1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»



бет23/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Лекция - Даурен А.

1. "Қатты" ақпарат - болып жатқан оқиға жайлы сенсациялық ақпарат.Ол ақпаратта лидтің мынадай түрлері ажыратылады.
- Бір элементтік лид жаңалық жасап тұрған ең маңызды элемент. Ол адам аты, оқиға соңы, уақыты болуы мүмкін.
- Жинақтау лид ақпаратта маңыздылығы бірдей бірнеше элемент болғанда қолданылады.
- Ілмекті лид ақпараттық материалды түгел тауысады. Автор бірінші абзацта- ақ бүкіл сұраққа жауап бере салады. -Жылдам сәйкестендіру суреттеліп отырған оқиға танымал тұлғаның қатысуымен өтетіндіктен, ақпарат бірден "кім?" деген сұраққа жауап беруден басталады. -Баяу сәйкестендіру оқиғаға себепкер болған адам- елге танымал емес, тек болған оқиға барысында ғана көзге іліккен қарапайым адам. Мысалы, кісі өліміне себепкер болған адам жайлы ақпарат.
- Жалғыз оқ лид ақпарат өте қысқа, бірақ афоризм тұрғысынан алғанда маңызды. Мысалы, "Басқа пәле- тілден".
- Талдамалы лид ақпарат жинақы, ақпарат беру барысында журналист болған оқиғаға байланысты өз ойын қосады. Ол "дегенмен", "алайда", "бірақ та" секілді қыстырма сөздермен жүзеге асады.
-Каламбур лид әдетте жергілікті көңіл көтеретін баспасөз беттерінде кездеседі. Лидтің негізі болып кинофильмдер, телебағдарламалар немесе танымал жұлдыздардың есімі алынады.
2. Жұмсақ ақпарат - ақпарат толық, кішкене бөлшектеріне дейін сипаттала отырып жазылған. Халықты "жұмсақ" ақпаратпен құлақтандыру кезінде төмендегі лид түрлері қолданылады:
- Салыстыру лиді бірінші абзацта кеше мен бүгін, ескі мен жаңа қарама- қайшылық ретінде суреттеледі. Мысалы, "Кешегінің жастары баспын дейтін, бүгінгінің шалдары жаспын дейді".
- Бағытталған лид (стаккато) ой тастау мақсатында үзінді түрінде жазылған телеграфтық қысқа сөйлемдер. Бірінші абзацта ойды оқырманға бағыттап, "Егер сіз..." немесе "Сіз..." деп басталады.
- Сұрақты лид сұрақ ашық түрде қойылады. Мысалы, "Конференция барысында айтылғанның бәріне сенуге бола ма?" ("Қатты" ақпарат ешқашан сұрақпен басталмайды.)
- Дәйексөз лиді абзац ашық тырнақшадан басталады. Бұл тәсіл Еуропалық баспасөзде кеңінен тараған.
- Шолжаң лид кекесінді лид. Ол шығармашылық бағыттағы ақпараттарда өте жиі қолданылады.


Радио тілі – қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, мәнерлі, әуезді, әсерлі болуы керек. Сонымен бірге радио тілін зерттеушілердің пікірлеріне назар аударсақ, қосымша мына жайларды аңғаруға болады.
Мәселен ғалым А.Шнейдер өз еңбегінде: «Кітаптың тілі емес, газеттің тілі емес, сөйлеу тілі ғана радио тілі болу керек», — дейді.
Сондай-ақ Б.Михайлов: «Радиохабар тілі — әдеби тілдің сөйлеу түрлеріне жатады», — дейді. Тағы бір пікірді А.Фриш былай деп түйеді: «…оның (яғни, радионың) сапасы сөйлеуге байланысты».
Радионың ерекшелігіне байланысты дыбыс айрықша рөл атқарады. Радиодағы ауызша сөз бен сөйлеу тілінің өзіндік мәні бар.

  • Сондықтан сөйлегенде дауысты жоғарылату мен төмендетудің дыбыстың қандай дәрежеде болуының өзі адамға әртүрлі әсер етеді.

  • Дұрыс акцентпен айтылған сөз көңілге қонымды шығады. Естуге де жағымды.

  • Немесе тез сөйлеу мен баяу сөйлеудің де әсері өзінше.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет