1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»


-ТАҚЫРЫП Журналистік шығармалар мазмұны мен формалары



бет21/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Лекция - Даурен А.

9-ТАҚЫРЫП Журналистік шығармалар мазмұны мен формалары


Дәріс:
1. Журналисттік шығарма түсінігі
2.Баспасөз шығармаларының ерекшеліктері
3. Радио шығармаларының ерекшеліктері
4. Теледидар шығармаларының ерекшеліктері

Журналистік зерттеу қоғамының негізін салушы Роберт Грин «Белгілі бір жеке адамның, ұйымның құпия жағдайда сақтағысы келген дүниелеріне тереңдеп еніп, сол арқылы қоғамдық мүддені көтерген, өзекті проблеманы таңдаған журналист мақаласын, бағдарламасын журналистік зерттеу» — деп түсінуге болатынын айтады.


Журналистік зерттеу кім, не, қашан, қайда, қалай, неге деген сұрақтарға жан-жақты әрі толықтай жауап бере отырып, оқиғаның түп-тұқиянына тереңдеп енеді.
Осы мағынасы бойынша журналистік зерттеудің тақырыбы:
• Жұртшылықтың сұранысына, қажеттілігіне сай келу;
• Қоғамдық маңыздылығы биік болуымен қатар елдің психологиясына әсер ететіндей ауқымды болу;
Шығарманың мазмұн мен форманың бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай боп табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен форманың бірлігі – оның эстетикалық бағалылығы.
Әдебиеттегі мазмұн мен форманы көркем шығармаға көшірсек шығарма мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да формаәдеби қаһарманның өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композиция және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, көркем шығарманың тілі.
Шығарма тақырыбы мен идеясы
Тақырып – әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жағдайлардың бағыт-бағдары болып табылады.
Идея жазушының осы өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағасын білдіреді.
Идеяның түрлері
•Негізгі идея - бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселе.

  • Авторлық идея – суреткердің о бастағы ой өзегі.

• Объективтік идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже.
Журналистік шығарманың фабулалық-композициялық құрылымы нақты ой бітімге байланысты. Автор өзі жинаған фактілерін, деректерін, оқиғалық материалын әдеби ажарлап, уақыт пен кеңістік аумағына сай орналастыруды көздейді. Дербес шығармашылық міндетті орындау жолында автор қолда бар элементтерді реттейді, синтездейді, белгілі бір қатарларға қалап шығады.
Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы.
Жалпы, композиция дегеніміз – шығарманың ішкі құрылымы (идеялық-көркемдік тұтастықты ұйыстыратын бейнелеу тәсілдерін іріктеу, топтастыру және бір ізге түсіру). Тұтастық, әрине, пішін мен мазмұн бірлігінен туындайды.
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.
Композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.
Сюжет - (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс.
Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет