ҚР АК 35 бабында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігіне негізгі талаптар белгіленген. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мазмұны тұрғысынан, заңды тұлға жүзеге асыра алатын қызметтердің түрлеріне əкеліп байланыстырылған. Жалпы ереже ретінде заңды тұлғаның кез келген заңды қызмет түрімен айналыса алатындығы бекітілген. Аталған ережеде коммерциялық заңды тұлғалардың жал- пы құқыққабілеттілігі туралы айтылуда. Коммерциялық емес ұйымдар үшін арнайы құқыққабілеттілігі бекітілген, яғни заңды тұлға өзінің жарғысында бекітілген жəне жарғылық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қызмет түрлерін ғана жүзеге асыра алады.
Құқыққабілеттіліктің жалпы шектерімен қатар кейбір заңды тұлғаларға заңмен арнаулы шектеулер бекітілген. Шектеулер заңды
тұлғаларға кейбір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат етумен көрсетілсе, ал кейбір заңды тұлғаларға қызметтің заңда белгіленген түрімен айналысуға тыйым салынады. Мысалы, ҚР «ҚР банктер жəне банктік қызметі туралы» заң кез келген заңды тұлға арнайы ресми банктің статусын алмаса, өзін банк деп есептеуге банктік қызметпен айналысуға тыйым салады.
Сонымен қатар, заңды тұлғаның құқыққа қабілеттілігі кəсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін. Мысалы, бірнеше тауар түрлері мен қызмет көрсетулер мемлекеттік қауіпсіздік негізінде құқық сақтаушылықты қамтамасыз ету- де, қоршаған ортаны қорғауда, меншікті, азаматтардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау тек мемлекеттік лицензия негізінде ғана жүзеге асырылады.
ҚР АК 35 бабына сəйкес заңды тұлғаның құқыққа қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатыла- ды. Алайда айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет сала- сында заңды тұлғаның құқыққа қабiлеттiлiгi сондай лицензияны ал- ған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тəртiппен жарам- сыз деп танылған кезде тоқтатылады. ҚР АК 37 бабына сəйкес заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі оның органдары арқылы жүзеге асыры- лады.
Заңды тұлғаның органдарына заңмен уəкілдік берілген неме- се құрылтай құжаттарымен заңды тұлғаның қызметтік мəселелерін шешуге жəне заңды тұлға атынан сөз сөйлейтін лауазымды адамдар жəне заңды тұлғаның ұжымдық топтары жатады.
Заңды тұлғаның органы құқықтың дербес субъектісі болмайды. Заңды тұлға атынан əрекет ету барысында құқықтар мен міндеттерді өзіне алмайды. Өз органдарының іс-əрекеттері арқылы заңды тұлға органдарының міндетін атқаратын нақты жеке тұлғаларды ауыстыру иеленген құқықтар мен міндеттерінің тоқтатылуына əкелмейді. Жал- пы ережеге сəйкес ҚР заңды тұлғалардың құрылымы келесідей түрде сипаттауға болады:
заңды тұлғаны басқарудың ең жоғарғы органы (жалпы жиналыс немесе жалғыз құрылтайшы, қатысушы);
атқарушы орган (жеке-дара немесе ұжымдық);
бақылау органы (мысалы, бақылау-ревизиялық комиссиясы, ішкі аудит қызметі жəне т.б.).
Заңды тұлғаны құру
Заңды тұлғаны оның құрылтайшылары – жеке тұлға, заңды тұл- ға, уəкілдік берілген мемлекеттік органдар құруы мүмкін.
Кейбір заңды тұлғалардың құрылтайшылары тек қана азаматтар (толық серіктестік), ал басқаларында – тек қана заңды тұлғалар (ас- социациялар) болуы мүмкін. Құрылтайшылар – мүліктің меншік иесі немесе онымен уəкілеттік берілген органдар мен тұлғалар. Қазіргі күнде кейбір заңды тұлғалар бір ғана құрылтайшыдан құрылуы мүмкін (АҚ, ЖШС).
ҚР АК 41 бабына сəйкес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына жарғы жəне құрылтай шарты жатады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрi жөнiндегi жалпы ережелер негiзiнде iс-əрекет жасай алады.
Шағын, орта жəне ірі кəсiпкерлiк субъектiсi болып табыла- тын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
Заңды тұлғаның құрылтай шартын құрылтайшылары жасасады, ал жарғысын құрылтайшылар бекітеді. Заңды тұлғаның жарғысын- да: оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарының құрылу тəртібі жəне олардың құзыреті, қызметін қайта құру мен тоқтату ережелері белгіленеді. Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк кəсiпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мəнi мен мақсаты белгiленуі тиiс. Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мəнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін. Жарғы заңды тұлғаның тек ішкі ұйымдастыруына ғана емес, сонымен қатар оның үшінші тұлғалармен қатынастарын реттеуге қажет болғандықтан, барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы. Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тəртiбiн, оның меншiгiне өз мүлкiн беру жəне оның қызметiне қатысу ережелерiн белгiлейдi. Шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тəртiбi де белгiленедi жəнеоныңжарғысыбекiтiледi.Құрылтайшартынақұрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн. Құрылтай шар-
ты құрылтайшылардың ішкі қатынастарын реттейтін ережелерден құрылғандықтан, оның мазмұны коммерциялық құпия болып та- былады. Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы бір адам болса, онда құрылтай шарты жасалмайды, жалғыз құрылтайшының шешімімен рəсімделеді.
Бiр заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қай- шылықтар болған жағдайда:
А) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;
B) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерiн қолдануға тиiс Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Құрылтай шарты қабылданып жарғының бекітілуі заңды тұлғаның құрылуын білдірмейді, ол тек құрылтайшылардың заңды тұлға құруға ниетін ғана білдіреді. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. ҚР АК 42-бабының 1-тармағының сипатталуы «заңды тұлға əділет органда- рында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс». Жоғарыда айтылғандардан келесі қорытынды шығады, заңды тұлға – ол ұйымдастырылып, бел-
гілі тəртіп бойынша тіркеліп рəсімделген ерекше мүліктік кешен.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің мақсаттары:
заңды тұлғаның құрылғандығын, қайта құрылғандығын жəне тоқтатылғандығы фактісін растау;
құрылған, қайта құрылған жəне өздерінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларды есепке алу жəне олардың құрылтай құжаттарының заңнамаға сəйкестігін тексеру;
заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн жəне олардың филиалдары мен өкілдіктерінің реестрін жүргізу;
шарттық бастамаларда заңды тұлғалар туралы деректерді мүдделі тұлғаларға ұсыну.
Мемлекеттік тіркеу мерзімдеріне қатысты келесілерді атап өту қажет: шағын кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметiн үлгiлiк жарғының негiзiнде жүзеге асыратын орта жəне iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жəне олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеуге қажеттi құжаттары қоса тiркелiп, өтiнiш берiлген күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс.
Өз қызметiн үлгiлiк емес жарғының негiзiнде жүзеге асыратын, орта жəне iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) жəне олардың филиал- дары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тiркелiп, өтiнiш берiлген күннен кейiнгi жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс. Жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiне жат- пайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды, мемлекеттiк тiркеу 10 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс. Саяси партиялар үшін тіркеудің бас мерзімі бекітілген. Оны тіркеу қажетті құжаттарды қоса ұсынған өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір айдан кешіктірілмей жүргізі- луі тиіс.
Тіркеудің жоғарыда аталған мерзімінің өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын ЖШС жəне ҚЖС, толық серіктес- тік жəне сенім серіктестігі, АҚ жəне ӨК сияқты заңды тұлғалар үшін ғана айқындалғанын білген жөн.
Қазіргі уақытта бұл сферада келесідей НҚА қолданылады: ҚР Үкіметінің «Шағын, орта жəне ірі кəсіпкерліктің субъектілері бо- лып табылатын заңды тұлғалардың Үлгілік жарғыларын бекіту жөніндегі» 2008 жылдың 16 қыркүйегіндегі №852 қаулысы; «Əділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиал- дар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2007 жылдың 12 сəуіріндегі №112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Əділет министрінің 2008 жылдың 13 қазанындағы №273 бұйрығы. Осы құжаттарға сəйкес тіркеу түрін ескере отырып, өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыра- тын заңды тұлғалар үшін өтініштердің жаңа нысандары (мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік қайта тіркеу, енгізілген өзгерістердің əрбіріне же- келей) əзірленді.
Шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жəне өндірістік кооперативтердің шағын, орта жəне ірі кəсіпкерліктің субъектілері болып табылатындығын ескере отырып, аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың арасында барлық тіркеу рəсімдеріне деген өтініштер ажыратылған.
Ең бастысы – өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тіркеудің шектеулі мерзімдерімен бірге, тіркеуші органға жарғыны ұсыну талап етілмейді. Нотариалды куəландырылған жəне бекітілген нысандағы үш дана өтінішті ұсыну қажет (1-ші данасы – тіркеуші органға, 2-шісі – салық органына, 3-шісі өтініш берушінің өзіне). Егер құрылтайшыларының саны біреуден көп болса, онда құрылтайшылардың тізімі өтінішке қоса ұсынылатын қосымша түрінде рəсімделеді. Осы ретте, өтініште келесідей деректер көр- сетілуі тиіс: аты-жөні толықтай жазылған қатысушылардың тізімі, тұрғылықты жері, жеке куəлігінің деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) жəне атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болып табылса).
Жаңалығы – өтініште қызметтердің барлығын көрсетпеуге де бо- лады. ЭҚБК (экономикалық қызметтің басты кодын) сандық белгіде көрсету жеткілікті жəне олар құжаттарды ХҚО тапсыру кезінде қалыптастырылады. Өтініштердің бекітілген нысандарын ХҚО алуға болады.
Егер заңды тұлға өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда тіркеуші орган нотариалды куəландырылған жəне бекітілген нысандағы өтінішке (бұл заңды тұлғаның жарғысы бо- лып табылады) келесідей мазмұндағы таңба «Үлгілік жарғы негізінде тіркелді», сондай-ақ əділет департаментінің мөрі жəне тіркеу туралы тиісті таңбалар қойылады.
Сондай-ақ, тіркелген заңды тұлғаның жоғары органы (құрыл- тайшысы, мүлік иесі) өз қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға жəне тіркеу рəсімдерін өтуге де құқылы екендігін атап өткен жөн.
Заңды тұлғалардың қайта тіркелуі заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін жүргізген органдарда жүргізіледі. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
жарғылық капиталының мөлшерi азайтылғада;
атауы өзгергенде;
шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кəсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс (ҚР АК 42-бабы).
Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табы- лады.
Тіркеу жəне қайта тіркеуге қарағанда, бір айлық мерзімде ха- бардар ету заңды тұлғаның тіркеуші органға жүгінуі, яғни заңды
тұлғаның жарғысына оны қайта тіркеуге негіз болып табылмайтын өзгерістер немесе толықтырулардың енгізілгендігі туралы хабар- лауы болып табылады. Бұл орналасқан жерінің өзгеруі, жарғылық капиталының ұлғаюы, органдар құзіретінің өзгеруі жəне т.б. болуы мүмкін.
Шетел қатысуымен құрылған заңды тұлғалар барлық заңды тұлғаларға қойылатын талаптар бойынша мемлекеттік тіркелімге жатады. Тіркеу кезінде олардың құрылтайшыларының құқықтық мəртебесін растайтын бірнеше қосымша құжаттар талап етіледі. Мұндай заңды тұлғалар ҚР əділет органдарында тіркелгеннен кейін отандық заңды тұлға статусына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |