Электронды ақпарат құралдары: радио, теледидар, интернет: электронды газет-журналдар. Радио. Радионы ғылыми айналымға 1895 А.С. Попов енгізді. Ал, 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика қарқынды дами бастады. Ақпарат кеңістігінде оперативтілігімен, шынайылығымен және өміршең өткірлігімен айрықша мәңге ие болған бұқаралық ақпарат құралдарының ең тиімдісі, әрі ең қолайлысы осы - радио.
Ол кең аудиториясымен әрбір отбасына, әрбір жеке адамға әсер ету қуатымен ерекшеленеді. Кез келген ақпарат, жаңалықтар, күнделікті оқиғалар тізбегі, ең алдымен, әуе толқыны арқылы тарап жатады.
Радио – тарих, өмірдің өшпес шежірешісі.
Ресейлік ғалымдар радио тарихын төмендегідей кезеңдерге бөліп қарастыруды ұсынған:
1. Радиобағдарламалардың қалыптасу кезеңі. 1921 – 1927 жж.
2. Тоталитарлық мемлекет радиосы. 1927 – 1943 жж.
3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік радио. 1941 – 1945 жж.
4. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы радио. 1946 – 1950 жж.
5. Тоталитарлық мемлекет және әлеуметтік тоқырау дәуірі.1950 – 1985 жж.
6. Қайта кұру және жариялылық радиосы. 1985 – 1991 жж.
7. Нарық кезеңіндегі радио. 1991 – 2005 жж.
Теледидар. Тележурналистиканың пайда болуын теледидардың пайда болуымен түсіндіруге болады. Теледидардың дүниеге келуі ғалым Б.Л.Розингтің есімімен байланысты. Нақтылап айтқанда 1910-1911 жылдары деген дерек бар. Сапалық белгілері бойынша теледидар ақ, қара, түрлі-түсті және стерео деп бөлінеді.
Теледидар - телеқабылдағыш, радио толқында немесе кабельмен тартылатын телекескінді қабылдау, көрсету, дыбысын естіртетін радио техникалық құрылғы. Теледидар біздің елде төрт класқа топталады. Бірінші, үшінші клас орнықты, төртінші клас аумағы шағын теледидарлар.
Тележурналистикаға қойылатын басты талап: заман шежірешісі, халық өмірінің жаршысы болуы. Осы міндетті өтеуде өзіндік шыншылдық қызмет бар.
Тележурналистика ақпаратты насихаттау құралы, өнер үлгілерімен бұқара арасында дәнекер уағызшы ретінде театр, кино, радио және баспасөзге тән болып жатқан қимыл әрекет, үнін, тынысын естіртумен ғана шектелмей пленка арқылы жаңғыртып көрсетпейді, ол көгілдір экран алдында отырған адамға өтіп жатқан өмір құбылысын дәл сол сәтінде, оқиға болып жатқан мезетінде көрсетеді.
Отандық тележурналистика тарихына тоқталсақ, одақтас республикаларда елуінші жылдардан бастап алғашқы телестудиялар ашыла бастады. Қазақ теледидарының алғашқы телехабарларын тәжірибе түріндегі – кинофильм, театр және эстарда шығармалары құрады. Қазіргі «Қазақстан ұлттық телеаранасы» өз жұмысын 1958 ж. 8 наурызда бастаған болатын.
Интернет. Интернет-журналистиканың бір саласы, бұқаралық ақпарат құралының бірі.
XX ғасырдың 50 жылдарының соңына қарай АҚШ-тың алдыңғы қатарлы әскери зерттеу агенттігі соғыс боп қалған жағдайда жылдам ақпарат алмасатын желінің қажет екендігін айтып, компьютерлер желісін құру жайлы ұсыныс жасайды. Мұндай желіні жасау Калифорния университетіне (The University of California), Стэнфорд зерттеулер орталығына, Юта штатының университетіне (Utah State University) және Санта-Барбарадағы Калифорния штатының университетіне (California State University) тапсырылды. Бұл жоба АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі тарапынан қаржыландырылды.
Алғаш жасалған желі ARPANET (ағыл.: Advanced Research Projects Agency Network) деп аталды. 1969 жылы желіні жасауға қатысқан төрт мекеменің арасында өзара байланыс орнатылды. Уақыт өткен сайын танымалдылығы артқан желіні кейіннен басқа саладағы ғылыми қызметкерлер де пайдалана бастады.
Бүгiнгi күнi дәстүрлi медиа - газет, телеарналар интернетпен байланысын күшейтiп келедi. Интернет арқылы халықпен тiкелей байланысуға мүмкiндiк алды. Сайтқа суреттер мен видеоны, аудионы қосып қою арқылы жаңа бiр қырынан танылуға мүмкiндiк аламыз.