ТАҚЫРЫП 1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ
СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
1.1. Нарықтық экономиканың жалпы сипаттамасы және даму шарттары
Экономика термині гректің эйкос шаруашылық және комос (заң) деген екі сөз тіркестерінен құралғандығы белгілі. Яғни бұл терминдердің аудармасы шаруашылықты жүргізудің заңдылықтары деген мағынаны береді. Басқаша айтқанда экономика - бұл қоғамның материалдық жағдайын қамтамасыз етуге байланысты барлық іс-әрекет түрлерін айтады. Өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге байланысты адам еңбегі – экономикалық ғылымдардың зерттеу зерзаты болып табылады. Алайда, адам қажеттілігінің жиынтығы орасан зор, сондай-ақ ол үздіксіз күрделеніп, ұлғайып отырады. Ал екінші жағынан, осы қажеттіліктерді қанағаттандырушы ресурстар көлемі шектеулі екендігін ескергеніміз жөн. Осы жағдайға байланысты шаруашылық іс-әрекетте шектеулі ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және ұлғаймалы қажеттіліктерді ең жоғары қанағаттандыру мақсатында осы процесті реттеу мәселесі туындайды. Күні бүгінге дейін адамзат тарихында қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру мүмкіндігінің сәйкессіздігі орын алады.
Ресурстардың шектеулілігі жалпы барлық экономикалық жүйеге тән қасиет. Өндірістік ресурстар тапшылығы жалпы мемлекет экономикасына ғана емес, жеке экономикалық субъектілері үшін де тән, себебі жер оның табиғи байлығы, ғимараттар мен жабдықтар түріндегі өндіріс ресурстары әрқашан шектеулі. Осылайша, егер барлық қоғам мүшелерінің қалаған тауар мен қызметті иелену мүмкіндігі болар болса, қоғамда тауар мен қызметтердің толық тапшылығы орын алар еді. Яғни, ресурстардың шектеулілігі мәселелерін тауар мен қызметке деген қажеттілік пен осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әрекеттер (құралдар) арасындағы теңсіздік ретінде сипаттауға болады. Қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктерінің арасындағы қашықтық, қоғамнан осы мүмкіншіліктерді ұлғайту жолдарын ізденуді талап етеді, себебі, нақты мәселе адам мен оның интеллектуалдық мүмкіндіктерінің дамуы үшін маңызды ынталандырушы күш болып табылады. Осы негізде, қоғам мүшелерінің теориялық білім, тәжірибе жинақтау процесі, ғылым мен техникалық прогрессті туындатады және қарқындылығымен дами түседі. Осындай процесс адамға өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін ұлғайтуға, яғни, қолда бар ресурстар мен қажеттіліктерді барынша жоғары қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Алайда, бұл процесте жоғарыда айтылған қажеттілік пен оны қанағаттандыру деңгейінің арасындағы алшақтықты айтарлықтай жақындатқанымен, толық жоя алмайды. Себебі адамдардың білімі, іскерлік қабілеті, тәжірибесі үздіксіз молайып, жинақталып отырғанымен сол уақытқа қол жеткізілген адамзат интелектісінің, ғылым мен техниканың даму деңгейімен шектеліп қалмақ. Осылайша, жоғарыда айтылған жеңілдетуші факторларға қарамастан, бірінші ретті табиғи және басқада ресурстардың шектеулілік проблемасы (мәселесі) қала бермек. Ресурстардың шектеулілігі қандайда бір қажеттіліктерді қанағаттандырудан бас тартуды талап етеді, осыдан келе таңдау мәселесі туындайды. Бұл мәселенің қиындығы, өндірістік ресурстардың шектеулілігіне байланысты үнемі таңдау қажеттілігі тұратындығына негізделген. Яғни, біз ресурстарды қалай тиімді пайдаланудың немесе өндіру қажет және қаншалықты көлемде деген сұрақтарға жауап іздеуіміз қажет. Қорыта келгенде, таңдау дегеніміз – белгілі бір мүмкін мөлшерліктерден бас тартып, неғұрлым тиімді деп саналатын нұсқасын таңдап алу туралы шешім қабылдау. Алайда, таңдау процесстерінің екінші бір қыры бар. Ол жағы мынаған негізделген, адамдардың белгілі бір қажеттігін бірнеше әдістер арқылы қанағаттандыруға болады. Сондықтан қажеттілігін таңдау осы әдістердің ішіндегі тиімдісін таңдап алуға негізделген.
Қарапайым мысал: жеке шаруаның егіс алқабының көлемі шектеулі болғандықтан, ол сол егіс алқабын неғұрлым тиімді пайдалану үшін қандай түрін көбірек отырғызып, қайсысынан бас тартуы қажет деген мәселе туындайды, яғни ол таңдау жасау үшін белгілі бір шешімге келуі қажет.
Жалпы қоғам, оның экономикалық жүйесінің алдында таңдау мәселесі туындап отыр, себебі өндіріс ресурстары мемлекет, аймақ шегінде де шектеулі. Сондықтанда қоғам алдында да, ресурстардың шектеулі көлемін жеке өндіріс сферасының, қызмет көрсету сферасының, нарықтық инфрақұрылымының арасында да үлестіру мәселесі тұр. Бұл жағдайда бір бағыттағы тауар өндіріс көлемінің ұлғаюы басқа бағыттардағы (мақсаттағы) тауар мен қызмет өндірісін шектейді.
Осылайша, таңдау мәселесі (проблемасы) ресурстардың шектеулілігі жағдайында мынандай негізгі сұрақтарға жауап талап етеді:
- не өндіру қажет (тауар мен қызметтің қай түрін)?
- таңдап алынған тауар түрін қалай өндіру керек?
- өндірілген өнімді қалайша өткізу мүмкін?
- Ресурстардың қаншалықты бөлігін ағымда тұтынуға, ал қаншалықты бөлігі қор жинауға пайдалану мүмкіншілігі?
Жоғарғы сауалдарға жауап қайтару үшін, біз алдымен тиімді (пайдалы) жағын ескеретініміз ақиқат. Бұл кез-келген шаруашылық әрекетін қозғау күші болып табылады. Экономика ғылымдарының негізін қалаушыларының бірі А.Смит нарықтық механизмдердің туындау кезін былайша сипаттаған болатын: “барлық адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға тұрақты ұмтылысы” - бұл қоғамдық, ұлттық және де жеке байланыстың бастауы, (негізгі қайнар көзі).
Дәл осы тұлғалардың пайдаға деген ұмтылысы және объективті еңбек нәтижелерімен айырбас заңдылықтары нарықтық механизмдердің құрылу негізінде жатыр. Нарықтың көптеген анықтамалары бар, оларды жинақтап ойымызды тұжырымдар болсақ, нарыққа төмендегідей анықтама беруге болады. Қазіргі кезде “сұраным” “баға” және “ұсыным” болып табылатын дербес экономикалық элементтері қосалқы жүйеге айналды. Дәл осылардың бірлігі “нарық” түсінігімен аталады. Егер осыған экономиканың негізгі екі өндірістік және тұтыну саласын қоссақ, онда нарық түсінігі кеңие түседі, де нарықтық экономика деген ұғым пайда болады. Сонымен нарықты экономика дегеніміз экономиканың реттеу механизімін құрайтын маңызды факторлардың өзара қатынастар формасының және жеке шаруашылық субъектілерінің арасындағы байланыстар жиынтығы. Нарықтық экономикада сатушы мен сатып алушы ретіндегі өзара әрекеттесуі айырбас процесін туындатады, яғни сатушыларға өз тауарын (қызмет) сату мүмкіндігі туса, ал алушыларға қажетті товарларын сатып алу мүмкіндігі туындайды.Сонымен нарық дегеніміз өндіріс пен тауар айырбасына байланысты өзара қатынастар жиынтығы, деп айтуға болады.
Нарық шаруашылығы бүгінгі экономикалық жүйенің дамуы – құндылықтарды және әрбір тауарды бағалаусыз мүмкін емес. Сондықтан бағаның атқарымы – бір жағынан таңдау мәселесін, не сатып алу керек екенін, екінші жақтан, өндірушілерге не өндіру қажет деген сұраққа жауап екенін анықтауға және ресурстарды нақты қайда жұмсау мәселесін шешу.
Сөздің кең мағнасында алғанда тауарларды өндіру айналысқа жіберу, бөлу, сондай-ақ субъектілердің сатып алушылар мен сатушыларды таңдауға, бағаны белгілеудегі, ресурстар көздерін қалыптастырып, пайдаланудағы еркіндігіне тән сипат болатын ақша қаражатының қозғалысы барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі .Бұл орайда, мемлекеттің рөлі тепе-тең макроэкономикалық үйлесімділікке қол жеткізуге бағытталған тақырыптарға реттеуші шараларды белгілеп, қолданумен шектеледі.
Сөздің тар мағнасын алғанда нарық (рынок) тауарлармен капиталдардың еркін айналысының сондай-ақ жұмыс күші қозғалысының, өндірістің басқа факторларының аясы дегенді білдіреді. Осыған байланысты тауарлар, көрсетелетін қызметтер, капиталдар, жұмыс күші, идеялалар, ақпараттар т.б. нарықтар түріне бөлінеді. Нарық экономикасының негізгі күші өндірушілермен алушылардың өз күштерін барлық экономиканың тиімді дамуына әсер етуі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |