, кәрі. С) Қара, көк. Д) Үлкен, биік . Е) Жақсы, ақылды.
3. Сын есімді табыңыз.
А) Жаңбырлы. В) Дәптер. С) Терезе. Д) Кілем. Е) Орындық.
4. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз.
А) Адамның мінезі. В) Ұзын ағаш. С) Биіктеу адам. Д) Таулы жер. Е) Кішкене төбешік.
5. Адамның шашы қандай болатынын көрсетіңіз.
А) Үлкен. В) Арық. С) Биік. Д) Қысқа. Е) Қатал.
6. Сын есімді табыңыз.
А) Естігенді. В) Әйелді. С) Дәптерді. Д) Кеткенді. Е) Дәмді.
7. Сын есім қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
Еркін- сабағын жақсы оқитын бала.
А) Бастауыш. В) Пысықтауыш. С) Анықтауыш. Д) Баяндауыш. Е) Толықтауыш.
8. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала. В) Сұлу әйел. С) Алты адам. Д) Бес қыз. Е) Менің атам.
9. Қыста ауа райы қандай болатынын табыңыз.
А) Ыстық. В) Жылы. С) Қарлы. Д) Жаңбырлы. Е) Жауынды.
10. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі ...
А) Жұмсақ. В) Кіші. С) Көк. Д) Ұзын. Е) Қысқа.
11. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Әп-әдемі. В) Кемдеу. С) Аласалау. Д) Сарғылт. Е) Көкшіл.
12. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Кімнің? ненің? В) Қандай? қай? С) Қанша? неше? Д) Қайда? қалай? Е) Не істеді? қайтты?
13. Сын есімді табыңыз.
А) Бөлме. В) Төсек. С) Кілем. Д) Жайлы. Е) Төсеніш.
14 Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Менің апам. В) Алты ұл. С) Сұлу жігіт. Д) Жеті ата. Е) Анау бала.
15. Толықтырыңыз: «Менің отбасым ... тұрады»
А) Бауырмал. В) Тату-тәтті. С) Үлкен. Д) Ақылды. Е) Дәстүр.
16. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді табыңыз.
А) Жылдам. В) Ұлттық. С) Шешім. Д) Ойынды. Е) Күндер.
17. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма? В) Сенің балаң. С) Ешкімің жоқ. Д) Жақсың қайсы? Е) Біреуің кел.
18. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз.
А) 2 В) 6 С) 4 Д) 5 Е) 3
19. Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.
А) Ауылдық. В) Ауыспалы. С) Әдемілеу. Д) Күзгі. Е) Тәжірибесіз.
20. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімді табыңыз.
А) Жасыл, қып-қызыл. В) Ал қызыл, сұрша. С) Көк, қызыл. Д) Өзекті, ұстамды.
Е) Жабық, ағарып.
«Қазақтың тұңғыш суретшісі»
Әбілхан Қастеев қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі, кескіндемешісі, қоғам қайраткері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушысы. Ол 1904 жылы Талдықорған облысында туған. 1929 жылы Алматыға келіп, Хлудовтың студиясына қатысады, бейнелеу өнерінің негізін үйренеді. Әбілханның суретшілік мұрасы өте бай. Оның мыңнан астам туындылары бар. Қастеевтің суреттері табиғат, ескі және жаңа тұрмыс, халықтың өмірі, дәстүрі туралы.
Әбілханның Абайдың, Жамбылдың, Шоқанның кескіндерін жасады. Дарынды суретшінің қазақ халқының тұрмысын бейнелеген туындылары «Колхоз тойы»,, «Жайлаудағы радио», «Соңғы хабарлар», «Сүт фермасы», т.б. Көптеген суреттерінің бас кейіпкерлері – еңбек адамдары.
Әбілхан Қастеев 1973 жылы қайтыс болды. Алматыда оның атында көркемсурет училищесі және мемлекеттік көркем галереясы бар.
Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмалары:
1.Әбілхан Қастеев кім?
А)ғалым В); ақын С)суретші Д) жазушы
2.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз:
А)Қызылорда В); Алматы С)Жамбыл Д) Батыс Қазақстан
3.Оның қанша туындысы бар?
А)жүзге жуық В); мыңға жуық С) он шақты Д) отыздай
4.Алматыдағы көркемсурет училищесі кімнің атында?
А)Ә.Қастеев В); Ш.Уәлиханов С)А.Құнанбаев Д)Ж.Жабаев
5. Көптеген суреттерінің бас кейіпкерлері кімдер?
А)суретшілер В) еңбекшілер С)әншілер Д)кескіндемешілер
Сан есім
1-нұсқа
1. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.
Таңертең сағат жетіде тұрамын.
А) Ілік септік. В) Барыс септік. С) Көмектес септік. Д) Жатыс септік. Е) Атау септік.
2. «2» санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
А) –дан. В) –тен. С) –нші. Д) –еу. Е) –ні.
3. Бөлшектік сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.
А) Не істеді? В) Кімнің? С) Қай? Д) Кім? Е) Қанша?
4. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Бесінші. В) Екі. С) Алты. Д) Үш жүз жетпіс. Е) Төртеу.
5. Соңғы дыбысы дауысты жіңішке түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.
А) –нші. В)-нші, -інші. С) –ншы. Д) –інші. Е) –ншы, -ыншы.
6. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.
А) Он-он бес. В) Екі бүтін оннан үш. С) Он бір. Д) Он бірінші. Е) Отыз тоғыздан.
7. Тиісті сан есімді қойыңыз.
Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.
А) Екі бүтін үш ондық. В) Екінші. С) Екі-екіден. Д) Екі. Е) Екеу.
8. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Отыз бесінші. В) Екі кітап. С) Жүз алты. Д) Жиырма. Е) Оннан төрт.
9. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.
А) Екіде. В) Екіден. С) Екіні. Д) Екімен. Е) Екінің.
10. Соңғы дыбысы дауыссыз жуан түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.
А) –ншы, -нші. В) –нші, -ыншы. С) –інші, -нші. Д) –ыншы, -ншы. Е) –ыншы.
11. Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз.
Атам 70 тен асты.
А) Нүкте. В) Қос нүкте. С) Дефис. Д) Жақша. Е) Үтір.
12. Құрамында үнді дауыссыз дыбысы бар сан есімді табыңыз.
А) Жеті. В) Он. С) Отыз тоғыз. Д) Жүз бес. Е) Сегіз.
13. Қайсысы реттік сан есім екенін белгілеңіз.
А) Екіден. В) Мың. С) Он. Д) Тоғызыншы. Е) Біреу.
14. Реттік сан есім қосымшасын табыңыз.
А) –ау, -еу В) –ау, -тан С) –еу, -інші Д) –ау, -ыншы Е) –інші, -ыншы
15. Сан есімді белгілеңіз.
А) Тиісті. В) Қызыл. С) Елу бір. Д) Ішті. Е) Өрік.
16. Реттік сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
А)Қандай? Қай? В)Неше?Қанша? С)Нешінші? Қаншасыншы? Д)Нешеден? Қаншадан? Е)Нешеу?
17. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Үшеу. В) Екінші. С) Сегіз. Д) Он екі. Е) Бес.
18. Дара сан есімді көрсетіңіз.
А) Екі жүз сегіз. В) Жиырма. С) Он төрт. Д) Жиырма бес. Е) Бестен үш.
19 Білім күні нешінші айда екенін көрсетіңіз.
А) Сегізінші. В) Жетінші. С) Он бірінші. Д) Тоғызыншы. Е) Оныншы.
20. «Он бес» сөзі қандай сан есім екенін белгілеңіз.
А) Дара. В) Толық. С) Күрделі. Д) Жай. Е) Көптік.
21. Бір жылда неше мезгіл бар екенін белгілеңіз.
А) Бір. В) Төрт. С) Он тоғыз. Д) Үш. Е) Алты.
22. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз.
А) Күміс қасық. В) Алтын сағат. С) Ағаш күрек. Д) Екі жолдас. Е) Жібек жолы.
23. Бір айда неше апта барын табыңыз.
А) екі В) алты С) бес Д) үш Е) төрт
24. Жинақтық сан есімді белгілеңіз.
А) Жетеу. В) Белбеу. С) Белгілеу. Д) Істеу. Е) Нешеу.
25. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
А) Екі. В) Жеті. С) Тоғыз. Д) Жиырма бір. Е) Бес.
Сан есім. 2-нұсқа.
1. Реттік сан есімді атаңыз.
А) Жетеу. В) Үш-үштен. С) Тоғызыншы. Д) Төрт. Е) Он екі.
2. Бірінші қоңырау қашан соғылатынын белгілеңіз.
А) 5 қыркүйекте В) 23 қарашада С) 1 қыркүйекте Д) 25 қазанда Е) 22 қыркүйекте
3. Бір тәулікте неше сағат барын белгілеңіз.
А) 26 В) 23 С) 18 Д) 24 Е) 35
4. «1989-ый» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
А) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы. В) Бір мың тоғызыншы жүз сексен тоғыз.
С) Бір мыңыншы тоғыз жүз сексен тоғызыншы. Д) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыз.
Е) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыздай.
5. Дұрыс жауапты белгілеңіз: Биыл нешінші сыныпта оқисың?
А) Тоғызыншы В) Сегізінші С) Он бірінші Д) Жетінші Е) Оныншы
6. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді. В) Заттың реттік санын білдіреді. С) Заттың санын топтап көрсетеді. Д) Заттың дәл нақты санын білдіреді. Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.
7. Болжалдық сан есімді табыңыз.
А) Бес-бестен. В) Беске таман. С) Бесінші орын. Д) Бес адам. Е) Сағат бесте.
8. Бөлшектік сан есімді атаңыз.
А) Жеті. В) Үштен бір. С) Біреу. Д) Төрт. Е) Бесінші.
9. Жинақтың сан есімді табыңыз.
А) Төрттен бір. В) Бір. С) Жетеу. Д) Үшінші. Е) Сегіз.
10. Реттік сан есімді көрсетіңіз.
А) Он-оннан. В) Оннан. С) Он екі. Д) Оныншы. Е) Ондаған.
11. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Кім? Не? Кімдер? Нелер? В) Не істеді? Не қылды? С) Қанша? Неше? Нешінші? Д) Қалай? Неге? Е) Қайтіп? Неістеп отыр?
12.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
А) Қырықыншы. В) Елу мың. С) Жеті жүз. Д) Біреу. Е) Жетіден бес.
13. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Жетпіс тоғыз. В) Алтау. С) Жүздеген. Д) Қырықыншы. Е) Мың.
14. Реттік сан есімді табыңыз.
А) Бесеу. В) Жетінші. С) Он бестен. Д) Он жеті. Е) Сегіз.
15. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
А) Тоғыз жүз. В) Бір жарым. С) Екі жүз елу. Д) Он мың. Е) Алтыншы.
16. Дара сан есімді анықтаңыз.
А) Он бес. В) Жетпіс бес. С) Бес-алты. Д) Жиырма. Е) Бір жүз отыз.
17. Болжалдық сан есімді табыңыз.
А) Жүз бір. В) Жүзден. С) Жүзінші. Д) Жүздей. Е) Жүз.
18.Реттік сан есімі бар мақалды көрсетіңіз.
А) Еңбек адамның екінші анасы. В) Қырықтың бірі қыдыр. С) Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан. Д) Жеті рет піш, бір рет кес. Е) Мың қосшыға бір басшы.
19. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
А) Он бес. В) Бестік. С) Төрт. Д) Үшеу. Е) Үштен екі.
20. Есептік сан есімді табыңыз.
А) Жетпісінші. В) Жетіден үш. С) Жетпістей. Д) Жетеу. Е) Жетпіс.
21. Сан есімнің мағыналық топтарын көрсетіңіз.
А)Негізгі,туынды. В)Есептік,реттік. С)Сапалық ,қатыстық . Д)Жалпы,жалқы. Е)Жіктеу, сілтеу.
22. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.
А) Екінің. В) Екімен. С) Екіден. Д) Екіні. Е) Екіде.
23. Болжалдық сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.
А) –ыншы, -інші. В) қосымшасыз. С) –ау, -еу. Д) –дай, -дей. Е) –дан, -ден.
24. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Екінші. В) Төртеу. С) Он-оннан. Д) Жетпіс бес. Е) Жиырма екінші.
25. Топтау сан есімді көрсетіңіз.
А) Әркім. В) Туып-өскен. С) Әйгілі. Д) Үш-үштен. Е) Бәйтерек.
Есімдік
1-нұсқа
1. Төмендегі сөзге тіркес бола алатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
...бармадық.
А) Оған. В) Театрға. С) Мектепке. Д) Үйге. Е) Қалаға.
2. Сұрау есімдігінің көпше түрін көрсетіңіз.
А) Мыналар. В) Қандайларға. С) Біреулерге. Д) Оларды. Е) Солардан.
3. Есімдіктің түрін көрсетіңіз.
А) Қатыстық. В) Сұрау. С) Көсемше. Д) Есімше. Е) Жинақтық.
4. Тиісті есімдікті қойыңыз: ...сабақ оқыдым.
А) Олар В) Ол С) Мен Д) Біреу Е) Кім?
5. Сұрау мақсатында есімдіктің қай түрі қолданылатынын көрсетіңіз.
А) Сұрау. В) Болымсыздық. С) Жалпылау. Д) Өздік. Е) Сілтеу.
6. Барыс септігінде тұрған өздік есімдігін табыңыз.
А) Кімге. В) Оған. С) Өзіңе. Д) Бүкілінің. Е) Емханаға.
7. Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз.
А) Бұл ел. В) Өз елім. С) Ел мен жер. Д) Менің елім. Е) Ел іші.
8. Есімдікпен толықтырыңыз: ... кісі менің әкем.
А) Күллі. В) Бұл. С) Қалай. Д) Өзі. Е) Сіз.
9. Жатыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Ол. В) Оны. С) Онан. Д) Онда. Е) Оған.
10. I жақта қолданылатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
А) Мен, сендер. В) Сен, біз. С) Мен, біз. Д) Сіз, сендер. Е) Ол, олар.
11.Сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Қайсы. В) Саған. С) Бүкіл. Д) Әркім. Е) Анау.
12. Есімдігі бар тіркесті көрсетіңіз.
А) Кітап оқу. В) Тамақ іштім. С) Үйге келдім. Д) Өз үйім. Е) Доп ойнадым.
13. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.
А) Менде кел. В) Мен кел. С) Маған кел. Д) Менің кел. Е) Мені кел.
14. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Өзім. В) Сен. С) Бұл. Д) Біреу. Е) Бәрі.
15. Еш сөзі арқылы жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.
А) Болымсыздық. В) Жалпылау. С) Сілтеу. Д) Сұрау. Е) Жіктеу.
16. Тәуелденіп келген болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
А) Осы. В) Туың. С) Ешкімім. Д) Бәрі. Е) Көзім.
17. Сұрау есімдігін табыңыз.
А) Бұл. В) Ол. С) Біз. Д) Бәрі. Е) Кім.
18. Сұрау есімдігінің соңғы қосымшасы қандай?
Қонақты сағат нешеге шақырдың?
А) Көптік жалғау. В) Жұрнақ . С) Септік жалғау. Д) Тәуелдік жалғау. Е) Жіктік жалғау.
19. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Қашан, қалай. В) Міне, әне. С) Бәрі, бүтін. Д) Біздер, сіздер. Е) Біреу, кейбіреу.
20. Ілік септік тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) Нешеуінің? В) Қайсын? С) Кімсіздер? Д) Неңіз? Е) Кіміңіз?
21. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз.
Жиналыста ешкім сөйлемеді.
А) Есімдік. В) Етістік. С) Зат есім. Д) Сын есім. Е) Үстеу.
22. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрне, қайбір. В) Ешкім, ешқайсысы. С) Бірдеме, біреу. Д) Өзің, өздері. Е) Түгел, тегіс.
23. Белгісіздік есімдіктерді анықтаңыз.
А) Олар, бұлар. В) Менен, одан. С) Ешқашан, ешқайда. Д) Мен, сен. Е) Кейбіреуге, біреудің.
24. Жіктеу есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Олар, сіздер. В) Бұл, сол. С) Бәрі, күллі. Д) Біреу, әркім. Е) Ешкім, еш адам.
25. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |