№1 тақырыбы: Көмей, кеңірдек, бронхтардың анатомиясы. Қанмен қамтамасыздануы, нервтенуі. Жастық ерекшеліктері


№ 2 Тақырыбы: Өкпелердің құрылысы. Өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі. Өкпенің сегменттік құрылысы. Қанмен қамтамасыздануы, нервтенуі. Жастық ерекшеліктері



бет4/7
Дата27.04.2022
өлшемі1.9 Mb.
#456782
1   2   3   4   5   6   7
5. Тыныс алу жүйесі-1

№ 2 Тақырыбы: Өкпелердің құрылысы. Өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі. Өкпенің сегменттік құрылысы. Қанмен қамтамасыздануы, нервтенуі. Жастық ерекшеліктері.


ӨКПЕ, pulmones (греч. pneumon, өкпенің қабынуы- пневмония), кеуде қуысында, жүрек пен үлкен тамырлардың жанында, омыртқа бағанасының алдыңғы бетінен, кеуде қабырғасының артқы бетіне дейін созылатын көкірекаралықпен, бір-бірінен бөлінген өкпе қабында орналасады. Оң өкпе сол өкпеге қарағанда көлемді (большего объема), әрі біршама қысқа және кең. Бұл біріншіден, көкеттің оң күмбезінің сол күмбезінен жоғары тұруына (бауырдың көлемді оң үлесінің әсерінен), екіншіден, жүрек солға ығысыңқырап орналасып. Әрбір өкпе бұрыс конус пішінді, оның төмен қараған негізі, basis pulmonis, және ұшы, apex pulmonis, деп аталады. Ол алдыңғы жағында I қабырғадан 3-4 см жоғары немесе бұғанадан 2-3 см жоғары тұрады, артқы жағында VII мойын омыртқасы деңгейіне жетеді. Өкпенің үш бетін ажыратады: төменгі беті-көкеттік беті, қабырғалық беті және медиалды беті. Медиалды беті көкірекаралыққа жанасатын алдыңғы бөлікке, pars mediastinalis, және омыртқа бағанасына жанасатын артқы бөлікке, pars vertebralis, бөлінеді. Беттер жиектермен бөлінген: төменгі жиегі- margo inferior, ал алдыңғы жиегі- margo anterior. Әрбір өкпенің медиалды бетінде оның ортасынан өкпе қақпасы, hilum pulmonis, орналасады. Ол арқылы бронхтар мен өкпе артериясы, нервтер өкпеге енеді, ал екі өкпе венасы және лимфа тамырлары өкпеден шығады, барлығы қосылып өкпе түбірін, radix pulmonis, құрайды. Өкпе түбірінде бронх артқы орналасады. Оң өкпе түбірінде өкпе артериясы бронхтан төмен, ал сол жағында бронхтан жоғары жатады. Өкпе веналары өкпе түбіріндегі өкпе артериясы мен бронхтан төмен орналасқан. Әрбір өкпе саңылаулар-fissura obliqua және fissura horizontalis, арқылы үлестерге. Оң өкпеде үш үлес болады: lobi superior, medius et inferior. Сол өкпеде екі үлесті ажыратады: жоғарғы және төменгі үлес. Оған өкпенің алдыңғы жиегінің төменгі бөлігінде жүректік тілік жатады. Төменнен бұл тілік өкпенің тілшігі шектеледі.
Ө кпенің құрылысы. Бронхтардың тармақталуы. Өкпенің үлестерге бөлінуіне сәйкес екі басты бронхтардың, bronchus principalis, әрқайсысы өкпе қақпасына келіп, үлестік бронхтарға, bronchi lobares, бөліне бастайды. Үлестік бронхтар өкпе затына еніп, сегменттік, bronchi segmentales- үшінші бронхтар бөліп шығарады. Сегменттік бронхтар өз кезегінде дихотомдық жолмен одан да ұсақ 4-ші, 5-ші, шамамен 10-16 реттік соңғы және тынысалу бронхшаларына дейін бөлінеді. Бронхтар қанқасы өкпенің сырты мен ішінде олардың қабырғаларына түрліше түзілген: өкпеден тыс бронхтар қаңқасы шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады, ал өкпе қақпаларына жақындағанда шеміршекті жартылай сақиналардың арасында шеміршекті байланыстар пайда болып, олардың қабырғасының құрылысы торға ұқсайды. Сегменттік бронхтар шеміршектер жалтылай сақиналы пішінін жоғалтып (не имеют формы полуколец), жекелеген табақшаларға ыдырайды (распадаются на отдельные пластинки), ал соңғы бронхшаларда шеміршектер болмайды. Оларда шырышты бездер де жоғалады, бірақ кірпікшелі эпителий қалады (в них исчезают слизистые железы, но реснитчатый эпителий остается)
Өкпенің макро- және микроскопиялық құрылысы. Өкпе сегменттері екінші үлесшелерден тұрады. Екінші үлесше- диаметр 1 см-ге жететін өкпе паренхимасының пирамида пішінді бөлігі. Ол дәнекер тінді қалқалар арқылы көршілес үлесшелерден бөлінеді. Әрбір үлесшенің ұшына қабырғаларында әлі де шеміршегі бар бір ұсақ (диаметр 1 мм) бронх (8 -реттік) енеді (үлесшелік бронх). Әрбір үлесшелік бронх үлесшенің ішінде 16-18 соңғы бронхшаларға, bronchioli terminals тармақталады, оларда шеміршек пен бездер болмайды. Басты бронхтардан бастап соңғы бронхшаларды қоса барлық бронхтар дем алып, дем шығарғанда ауа ағынын өткізуге арналған тұтас бронх тармақтарын (бронх ағашын) құрайды; оларда ауа мен қанарасында тыныстық газ алмасу жүрмейді (все бронхи, начиная от главных и кончая конечными бронхиолами, составляют единое бронхиальное дерево, дыхательный газообмен между воздухом и кровью в них не происходит). Соңғы бронхшалар дихотомдық жолмен тармақталып, тынысалу бронхшаларының, bronchiolii respiratorii, бірнеше ретіне бастама береді, бұлардың айырмашылығы қабырғаларында, өкпе көпіршіктерінің немесе альвеолалардың пайда болуында. Әрбір тынысалу бронхшаларынан тұйық көпіршіктер қапшаларымен, sacculi alveolares, аяқталатын көпіршіктер жолдары, ductuli alveolares, радиалды шығады. Олардың әрқайсысының қабырғасын қане капиллярының қалын торы шырмап жатады (стенку каждого из них оплетает густая сеть кровеносных капилляров). Көқпіршектер қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді (через стенку альвеол совершается газообмен). Тынысалу бронхшалары, көпіршіктер жолдары мен көпіршіктер қапшалары көпіршіктермен бірге бірегей көпіршіктер тармақтарын (ағашын) немесе өкпенің тынысалу паренхимасын құрайды. Бір соңғы бронхшадан пайджа болатын аталған құрылымдар, оның ацинус деп аталатын өкпенің қызметтік- анатомиялық бірлігін түзеді (функционально-анатомическая единица легкого). Ацинустар саны- 30000-ға, ал көпіршелер (алвеолдар) мөлшеоі 300-350 млн-ға жетеді. Өкпелердің тынысалу бетінің ауданы дем шығарғанда 35 м2-ге, ал терең тыныс алғанда 100 м2-ге жетеді. Ацинустар жиынынан үлесшелер –сегменттер, сегменттерден- үлестер, ал үлестерден тұтас өкпе құралады.
Ө кпенің негізгі қызметі- газ алмасу (қанды оттегімен байытып, одан көмірқышқыл газын бөліп әкету) (обогащение крови кислородом и выделение из нее углекислоты). Өкпенің физиологиялық ролі газ алмасумен шектелмейді - тынысалу кезіндегі бронхтар қабырғасының белсенділігі (активность стенки бронхов при дыхании), секрет бөліп шығару қызметі (секреторно-выделительная функция), зат алмасуға қатысу (участие в обмене веществ) (су, липидті және хлорлы балансты реттейтің, тұз алмасу) (водном, липидном, солевом с регуляцией хлорного баланса), бұның организмдегі қышқыл-сілті тепе-тендігін сақтауда маңызы бар (что имеет значение в поддержании кислотно-щелочного равновесия в организме).
Өкпенің қан айналымы. Газ алмасу қызметіне байланысты өкпе артериялық қанды ғана емес, веналық қанды да алады (в связи с функцией газообмена легкие получают не только артериальную, но и венозную кровь. Веналық қан өкпе артериясы тармақтары арқылы ағып келеді, олар өкпе қақпасына кіріп, бронхтардың тармақталуына сәйкес бөлінеді. Өкпе артериясының ең ұсақ (самые мелкие) тармақтары альвеолаларды шырмайтын капиллярлар торын құрайды (образуют сеть капилляров, оплетающих альвеолы ). Өкпе капиллярларына ағып келетін веналық қан альвеоладағы ауамен осмостық алмасуға (газ алмасуға) түседі, ол альвеолаларға көмірпқықыл газын бөліп, оның орнына оттегін алады (венозная кровь, притекающая к легочным капиллярам вступает в в осмотический обмен с содержащимся в альвеоле воздухом,она выделяет в альвеолы СО2 и получает взамен О2). Капиллярдан оттегімен байыған (артериялық) қанды өткізіп және содан соң өкпе венасы - vv. pulmonales түзетін вена тамырлары пайда болады (из капилляров складываются вены,несущие кровь, обогащенную кислородом и образующие затем легочные вены).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет