Бұл кəсіпорындар мемлекет тарапынан құрылады жəне мем- лекеттік меншік құқығына негізделеді.
Мемлекеттік кəсіпорындарға жүктелетін басты міндеттер: Мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамта-
масыз ету жəне қоғам мүддесiн қорғау;
Экономиканың жекеменшiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салала- рында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
Мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау жəне қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.
Мемлекеттiк кəсiпорындардың түрлері:
Заттық құқықтардың түріне қарай:
|
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай.
|
Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кəсiпорындар
|
Республикалық
|
Жедел басқару құқығына негiз-
делген (қазыналық кəсiпорын) кəсiпорындар жатады.
|
коммуналдық
|
Мемлекеттік кəсіпорындар туралы заңнама Азаматтық кодекс- тен, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңынан тұрады.
Мемлекеттiк кəсiпорын уəкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша құрылады. Республикалық мемлекеттiк кəсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияла- рын республикалық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасының Yкiметi уəкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (уəкiлеттi ор- ган) орындайды.
Министрлiктер, ведомстволар жəне уəкiлеттiк берілген өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкi мемлекеттік басқару органдары болып табылады.
Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мем-лекеттiк кəсiпорындарға қатысты функцияларын тиiсті əкімшілік- аумақтық бөліністің əкімшілігі (уəкілетті орган) жүзеге асырады.
Тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бөліністің əкімшілігі не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, əкiм уəкiлеттік берген атқарушы ор- ган коммуналдық мемлекеттiк кəсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
Республикалық мемлекеттік кəсіпорындардың тізімі ҚР Үкіметі тарапынан бекітіледі. Коммуналдық кəсіпорындардың тізімін жергілікті тиісті атқару органдары тарапынан бекітеді.
Жарғы мемлекеттiк кəсiпорынның жалғыз құрылтай құжаты бо- лып табылады. Мемлекеттiк кəсiпорынның жарғысын мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы (уəкiлеттi органы) бекiтедi.
Мемлекеттiк кəсiпорынның жарғысында кəсiпорынның түрi, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы (уəкiлеттi органы) туралы мəлiметтер қамтылуы тиіс.
Мемлекеттік кəсіпорынды басқаруды уəкілетті орган жүзеге асы- рады.
Мемлекеттік басқару органы тарапынан тағайындалатын жəне соған есеп беретін мемлекеттік кəсіпорынның жетекшісі, кəсі- порынның органы болып табылады. Кəсіпорынның жетекшісі же- ке-дара билік негізінде əрекет етеді жəне өзінің құзіретіне сəйкес кəсіпорынның қызметі барысында туындайтын барлық мəселелерді дербес шешеді.
Мемлекеттiк кəсiпорынның мүлкi:
оған меншiк иесi берген мүлiктiң;
өз қызметiнiң нəтижесiнде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қосқанда);
заңдармен тыйым салынбаған өзге де қаражат негiздерiнiң есебiнен қалыптастырылады.
Мемлекеттiк кəсiпорын тұтас алғанда мүлiк кешенi ретiнде жылжымайтын мүлiк болып танылады жəне мемлекеттiк меншiк құқығының объектiсi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзу құқығына негізделген мемлекеттік кəсiпорын
Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған жəне осы мүлiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк ету құқықтарын заңнамалық актілерде белгiленген шекте жүзеге асыра- тын мемлекеттiк кəсiпорынның заттық құқығы болып табылады.
Кəсiпорынның қарамағында тек өзiнiң жарғылық мақсаттарын- да көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүлiк қана бола алды. Кəсіпорын өзінің кірістерінің есебінен қамтамасыз етіледі.
Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығы негiзiнде жүзеге асыра- тын кəсiпорынның уəкілетті органның жазбаша келiсiмiнсiз:
өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды жəне кəсі- порынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзге де əдiспен оларға билiк етуге, ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
филиалдар, өкілдіктер мен еншiлес кəсiпорындар құруға жеке кəсiпкерлермен бiрге кəсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, оларға өзiнiң өндiрiстiк жəне ақшалай капиталын салуға;
өзіне тиесiлi акцияларға, сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;
үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгерлiк не- месе кепiлдiк беруге;
заемдар беруге құқы жоқ.
Кəсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi мүлiк- тiң бəрiмен жауап бередi. Кəсiпорын өз мүлкiн иеленушiнiң мiн- деттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Құрылтайшының (уəкілетті органның) немесе мемлекеттік басқару органының iс-əрекетiнен банкротқа ұшырағаннан басқа жағдайда мемлекет кəсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Мұндай жағдайда кəсiпорынның қаржысы жетiспеген рет- те оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.
Қазыналық кəсiпорын.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк мүлiкке ие кəсiпорын қазыналық болып танылады.
Қазыналық кəсiпорынның қызметi мемлекеттік тапсырысты бөле отырып, мемлекеттiк басқару органы бекiтетiн смета бойынша өз табысының есебiнен қаржыландырылады.
Жедел басқару құқығы қазыналық кəсiпорынның меншiк иесiнен алған жəне өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сəйкес осы Заң мен өзге де заң актiлерiнде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.
Қазыналық кəсiпорынның шаруашылық қызметi оның жарғылық мақсаттарымен, сондай-ақ мемлекеттiң тапсырыстары арқылы анықталады. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
Меншік иесі берген мүліктің тиімді қолданылуы мен сақталуына қадағалауды меншік иесі жүзеге асырады.
Қазыналық кəсiпорын ҚР Үкiметiнiң, Ұлттық банкінің не- месе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады. Құрылтайшы бекiткен қазыналық кəсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
Қазыналық кəсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша билiк етуiндегi ақшамен жауап бередi. Қазыналық кəсiпорынның қалған мүлкiнен өндiрiп алуға осы кəсiпорын таратылғаннан басқа жағ- дайларда жол берiлмейдi.
Қазыналық кəсіпорынның шарттық міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе əкімшілік-аумақтық бөлініс тек мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде ғана субсидиарлық жауапкершілікті көтереді.
4-тақырып. Коммерциялық емес ұйымдар. Мемлекет пен əкімшілік-аумақтық бөлініс – азаматтық құқықтың субъектілері ретінде
Соңғы кездері коммерциялық емес ұйымдардың əралуан түрлері көптеп құрыла бастады. Олардың құқықтық жағдайын айқындау барысында заңды тұлғаны коммерциялық емес ұйым қатарына жатқызудың екі негізіне мəн беру керек:
пайда табу олардың басты мақсаты емес,
тапқан табысты олар қатысушылар арасында бөлуге құқығы жоқ.
Жарғылық мақсаттарына сəйкес келгендіктен ғана коммерциялық емес ұйымдар коммерциялық қызметпен айналыса алады.
Коммерциялық емес ұйымдардың түрлері:
мемлекеттік
|
мемлекетік емес
|
Мелекеттік мекеме
|
Мекеме
|
|
Қоғамдық бірлестік
|
|
Акционернерлік қоғам
|
|
Тұтыну кооперативі
|
|
Қор
|
|
Діни бірлестік
|
|
Заңды тұлғалардың қауымдастығы
(одақ)
|
Коммерциялық емес ұйымдарды реттейтін негізгі нормативтік акті – ҚР АК, коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Рес- публикасының Заңы.
Коммерциялық емес ұйымдар əлеуметтiк, мəдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың жəне ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани жəне өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты да- мыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi жəне өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымның атауы оның атын жəне ұйымдық- құқықтық нысанының көрсетпесiн қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша ақпаратты қамтуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымның тұрақты қызмет iстейтiн органы орналасқан жер оның орналасқан жерi деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымды (қоғамдық жəне дiни бiрлестiктер- дi қоспағанда) оны қалыптастыру арқылы құру құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамдық жəне дiни бiрлестiктер құрылтай жиналысын (съезд, конференция) шақырушы кемiнде он адамнан тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бо- йынша құрылады, онда жарғы қабылданады жəне оның органдары қалыптастырылады.
Заңды тұлға ретiнде коммерциялық емес ұйымның құқық қабi- леттiлiгi ол мемлекеттiк тiркелуден өткен кезден бастап туындайды.
Коммерциялық емес ұйымның айналысуға лицензия алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай лицензия- ны алған кезден бастап туындайды.
Коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны- на қарай, егер осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары бола алады.
Коммерциялық емес ұйымды, тұтыну кооперативiн, қауымдастықтарды (одақтарды) құру жағдайларын жəне ком- мерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы заң актi- лерiнде көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға құруы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттары:
мекеме үшiн – меншiк иесi (меншiк иелерi) бекiткен ереже
(жарғы) жəне меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) құру туралы шешiмi;
қор, тұтыну кооперативi, коммерциялық емес акционерлiк қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар бiрлестiктерi үшiн – құрылтайшылар бекiткен жарғы жəне құрылтай шарты;
қоғамдық бiрлестiк, дiни бiрлестiк үшiн – жарғы болып табы- лады.
Коммерциялық емес ұйымның жарғысы:
коммерциялық емес ұйымның атауын, соның iшiнде ұйымдық- құқықтық нысанын, қызметiнiң мəнi мен мақсатын;
коммерциялық емес ұйымның орналасқан жерiн;
коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тəртiбiн жəне құзыретiн;
коммерциялық емес ұйым мүшелерінің (қатысушыларының)
құқықтары мен мiндеттерiн;
коммерциялық емес ұйымның мүшелiгiне (егер коммерциялық емес ұйымның мүшелiгi болған жағдайда) қабылдау жəне одан шығу шарты мен тəртiбiн;
коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерiн;
коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тəртiбiн;
коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру жəне оның қызметiн тоқтату шартын;
коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану тəртiбiн;
филиалдар мен өкiлдiктер туралы мəлiметтердi көздеуге тиiс. Құрылтай шарты – коммерциялық емес ұйым құру туралы құ- рылтайшылардың келiсiмi, мұнда оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тəртiбi, оның меншiгiне (жедел басқару) өз мүлкiн беру жəне оның қызметiне қатысу шарттары айқындалады. Мұнда, егер коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, коммерциялық емес ұйымның қызметiн басқару, құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарты
мен тəртiбi де белгiленедi.
Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi мыналар:
құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер;
ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);
акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар жəне салым- дар (депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде);
заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сəйкес, коммерциялық емес ұйымның мүлкін ақшалай жəне өзге де нысандардағы құрау көздерi болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң кiрiс көз- дерiне заң актiлерiмен шектеулер қойылуы мүмкiн.
Құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түсетiн қар- жы жəне өзге де қаражат түсiмдерiнiң тəртiбi коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн, ақшалай нысаннан басқа, заттай жəне өзге нысандарда құрауға құрылтайшылардың салымда- ры барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың АЕК тең со- мадан асып кетсе, оны бағалауды аудиторлық ұйым растауға тиiс.
Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, құрылтай құжаттарына сəйкес олардың басқару орган- дары мыналар болып табылады:
жоғары басқару органы (жалпы жиналыс, съезд, конферен- ция, құрылтайшы) – коммерциялық емес ұйым қызметiнiң кез келген мəселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы;
басқарудың атқарушы органы (алқалы немесе дара басқару)
– коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен жоғары басқару органының ерекше құзыретiне жатқызылған мəселелердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның қызметiн ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, жоғары басқару органына есеп бередi;
коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлай- тын немесе тағайындайтын тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi);
коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сəйкес
Достарыңызбен бөлісу: |