Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары
Қимыл-қозғалыс ойындары ұлттық ойындардың негізінде пайда болып қалыптасқан. Олардың спорттық ойындар сияқты ережесі болады. Бірақ қимыл қозғалыс ойындарының ережесі спорттық ойындарға қарағанда қарапайым әрі жеңіл болады. Және спорт құрал-жабдықтарын көп қажет етпейді.
Төменде әрқандай ұлтардың қимыл-қозғалыс ойындарының үлгілері берілді.
«ӨЗ ОРЫНЫҢДЫ ТАП»
(Италиян халқының ойыны)
Ең алдымен санамақ арқылы ойын жүргізуші сайлап алынады. Ол шеңбер жасап тұрған ойыншылардың сыртында қолына орамал ұстап тұрады.
Ойын ойын жүргізушінің шеңберді айнала жүруінен бастайды. Ол жүгіріп келе жатып орамалды бір ойыншының иығына іле кетеді. Иығына орамал ілінген ойыншы орамалды ала салып, ойын жүргізушіге қарама-қарсы бағытта шеңберді айнала жүгіреді. Осы кезде шеңберде тұрған ойыншылар оның босаған орнына жылжып тұра қояды. Ал қарама-қарсы жүгіріп келе жатқан екі ойыншының қайысы әлгі жабылып қалған орынды дәл тауып тұра қойса, сол жеңіске жетеді.
Ойынды әрі қарай ұмтылған бала жалғастырады.
«ҚАРШЫҒА МЕН ҮЙРЕКТЕР»
(Саха халқының ойыны)
Алдымен санамақ арқылы қаршыға сайлап алынады. Қалған ойыншылар үйректер болып есептеліп, олар арақашықтығы 10-15 м болатын екі шеңбердің (көлдің) бірінің ортасында жүзіп жүреді.Ойнауға белгі берілген кезде үйректер екінші көлге ұшып барып қонулары керек. Сол кезде оларды қаршыға бір-бірлеп қуып ұстауға тиіс. Ұсталған үйректер ойыннан шығып, ұсталмаған ойыншылар арасынан жаңа қаршыға сайланып, ойын әрі қарай жалғаса береді.
«КӨТЕРІП КЕТ»
(Қазақ халқының ойыны)
Ойыншылар екі-екіден арқаларын бір-біріне тақап жүрелеп отырып, қолдарын шынтақтан айқастырып ұстайды. Мұғалім: «1,2,3, ауылым менің жайлауға көш» дегенде, екеуі де алға қарай еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп тұрып кетуге тырысады. Қарсыласын көтеріп кеткен ойыншы жеңген болып есетеледі.
«БОТАҚАН»
(Қазақ халқының ойыны)
Ойыншылар өз орталарынан атан түйе мен мыстан кемпір сайлап алады. Қалғандары, яғни ботақандар атан түйенің артынан бір-бірінің белінен ұстап тізіліп тұрады. Мыстан кемпір «ұшқыш сыпыртқысымен» атан түйенің алдына «ұшып келіп»: «Керуен, қайдан келе жатырсың, қайдакетіп барасың?» деп, артындағы ботақандарының біреуін беріп кетуін сұрайды. Бірақ оған атан түйе келіспейді. Сонда мыстан кемпір жүгіріп жүріп керуеннің соңындағы ботақанды күшпен тартып алуға әрекеттенеді. Ал атан түйе мыстан кемпірді ең соңғы ботақанға жібермеуге тырысады. Ботақанды ұстап алса, мыстан кемпір оны үйіне апарып қойып келіп, енді келесі соңғы ботақанды ұстап алуға әрекет етеді. Осылай 2-3-рет қайталанған соң, атан түйе мен мыстан кемпір басқадан сайланып, ойын әрі қарай жалғастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |