1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі



бет2/13
Дата23.02.2016
өлшемі2.84 Mb.
#3113
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Қайталауға арналған сұрақтар


1. Меншік формаларына анықтама беріңіз?

2. Меншіктің заңдық және экономикалық жақтарының айырмашылықтарын анықтауға қандай факторлар әсер етеді?

3. Адам мен қоғам өміріндегі меншіктік қатынас-тардың рөлі мен мәнін негіздеңіз?

4. Мына ойды қалай түсіндіруге болады: «Жеке меншік - жекеленген, ал қоғамдық - иесіздендірілген»?

5. Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта ҚР-да меншік­тің қай формасы бекітіледі?

6. К.Маркс түсінігін негіздеңіз - «Шенеуініктер жеке меншік сияқты мемлекеттік және саяси билікті меншіктенеді?


Тестілер

1. Меншіктік қатынас - бұл құқық. Иелену құқығына ие болу деген не? Өндірістік қатынастарсыз иеленуге бола ма?

2. Меншік - адамдар арасында тарихи өзгеретін жүйе:

а) өндіріс процесі мен қызмет көрсетудегі объективті қатынастар

б) материалдық игіліктерді бөлу және оларды тұтыну

в) қоғам мүшелерінің еңбек қызметінің арасындағы айырбас

г) жеке кәсіпкерлер мен өндіріс қаражаттарын меншіктену

д) а, б, в жауаптары дұрыс

е) барлық жауаптар дұрыс

3. Қорлар мен өндіріс факторларының меншік иесі болу деген не?

а) қорларды иелену құқығы

б) қорлар, өндірілген тауарлар мен қызметтерді билеу және меншіктену

в) шешім қабылдау құқығы - не және кім үшін өндіру

г) материалдық игіліктерді кім үшін және қанша өндіру

д) а, б жауаптары дұрыс

е) барлық жауаптар дұрыс

4. Меншіктің қоғамдық формаларының теориялық негізін құрды:

а) У.Петти

б) А.Смит және Д.Рикардо

в) В.Ленин

г) К.Маркс

д) Ф.Энгельс

е) Дж.Кейнс

5. Меншіктің жанама қатынасы іске асырылады:

а) экономикада нарықтың реттеу және ынталандыру қызметтері жүзеге асырылмағанда

б) керісінше экономикалық категориялар жүзеге асыры­лады - нарықтың реттеуші және ынталандырушы қызметтері;

в) тәуекел, ізденушілік, ынта кәсіпорын қызметін басқарғанда

г) керісінше, тәуекел, ізденушілік, ынта болмағанда

д) а, г жауаптары дұрыс

е) б, в жауаптары дұрыс
3-Тақырып

ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
3.1.Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы

3.2. Тауар және оның қасиеттері



    1. Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы

3.4. Ақшаның қызметтері

3.5. Ақша мен ақша айналымының эволюциясы


3.1. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық.

Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).

Не, қалай және кімдер үшін өндіру сияқты өзекті мәселелерге шешімдерді өз шаруашылығының (патриархалды жан ұяның) талабына сәйкес, шарушылық иелері (жұмыскерлер) шешеді. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан дәстүрлер мен көсемдердің шешімдері басты рөл атқарды. Натуралды шаруашылықтың “өндіру-тұтыну” принципі (яғни, айырбас пен қоғамдық бөлудің болмауы ) өз өміршеңдігін көрсетті, оның элементтері біздің қоғамымызда микро және макро деңгейде кездеседі. Микро деңгейдегі натуралды шаруашылыққа бау-бақша жеріндегі жұмыс, саяжай мысал бола алады. Ал, макро деңгейдің мақсаты- бір елдің шеңберінде өздерін қамтамасыз ету болып табылатын, шетелдер мен жабық жағдайдағы шаруашылықты құруға бағытталған автаркия саясаты мысал бола алады.

Мұндай саясат елді әлемдік, нарықтан шектетіп, экономиканы мешеулік күйге түсіреді; шаруашылықты кіріптарлыққа апарады, сол себепті ол керітартпа сипатта болады.

Тауар өндірісі деп - өнімдерді сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.

Тауар өндірісінің пайда болуының қажетті шарты қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады, бұл кезде өндірушілер нақты өнімдерді жасауға маманданады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі болды.

Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.

Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды.

Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды және көпес, саудагерлер өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.

Тауар өндірісінің пайда болуының тағы бір себептеріне меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.

Ол алғашқы қауымдық қоғам ыдырау кезінде, яғни жеке меншік орнағаннан соң пайда болды. Тауар өндірісінің даму кезеңдері - айырбастың, нарықтың дамуы мен тығыз байланысты. Нарықтың төмендегідей типтері бар, олар дамымаған, еркін,реттелетін, бұзылған.

Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше үлгілері қалыптасады:

1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі;

2. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі;


  1. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі;

  2. бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісі.

1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) - қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда, ол, бүкіл, экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпылама сипаты бола алмайды.

II. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі (нарықтық экономика) - өзіне тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар:

а) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбекке алмастырады;

б) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға арналады.

Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтан да оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализм немесе “еркін экономика ” деп атайды.

Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруда нарықтар мен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын тауар өндірісінің мұндай түрін нарықтық (капиталистік) экономика деп атайды.

III. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі – экономикада екі сектордың болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктер мен бүкіл ресурстарды өндіруде, бөлуде айырбастау мен тұтынуда мемлекеттік және жеке сектор үлестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Мемлекет нарықтық экономикаға белсенді түрде араласады, дегенмен оның реттеушілік рөлін, оның “көрінбейтін қолы” принципін сақтайды.

Реттелетін нарық экономиканы монополияландыру барысында қалыптасады, бұл кезде үкіметтің алдында бір ғана мәселе- монополияны тежеу міндеті тұрады.

Мемлекеттік реттеудің негізгі формалары - заңдар шығару, салық салу, басқаруды қаржы арқылы жүзеге асыру.

Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісінің бірнеше үлгілері бар:

1. Әлеуметтік нарық;

2. Аралас экономика;

3. Корпоративтік экономика.

Олар мемлекеттік бағдарламаның нысанды мақсаттары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.

Әлеуметтік нарық шаруашылығының басты мақсаты - адамзаттың мүдделерін қорғау; аралас экономиканың мақсаты - кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар туғызу; ал корпоративтік экономиканың мақсаты - ірі бизнестің мүдделерін қорғау болып табылады. Бірінші үлгі -Германияға, екіншісі - АҚШ-қа, үшіншісі - Жапония мен Швецияға тән.

IV. Бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісіне жататын әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеге тән белгілер: жетілген қоғамдық еңбек бөлінісінің жүйесі; ірі машина өндірісі, ұлттық экономиканы ұдайы және үздіксіз реттеу, еркін нарықтық қатынастарға тосқауыл қою. Әкімшіл-әміршіл экономика жоспарлы нұсқаулық және нормативтік болып екі үлгіге бөлінеді.

Жоспарлы әкімшілдік жүйе – ресурстарды пайдалану және бағаларды белгілеу жөнінде шаруашылық қызметтерін түгелімен бір орталыққа бағындыруға негізделген.

Нормативтік үлгі - өндірушілердің дербестігін нығайтуға кедергі жасайды: әрбір кәсіпорын өздері орындауға міндетті жоспар – нұсқау орнына, нормативтер мен бағдарламалар жүйесін жетекшілікке алады.

Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау дегеніміз бұрынғы әкімшілдік-әміршілдік жүйеден (қазіргі заманға лайық) нарықтық әдістерге негізделген шаруашылыққа өту болып табылады. Осыған орай, біз қандай экономика құрудамыз және қандай үлгіні таңдадық деген орынды сұрақтар туындайды.

Нарықтық экономиканың моделін таңдау деп – мемлекеттің ұлттық экономикаға ықпал жасайтын жүйесін таңдап алуын айтады.

Еркін кәсіпкерлік экономикасында (АҚШ) қаржы жүйелері арқылы нарыққа ықпал жасайтын монитарлық құралдар басым болады.

Әлеуметтік нысаналы нарықты экономикада фискальді саясатты жүзеге асыратын әдістердің маңызы зор.

Баршаға белгілідей, мемлекет тарапынан ұлттық нарыққа үлкен қолдау жасалатын және қаржыны қайта бөлу процестерін зор сенімділікпен жүзеге асыратын әлеуметтік нысаналы нарықтық экономика, жұрттың бәріне де ұнайды.

Тауар өндірісінің даму кезеңдеріне жасалған мұндай қысқаша шолу, тауар өндірісі мен нарықтық экономика арасында айырмашылықтар бар екендігін білдіреді.

Сөзсіз, нарықты экономиканың негізін тауар өндірісі құрайды.

Бірақта нарықтық экономика (капитализм) пайда болғанға дейін, тауар өндірісі бірнеше жүз мың жылдар бұрын өмір сүрді. Сонымен қатар, тауар - ақша қатынастары, әкімшіл-өмірде жүйеден орын алды.

Демек, "тауар өндірісі" категориясының тарихи шежіресі "нарықтық экономика" категориясымен салыстырғанда көп терең екендігін мойындаған жөн.




    1. Тауар және оның қасиеттері

Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.

I. Маркстік теорияда, тауар - сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:

а)тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;

б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.

в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.

II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.

Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін - экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерін де жатқызды.

Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл концепцияларда әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан, олар тауар - еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсатты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулер де тауарға айналатынын дәлелдейді. Әрбір тауардың тұтыну құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді, яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар өндірушіге ең қажетті нәрсе өз тауарының басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің болуы.

Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі пропорциялық мөлшермен айырбасталу қабілетін оның айырбас құны деп атайды. .

Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың өздеріне тән натуралды-заттай формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі болып табылады.

Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар:

а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.

б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны

Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді.

Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.

Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар - айырбастың негізін пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды.

Енді осы аталған тұжырымдамаларға арнайы тоқталайық. Құнның еңбек теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды өндіруге жұмсалған еңбек арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті нақты еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті абстракты еңбек деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан алуан мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен, өзара теңестіруге мүмкіндік беретін жалпылама категория.

Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасты. А.Смит құн мөлшерін жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо нашар өндірістік жағдайдағы тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы құн мөлшерін іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық өндірістің қалыпты жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықтады.

Пайдалылық теориясының іргетасын қалаған австрия мектебінің өкілдері (К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас, У.Джевонс және т.б) құнның мөлшерін сатып алушының субъективті баға беруі арқылы анықтайды. Тауарға субъективті баға беру екі факторға, яғни: қолдағы бар игіліктер қорының көлеміне және оған деген қажеттіктердің қанығу дәрежесіне тәуелді болады.

Мысалы, шөл жерде қалдыңыз және өте шөлдедіңіз делік. Бұл жағдайда ең қымбат, әрі сирек зат, сіз үшін өте пайдалы, әрі тәтті – су, бірақ суды ішіп, шөліңіз басылғаннан соң, сіз үшін судың пайдалылығы кеми береді. Ең соңғы ішкен бір шыны судың сіз үшін пайдалылығы бірінші шыныдан төмен.

Сонымен, шектеулі пайдалылық деп - тауарлар мен қызмет көрсетулердің әрбір келесі кезектегі үстеме мөлшерінен тұтынушының алатын қосымша пайдалылығын айтады. Ол - -жалпы пайдалылықтың көлемін тұтынудың өзгерген мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.

Шығындар тұжырымдамасы Джеймс Милльдің, Мак-Кулохтың еңбектерінде орын алған. Олар өндіріс шығындарын, яғни өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығындар арқылы құн мөлшерін анықтауды ұсынды. Осы аталған үш теорияны біріктіруге А.Маршалл. Дж.Кларк, П.Самуэльсон ұмтылыстар жасады.

Олардың ішінде А.Маршалдың концепциясы сәтті шықты, ол құнды жасаудың тек жалғыз ғана себебін іздестіруден бас тартты, ол алдымен шектеулі пайдалылық теориясы және сұраныс пен ұсыныс теориясын өзара біріктірді және оларға өндірістік шығындар теориясын қосты. Осылайша жасалған оның зерттеу әдісінде - пайдалылықтың, сұраныс пен ұсыныстың, шығындар мен бағалардың өзара әрекеттесу нәтижелері арқылы – бағаны анықтау проблемасы өз шешімдерін тапты.




    1. Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы

Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды. Оған жататындар: балта, пышақ, найза, қалқан, садақ және т.б. Осындай сан алуан заттардың ақша қызметтерін атқарды, кейбір экономистердің ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен субъективтік және объективтік екі көзқарас қалыптасты.

Субъективтік көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды.

Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.

Бұл теория тауар айырбасының дамуын және ақшаның пайда болуын өзара байланыстырып зерттеді. Қоғамның бастапқы даму сатыларында, бір өнімді екінші өнімге тікелей алмастыру кезінде кездейсоқ сәттерде, айырбас пайда болды.

Екі тауарды өзара алмастыру кезінде біреуінің құны екіншісінің құнына теңестірілетін болды. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы салдарынан нарыққа тауарлар көптеп түсетін болды. Біреудің қолындағы артық, жалғыз тауарын басқа тауарлардың құнын кездейсоқ теңестіру, заман талабын қанағаттандыра алмады.

Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір зат (мысалы, қой) дара бөлініп шықты, ол өзінен басқа тауарларға айырбасталды. Мұндай жалғыз тауар басқа тауарлардың құнын анықтайтын болды. Айырбастың тарихи ұзақ даму нәтижесінде айрықша тауар, яғни ақша пайда болды. Ақша дегеніміз - жалпылама балама рөлін атқаратын ерекше тауар.

Түрлі елдерде бірнеше ғасырлар бойы ақшаның рөлін әртүрлі заттар атқарып келді.

Жылдар өткен сайын жалпылама баламалық рөлді алтын атқаратын болды. Оған себепші оның төменде аталған қасиеттері, яғни алтынның: :



  1. сапасының біртектілігі;

  2. бөлінгіштігі;

  3. икемділігі (портативтілігі);

  4. сақталғыштығы.

Алтын - сирек кездесетін және еңбек шығындарын көп қажет ететін металл. Алтынның басқа тауар сияқты тұтыну құны және өзіндікқұны болады. Алтынның тұтыну құны әсемдік заттарды жасау, әшекейлеу мен безендіру үшін қажет, сонымен бірге оны өнеркесіпте және т.б. пайдаланады. Алтынның құнын, құнның еңбек теориясы, оны өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек арқылы анықтайды.

Алтынның жалпылама баламалық қызметі, оған ғана тән ерекше қасиеттерге, яғни айрықша тұтыну құны мен құнының болуына байланысты.

Алтынның айрықша тұтыну құны оның басқа тауарларды өзіне бағындырып, олардың құн мөлшерін белгілеуіне байланысты пайда болады. Алтынның құны оның ақша ретінде жалпыға ортақ өтімді затқа айналуына байланысты қалыптасады.

Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары.

Бұрынғы теориялар өзгерістерге ұшырап, олардң жаңа түрлері пайда болды. Бұрынғы теориялар ақшаның шығу тегі, мәні, ақша құнының қалыптасу проблемаларына баса назар аударған еді, ал қазіргі кездегі ақша теориялары нарық экономикасының дамуына ақшаның әсер етуі жөніндегі мәселелерді зерттейді.

Ақшаның металдық және номиналды теориялары - осы теориялар авторларының ақшаның қандай қызметтеріне баса мән беруіне байланысты бір-бірінен өзгешіліктеріне байланысты.

Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.

Ақшаның номиналды теориясын Римнің және орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты. Олар ақшаның металдық теориясын сынады, ал өздері ақшаның айналыс құралы және төлем құралы сияқты қызметтерін шамадан тыс бағалады.

"Номиналистер" - ақшаны - тауарлар айырбасына - қызмет ететін шартты белгілер, есеп айырысу өлшемдері деп жариялап, оны мемлекет үкімінің жемісі ретінде түсіндірді.

Ақшаның мөлшерлік теориясының іргетасын қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо болды. Олар ақшаның құн мөлшері қызметін жоғары бағалады. Бүл теорияны жақтаушылар құнның ақшалай құнның ақшалай өлшемі мен тауарлар бағаларының деңгейін - айналыстағы ақша массасы анықтайды деген пікірді қуаттайды. Ақшаның мөлшерлік теориясын осы заманға лайықты жетілдіруге үлес қосқандар И.Фишер мен А. Пигу болды. Олардың көзқарастарына алдағы тақырыптарда тоқталамыз.




    1. Ақшаның қызметтері

Ақша бірнеше қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономияда - ақшаның құн мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша сияқты бес қызметтері зерттелген. Қазіргі кездегі экономикалық ғылым өз зерттеулерін ақшаның құн мөлшері және айналыс құралы сияқты ең басты түбегейлі қызметтеріне арнайды.

Ақшаның құн мөлшері қызметі деп оның өзінен басқа тауарлардың құнын анықтау қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың ойлау қабілеттерінің нәтижелерінен қалыптасқан ақшалар атқаруда. Бастапқы кезде ақшаның бұл қызметін өзінің құны болатын заттар ғана, яғни алтын атқарды. Алтынның құнымен белгіленген тауардың құны, оның бағасы деп аталады. Тауардың құны жоғары болса, онда ол алтынның көп мөлшеріне теңестірілетін болды. Демек, тауардың бағасы тауардың құнына тәуелді. Бірақ та тауардың бағасы тек қана тауардың кұнына емес, ол алтынның құнына да тікелей байланысты болады: егер де алтынның бағасы қымбаттаса, тауардың бағасы арзандайды; егер де алтынның бағасы арзандаса, онда тауардың бағасы қымбаттайды. Жоғарыда талданған категориялардағы құнның еңбек теориясының басты ерекшеліктері осындай.
3.5. Ақша мен ақша айналымының эволюциясы
Ақша жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.

Ақша айналысы дегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:


  1. ақша бірлігі, яғни елде қабылданған ақша өлшемі (теңге, сом, доллар және т.б.);

  2. баға масштабы, яғни елде қабылданған ақша бірлігі мен оның құрамындағы ақша металының салмақ мөлшері (мысалы, бір сом 100 тиыннан құралады, ал 1960-80 жылдары бір руб. 0,987672 г. алтынға теңестірілді);

  3. эмиссиялық жүйе, яғни ақша мен бағалы қағаздарды жасап шығаратын мекемелер (мысалы, Қазақстан Республикасында - Ұлттық банк, Ресейде - Орталық банк және т.б,);

  4. ақша рәміздерінің түрлері, яғни айналымда заңды төлем құралы болып саналатын - несие қағаз ақшалар, айырбас монеталар жүйесі;

  5. ақша жүйесінің ұйымдары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

Металл ақшалардың айналыс жүйесі өзінің тарихи дамуында биметализм және монометализм дәуірін бастан өткерді.

Биметализм ақша ретінде екі металды - алтын мен күмісті (ХҮІ-ХІХ ғ.) пайдалануға негізделді.

Монометализм ақша ретінде тек қана алтынды пайдаланды және несие ақшалар оған еркін айырбасталатын болды.

Монометализмнің - үш түрі қалыптасты:

1) алтын монеталық стандарт (1821 жылдан бірінші дүниежузілік согысқа дейін) айналыста алтын монеталардың жүруімен сипатталады, қағаз және несие ақшалар алтынға еркін айырбасталды.


  1. құйма алтын стандарты (бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Англия мен Францияда қалыптасты) алтын стандарты құймасына сәйкес келетін, құн рәміздерін алтынға айырбастауды жүзеге асырды (мысалы, егер картинаның бағасы бір грамм құйма алтынның бағасына сәйкес болса, онда картина 1 грамм құйма алтынға айырбасталатын болды).

  2. алтын таңбалы (алтын девизі) стандарт (XX ғ. 20-30 жж.) алтынға алмастырылатын шетелдік валюталарды (девиздерге) банкноттарды айырбастауды жүзеге асырды.

1929-1933 жж. дағдарыстан соң банкнотты алтынға айырбастау тоқтатылды, осылайша монометализм дәуірі келмеске кетті.

1930 ж. бастап алмастырылмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Оның белгілері: алтынның айналыстан шеттетілуі (алтынды демонетизациялау); банкноттарға алтынды айырбастаудан бас тарту және олардың алтын құрамын жою несие ақшалардың беделін күшейтіп, айналымдарда қолма-қол емес есеп айырысуды кеңейту; ақша массасын көбейту мемлекеттің қағаз ақшаларды шығаруы мүмкіншілік берді.

Ақша айналысы мен ақшалардың эволюциясы - тауар өндірісінің тарихи объективтік даму процесі болып табылады.

Айналыстағы ақшалардың міндеті - алмастырылатын тауарлар құндарының өзара баламалы болуын қамтамасыз ету болды, бірақ олардың өздерінің құны болуды қамтамасыз ете алмады.

Алтынның несие ақшаларды алмастыруы ақша қызметтерін атқаратын несие карточкалардың (банкнот, вексель, чек) одан әрі күшейтіп жіберді.

Несие карточкалардың төлем құралы ретінде ақша қызметін атқаратын түрлері:

1. Қайта жаңартылатын карточкалар. Бұлар дүкен-дерде, мейрамханаларда және т.б. жерде қолданылады. Қарызды өтеген соң, бұл карточкалар қайта жаңартылады.

2. Бір айлық карточкалар, олар туристік фирмалармен есеп айырысу үшін пайдаланылады. Фирмалық карточ-калар әр айдың қарыздарын міндетті түрде төлеуі тиіс.

3. Фирмалық карточкаларды байланыстың әр-түрлі шығындарын төлеу үшін түрлі фирмалар шығарады.

4. Сыйға тарту, немесе «алтын», несие карточкаларын тек қана жылдық табыстары жоғары клиенттер үшін арнайы шығарады. Қазіргі таңда ақша эволюциясына электрондық ақша жүйесі тән, олардың көмегімен - банк шотынан ақшаны алу, салымдарды, төлемдерді қабыл-дау, чек кітапшаларын, дебет-карточкларын беру және т.б. сияқты ақша операциялары жүзеге асырылады.


Түйін

Экономиканы ұйымдастырудың негізгі екі түрі бар: натуралды және тауарлы шығарушылықтар. Бұлардың өндіргіш күштерін ұйымдастырудың әр қайсысына тән белгілі тәсілі болды.

Натуралды шаруашылықта өндірілген өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндіріс (жай ұдайы өндіріс), нарық айырбас, қоғамдық еңбекті бөлу деген түсінік болмады.

Тауар өндірісі - өнімді сатуға арнап, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстарды нарық арқылы жүзеге асыратын шаруашылық. Тауар шаруашылығының пайда болуының бас шарттары: қоғамдық еңбек бөлінісі, жеке меншіктің пайда болуы, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірінен экономикалық шектелуі т.б.

Нарықтық экономиканың моделін таңдау деп мемлекеттің ұлттық экономикаға ықпал жасайтын жүйесін айтады. «Тауар өндірісі» категориясының тарихи шежіресін «Нарықтық экономика» категориясымен салыстырғанда оның көп терең екендігі көрінеді.

Тауарлардың бір-бірімен белгілі пропорцияда айырбастау қабілетін – айырбас құны деп атайды. Ал адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну құны дейді.

Ақшаның пада болуына субъективтік және объективтік көзқарастар бар. Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір заттары бөлініп шықты, ол басқа тауарлардың құнын анықтау рөлін атқаратын ерекше тауар – ақша.
Негізгі терминдер

Натуралды шаруашылық

Тауарлы шаруашылық

Тауар, оның қасиеттері

Тауар өндірісі

Қоғамдық еңбек бөлінісі

Дамымаған нарық

Еркін нарық

Реттелетін нарық

Бұзылған нарық

Әлеуметтік экономика

Аралас экономика

Коропоративтік экономика

Ақша-алтын, оның басқа тауар сияқты тұтыну және өзіндік құны бар

Ақшаның металдық, номиналдық және мөлшерлік тарифтері

Ақша жүйесі – ақша бірлігі, баға масштабы, эмиссиялық жүйе, ақша рәміздерінің түрлері, ақша жүйесінің ұйымдары


Практикум

1. Сіз білесіз бе?

1. Тауар шаруашылығының пайда болу себептері

2. Тауар өндірісі

3. Нарықтық қатынастардың пайда болу себептері

4. Нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше моделдерінің қалыптасуы

5. Тауарлардың қасиеттері

6. Ақшаның пайда болуы, оның мәні мен теориясы

7. Ақшаның негізгі түрлері мен қызметтері
Қайталауға арналған сұрақтар


  1. Натуралды шаруашылық деген не?

2. Тауар өндірісінің пайда болуының негізгі шарттары

3. Нарыққа негізделген тауар өндірісінің түрлері

4. Тауар өндірісі мен нарықтық экономика арасындағы айырмашылықтардың негізгі түрлері

5. Тауарлардың негізгі ерекше екі қасиеті

6. Ақша дегеніміз не, ол қалай пайда болды?

7. Ақшаның номиналдық, металдық және мөлшерлік түрлері

8. Ақшаның негізгі қызметтері

9. Несие карточкаларының төлем құрылымы ретіндегі қызметтері



Тестілер

1. Натуралды шаруашылық:

а) өнімді айырбасқа – нарыққа жеткізбей, тек өз қажеттерін өтеу үшін өндіреді

б) универсалды қол өнерінің анағұрлым таза түрі

в) өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру қарапайым түрде іске асады

г) «Өндіру-тұтыну» принципі, яғни айырбас пен қоғамдық еңбек, бөлудің өзіндік түрде мөлшерленуі

д) барлық жауаптар дұрыс

е) барлық жауап дұрыс емес

2. Тауар өндірісі:

а) өнімдерді сатуға арнап өндіру

б) өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы шешіледі

в) қоғамдық еңбек бөлінісі бар шаруашылық

г) не, қалай және кімдер үшін өндіру керектігі жайлы сұрақтарды шешу

д) барлық жауаптар дұрыс



3. Нарық типтеріне сәйкес тауар өндірісінің ерекше модельдері:

а) дамыған нарыққа негізделген тауар өндірісі

б) еркін нарыққа негізделген өндіріс

в) реттелетін нарыққа негізделген өндіріс

д) барлық жауаптар дұрыс

4. Маркстік теория бойынша тауар:

а) сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі

б) тауар - адамның белгілі бір қызметін қанағаттан-дыратын заттар

в) тауар тұтынуға арналған зат

г) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады

д) барлық жауаптар дұрыс



5. Алтынның жалпылама баламалы ақша рөлін атқаратын себептері:

а) сомасының біртектілігі

б) бөлінушілігі

в) алым жүргізуге икемділігі

г) сақталғыштығы

д) а,б – жауаптары дұрыс

е) а) б) в) г) жауаптары дұрыс.

6. Ақша жүйесінің негізгі элементтері:

а) ақша бірлігі

б) баға масштабы

в) эмиссия жүйесінің біртектілігі

г) биметализм, монетализм түрі

д) а) б) в) жауаптары дұрыс

е) а) б) в) г) жауаптары дұрыс

4 Тақырып.

ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ

4.1. Адам және оның экономикалық қызметі



    1. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

    2. Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері

    3. Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс


4.1. Адам және оның экономикалық қызметі

Экономикалық теория адамдардың мінез-құлқын зерттейді, адам өзінің еңбегінің арқасында қоғамдық тіршілік иесі болды деп анықтайды. Еңбек - адамның саналы түрде және мақсатты бағытталған қызметі ретінде барлық жануарлар әлемінен бөлектеп, адамға сана берді және оның өмірінің қоғамдық сипатын анықтады. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адам бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналады. Ол тек қана байлықты жасап қоймай, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтап, оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді.

«Адам факторы» термині мен ғылыми түсінігі, экономикалық теорияға өте ертеде енген сияқты, алайда содан бері оның әлі нақты анықтамасы жоқ. Себебі ешкім де күрделі қоғамдық қатынасты зерттеп-үйренумен айналысқан жоқ деп ойлаймыз. Дегенмен, адам - қоғамның басты өндіргіш күші деген марксистік тезиспен барлық экономикалық мектептің өкілдері: классиктер, неоклас­сиктер, кейсиандықтар, монетаристер, институционал­шыл­дықтар және т.б. келіседі. Адам ғана өндірістің заттық факторларын жандандырады: капитал мен жер өндіріс технологиясының өте күрделі жүйесін құрады, өзіне және қоғамға қажеттерінің барлығын өзі өндіреді. Адам - өндірістің басында тұр, ол өндірісті мақсатқа жұмыл­дырушы болып саналады, сол сияқты кез келген өндірістің мақсаты ретінде оның соңында тұр. Демек, адам капиталы капиталдың өзге түрлерімен қатар экономикалық теория­ның басты, негізгі категориясы ретінде қарастырылады. Соны­мен, адам капиталы - экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектілері ретінде танылады және негізделеді. Философиялық және әлеуметтік түсінік тұрғысынан адам капиталы адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиды, өндірістің барлық факторларымен қосылады және оларды іс-қимылға келтіре отырып, оларға үстемдік етеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылар­дың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі таратушысы ретінде көптеген қасиеттер мен сапаларға ие, яғни алуан түрлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұнан шығатын қорытынды, еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - адамның тұтыну күшінің қызметі.

Сондықтан да, адамның еңбекке және тұтынуға қабілеттері ретінде адамның қалыптасуы мен даму әдістерін оқып-үйрену қажет. Мұндай қажеттілік, қоғамдық өндірісті дамытудағы адам ролін сипаттау кезінде туындайды, қазіргі экономика ғылымы: «экономи­калық адам», «өндірістегі жеке фактор», «басты өндіргіш күш», «адам капиталы» және т.б. түсініктер мен анықтама­лардың тұтастай арсеналын пайдаланады.

Экономикалық категориялардың ішінен, адам фак­торының анықтамалары мен атаулары көп кездеспейді. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: адам капиталы теориясы түсінігі - экономикалық салымдар объектісі және пайда әкелуші экономикалық қызмет объектісі ретінде адамның негіздеуі мен тануы. Дегенмен, өндіріс құралдарына жеке меншік пен адам факторына пайдалар мен инвестицияларды сіңіру нарықтық форма­лары кезінде біліктілікті өсіру, жұмысшы денсаулығы, оның миграциясы ешқандай мәнге ие болмайды. Тек соңғы 40-50 жылдары әлемдік экономиканың дамуымен, дамыған елдерде әлеуметтік проблемаларды шешумен, адам капиталы проблемалары пайда болды.

Адам капиталына салынатын инвестиция - бұл өмір жағдайын жақсартатын жеке адамның біліктілігін арттыратын, шығаратын тауарлардың сапасын жақсартуға ықпал ететін кез келген әрекет. Өндіріс үшін станоктар мен құрал-жабдықтар сатып алушы кәсіпкерлердің шығындары, еңбекке инвестиция ретінде қарауға болады. Бұл ағымдық шығыстар немесе шығындар, болашақта өсіп отыратын кірістермен көп қайтара өтеледі және адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру үшін, сондай есеппен жүзеге асырылады.

Жұмысшыларды оқытуға арналған инвестицияны жабдықтар­ды сатып алуға жұмсалған инвестициялармен салыстыру таң қаларлық, тіпті мағынасыз болуы мүмкін. Дегенмен, нақ­тысында екі көзқарас бір-біріне өте ұқсас. Қосымша білім алуға арналған инвестициялар, сондай-ақ білімнің 7-8 жыл ішінде ескіріп қалатындығынан, ал бұл кезеңде адам білімінің көлемі екі еселенетіндіктен қажет болады. Сөйтіп, білім беру қоры көлемінің 6-7%-ы, екінші мамандық алу, біліктілікті көтеру, қайта даярлық қоғамдық өндірістің өсу объективті қажеттілігіне жұмасалады.

Дамыған нарықтық елдерде соңғы 30-40 жылдары адам капиталына құйылатын инвестициялар өндірістің мате­риал­дық-заттық факторларына қарағанда маңызды түрде тез өсуі туралы мәліметтер «адам капиталы» маңызын растайды. Мәселен, АҚШ-та білім факторы ұлттық табыстың 14%-ын құрайды.

Тұтастай алғанда адам капиталына салынатын инвес­тициялардың төрт түрі болады:

1. Білім беруге жұмсалатын шығындар жұмыс күшін құрайды, олар, неғұрлым білікті және неғұрлым өнімді бола түседі

2. Денсаулық сақтауға, аурудың алдын алуға, медициналық қызмет көрсетуге, диеталық тамақтануға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған шығындар - осылардың барлығы өмір сүруін ұзартады, жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігін арттырады.

3. Солардың арқасында жұмысшылар өндірісі шектеулі орындардан өндірісі жоғары дамыған жерлерге қоныс аударуына жұмсалатын шығындар еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі және инвестицияны ақтайды. Білім беру сияқты, географиялық миграция алдағы уақытта олардың еңбек қызметі мен нарықтық құнының өсуінен пайда табуға жағдай жасайды.

4. Адам капиталы теориясына сәйкес еңбек өнімділігі мен еңбек қызметінің (еңбекақы) нарықтық құны маңызды дәрежеде жеке адамға немесе оның отбасы және жалдаушыға білім беруді, денсаулық сақтауды және жұмыс орнын көбейтуді қажет деп санайды.

5. Экономикалық теория адам өмірінде ғылыми талдау жасағанда, оның жеке басының алуандылығын, жеке даралығын, алуан түрлі экономикалық себептерін және мінез-құлқын ескере отырып, модель жасауға, ол жеке адамның экономикалық белсенділік мотивтерін, мақсаттарын сипаттайтын параметрлер негізінде құрылған.

Экономикалық ғылым адам моделін жасай отырып, адам болмысының көптеген белгілері мен сапаларын абстрак­циялайды. Экономиалық ғылымның шаруашылық өміріне теория­лық талдау жасау кезінде нақты адамдар қасиеттеріне сүйенуге болмайды, өйткені олардың жеке басының мінездемесі тым күрделі, қарама-қайшылықты болып саналады.

Экономикалық теория адам моделін зерттеу инструменті ретінде немесе соның негізінде зерттеуші-теоре­тик­тер сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, пайдаларды бөлу, тұтынушылардың мінез-құлықтары сияқты теорияларын жасайтын белгілі бір теориялық алғышарт ретінде қарастырады.


4.2. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру - адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс - адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды - материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адам­дар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттілік­терін таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категория ретінде бұл - өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурс­тар­дан және қандай комбинациялардан, билікті қандай техно­логияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.

Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруа­шы­лық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер, еңбек, капи­тал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары - бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрлі болады:

1. «Табиғи» - өндірісте қолдану үшін әлеуметтік, пайда­лы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қал­пы­н­а келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.

2. Материалдық» - бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.

3. «Еңбек» - «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

4. «Қаржылық» - қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады.

Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды құрайды.

Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурс­тардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор­ларға айналады, сондықтан да өндіріс - алуан түрлі фактор­лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкер­лікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды - жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.

Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материал­дық және қаржылық ресурстар.

Еңбек - тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік - «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық пробле­ма­­ларды шешу.

Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғам­дық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.



4.3. Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері

Кез-келген ұлттық экономикалық жүйе екі саладан: материалдық өндіріс аясындағы салалардан және материалдық емес салалардан қалыптасатын экономиканың сала­лық құрылымдарының жиынтығынан тұрады. Бірінші топтағы салаларға мыналар жатады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік пен байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтандыру және т.б. Екінші топқа кіретіндер: мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.

Функционалдық және салалықтан өзге аймақтық немесе аумақтық экономикалық құрылым болады. Нақ­ты аймақтық экономика ел аумағындағы бүкіл экономи­калық объектілердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық аудандар, мысалы: Орталық Қазақстан (Қарағанды), Шы­ғыс Қазақстан (Өскемен), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) және өзге аудандар экономикалық аудандар болып саналады.

Экономикалық аудандар құрылымына, нақтылы ауданның жекелеген сала кәсіпорындарының, оның табиғи ресурстарымен, жол қатынастарымен және экономикалық-географиялық жағдайларымен үйлесетін шаруашылық кешендерін немесе аумақтық-өндірістік кешендерін құрайды. Макроэкономикалық мақсаттарды шешетін экономи­калық өсу негізінде қоғам мүшелерінің өмірлік қызметінің оңай жағдайларын қамтамасыз етуі ұлттық экономиканың мақсаты болып саналады.

Макроэкономикалық мақсаттар ұзақ мерзімдік неме­се қысқа мерзімдік болуы мүмкін, оған қол жеткізу үшін мемлекет саяси құралдар жиынына иелік етуі тиіс. Оған елдің бюджет, салық, несие, ақша, валюта жүйелері жатады,олар саясаттың монетарлық және фискалдық екі түрі арқылы көрінеді. Бірінші, ақша-несие және валюта жүйесі тұтқаларын пайдаланумен байланысты, ал екіншісі - салық жүйесін манипуляциялау жүйесі арқылы байланысады.

Бұрынғы және қазіргі ұрпақтардың еңбегімен жинақталған материалдық игілік ұлттық саясатты бағалаудың басты өлшемі болып саналады. Байлық - бұл адамдар нені бағалайды, соның барлығы, яғни материалдық қана емес, сонымен бірге материалдық емес: табиғи ресурстар, кәсіптік білім, адамның қабілеті, бос уақыт болып саналады. Қоғамдық байлықты заттай және ақшалай формада көз алдыға елестетуге болады. Қазіргі уақытта адамдардың байлығын бағалау өзгеруде. Бұл көпшілік жағдайда, нормативтік категория және қандай да бір байлықты бағалау адамның пайымдауынан тыс өзге байлық өмір сүрмейді. Былай деп айтуға болады: байлық - бұл адамның таңдауын кеңейтетіннің барлығы немесе оның балама мүмкін­дік­тері. Төсекте сал болып ауырып, жатқан миллион­ер­ді бай деп айтуға бола ма, жоқ па?

Халықтың жан басына шаққанда қоғамдық өнімнің өсу қарқыны макроэкономикалық даму көрсеткіштерін бағалаудың басты өлшемдері болып саналады. Дәл осы экономикалық өсудің қарқынынан, қоғамдық өнімді көбейту және қарқынын арттырудан ұлттық экономиканың тиім­ділік деңгейі көрініс табады,демек, аталмыш қоғамның эко­­но­микалық дамуының таңдап алынған моделдері, түрлері мен әдістері көрініс табады.

Ұлттық экономиканың жұмыс істеуінің нәтижелері, белгілі бір кезеңдердегі материалдық-заттық, интегралдық немесе жалпы нәтижелер, көп жылдық нәтижелер - ұлттық экономиканың жинақталуы болып саналады.

Ұлттық экономиканың материалдық-заттық нәтижелері - қоғамдық жиынтық өнім (ҚЖӨ) - белгілі бір кезең­дегі бүкіл кәсіпорындар өндірген материалдық игіліктер (өнімдер). Бұл жерде басты орынды ұлттық жалпы өнім (ҰЖӨ) алады.

Ұлттық жалпы өнімнің құрамына өндірістің өндірілген бүкіл құралдарының, тұтыну заттары мен қызмет­тері­нің құны, сондай-ақ шетел аумағында аталмыш ел субъек­тілерінің өндіріс факторларын пайдаланудан алған кірістері кіреді.

Ұлттық жалпы өнімді дұрыс өлшеу үшін оған шетелде өндірілген өнімдер құны (салықтар мен басқа төлемдерді алып тастағаннан кейінгі) - түпкі өнімдер кіреді. Түпкі қоғамдық өнім (ТҚӨ) - бұл тікелей тұтынуға арналған.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) - амортизациялық аударымдар­ды шегеріп тастағандағы, жаңадан жасалған құнына сәйкес барлық салалар өнімдерінің жиынтығы.

Одан жанама салықтарды шегеріп тастағаннан кейін­гі (сатудан салықтар, акциздер, мүлік салығы, лицензиялық төлемдер мен кеден баж салықтары) таза ұлттық өнім сомасы ұлттық табысты (ҰТ) білдіреді. ҰТ - бұл өндіріс факторының иелеріне жататын: жер, капитал және еңбек, жеке тұтынуға жұмсалатын шығындар - жиынтық табыс. Ол сондай-ақ бюджетке түсетін табыс салығы, өндірістік емес салалардағы қызметтерге жұмсалатын шығындар, корпора­цияның пайдалары, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарна­лар түрінде қайта бөлінеді. Ұлттық табыстың акция­лар мен трансфертке дивиденттер мен жиынтықтағы қалған бөлігі ғана жеке табысты құрайды және ол тұтынуға пайдаланады.

Экономикалық әдебиеттерде адам қажеттіліктерін бастапқы (төменгі) және қайталама (жоғары) (Американ экономисі А.Маслоу және оның пирамидасы) қажеттіліктерге бөлу жиі пайдаланылады. Бірінші қажет­ті­ліктерге жататындар - тамақ, сусын, киім, түс және т.б.

Екіншіге - адамның рухани, жеке қызметімен байла-нысты қажеттіліктер - өзін-өзі айқындау, білім беру, өнер-дегі, ойын-сауықтағы, қоғамдық құрмет қажеттіліктері.

Адам, қоғам қажеттіліктері өзгеріссіз қалмайды, олар адамзат өркениетінің эволюциясымен қоса дамып отырады және қоғамдық өндіріс құрылымы - материалдық және материалдық емес деп айқындайды. Шектеулі ресурс­тардан жасалған материалдық және материалдық емес байлықтар бір тауарды, бір қызметті, бір өндіріс түрін таңдауды білдіреді. Сондықтан да экономикада не сатып алынады сол ғана талданбай, сонымен бірге неден бас тартады (өндірілмейді) солар да талдауға жатады.

Ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдардың, кәсіпорын мен қоғамның әл-ауқат деңгейі бірқалыпты болу үшін қолда бар ресурстарды тиімді жұмсауға мүмкіндік беретін дұрыс таңдау жасау маңызды болып саналады. Бұған әрбір мүмкін варианттардан алынатын пайданы салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Баламалы пайда варианты баламалы құнды құрайды.

Сөйтіп, қандайда бір формадағы пайда қоғам­ның әл-ауқат деңгейін қамтамасыз етеді. Әл-ауқат деңгейі - ел азаматтарының тауарлармен және қызметтермен қамта­масыз етушілік дәрежесін, сондай-ақ жайлы және қауіпсіз өмір сүруге қажетті өмір жағдайларымен қамтамасыз етушілік дәрежесін көрсетеді.

БҰҰ сарапшылары былай деп санайды, әл-ауқат деңгейі үш негізгі көрсеткіш:


  1. Өмірдің орта параметрі;

  2. Сауаттылық деңгейі;

  3. Халықтың жан басына шаққандағы кірістері-нен тұратын адам дамуының индексімен сипатталады.

Өмір сапасы - материалдық игіліктер мен қызмет­тер­ді тұтыну деңгейі, білім алу, мәдениетке мүмкіндігі, дәрігерлік қызмет көрсету дәрежесі және қоршаған орта жағдайын енгізе отырып, адамдар өмір сүретін жағдай­лар­дың кешенді сипаттамасы.

Сөйтіп, адам қажеттіліктері абсолютті және салыс­тырмалы, бастапқы және қайталама, жоғары және төмен, тікелей және жанама, нағыз және болашақтағы болып бөлінеді.

4. Өндіріс және ұдайы өндіріс. Экономикалық игіліктердің үздіксіз айналысы.

Экономикалық даму - бұл өзіне сандық және сапалық өсуді біріктіретін экономикалық, әлеуметтік, саяси және өзге де факторлардың тұтастай кешенінің өзара байла­нысты әрекеті. Қазіргі экономика ХІХ ғасырдың соңын­дағы экономикадан өзгеше көрінеді, өйткені меншік қатынастарында ұлттық табысты бөлуде маңызды өзгеріс­тер болды, әлеуметтік қорғау саясаты мен ұлттық эконо­миканы мемлекеттік реттеу саясаты пайда болып қалыптасты.

Экономикалық даму процесін дұрыс түсіну үшін экономиканың барлық өзара байланыстарымен және өзара алмастырушылықтарымен, яғни ұдайы өндіріс про­цесі­мен байланысын қарастыру қажет. Қоғамдық ұдайы өндіріс өзінің дамуында төрт сатыдан тұрады: өндірістің өзінен, бөлуден, айырбас пен тұтынудан. Бұл сатылар бір-біріне жалғасып қана қоймай, уақыт ағыны сияқты болып тұрады.

Өндіріс нақты заттай өнім жасайды: өндіріс құрал­да­ры және тұтыну заттары. Бұл - машиналар, құрал-жабдық­тар, нан, ет, маталар, киім, яғни адамның өмір сүруіне және дамуына қажеттердің барлығы.

Жыл ішіндегі өнімдерді бөлу сол елде үстемдік ететін меншік қатынастары мен экономикалық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы: нарықтық механизм арқылы немесе орталықтандырылған түрде бөлу арқылы.

Айырбас (айналым) еңбек бөлінісі және мамандану негізінде жүзеге асырылады, сондықтан да, бұл біртұтастық бір формада өзінің еңбек нәтижесін қажетті өнімдер үшін екінші формада берудің мүмкін жолдары болып табылады. Бұл - «ақ­ша-тауар» немесе «тауар-ақша» схемасы бойынша сатып алу - сату актісі болып саналады. Экономика дамуының бұрынғы, сол сияқты қазіргі кезеңдерінде «тауар-тауар» (баспа-бас айырбас) айырбасы болуы мүмкін.

Тұтыну - кез келген өндірістің түпкі мақсаты, оның шыңы, онсыз кез келген өндіріс пен шаруашылық қызметі өзінің мағынасын жоғалтады. Тіпті, егер олар тұтынуда көрініс таппаса, кез келген ашылған жаңалықтар, оны қолданысқа енгізу мен дамытудың өзінің мағынасын жоғалтады.

Тұтынудан соң оны жаңамен толықтырып отыру, яғни өндіру заңды болып табылады. Өндіріс - бөлу-айырбас-тұтыну тізбегі ешқашан да үзілмейді.

Осы төрт фазаның барлығы бір мезгілде жүзеге асырылады, өйткені осы фазаның біреуінің тоқтауы тізбектің ажырауына және қоғамның құлдырауына әкеледі. Ұдайы өндіріс процесі төмендегі 4.1 кестеде көрсетілгендей жүзеге асырылады:

4.1 кесте

Қоғамдық ұдайы өндірістің жалпы кестесі

Кестеде көрініп тұрғандай, бөлу фазасы мен тауарлар айырбасынан соң олардың барлығы тұтынылмайды, яғни әдеттегідей тауарлардың бір бөлігі резерв, қосалқы қор түрінде жинағыштарда сақталады және қажеттіліктің туындауына қарай пайдалануға түседі.


4.4. Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс

Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады.

Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экон­оми­калық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономи­калық аспектілер үлкен маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса - тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (форма­ларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосым­ша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латынамерикалық және африкалық елдерде басым, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.

Кеңейтілген ұдайы өндіріс - тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі. Демек, қоғамдық ұдайы өндіріс екі бөлім: К.Маркс бойынша төмендегіше білдіруге болатын өндіріс құралдары ұдайы өндірісі мен тұтыну заттары ұдайы өндірісінен тұрады:


І w = c + v + m

П w = c + v + m


Мұнда:

І және П қоғамдық ұдайы өндіріс бөлімдері;

w - І және П жиынтық қоғамдық өнім;

с - өндіріс құралдары (тұрақты капитал);

v - жұмыс күші және өзгермелі капитал;

m - қосымша өнім құны.


Нарықтық экономиканың негізгі мәселелерін шешу үшін жиынтық қоғамдық өнімді өткізу қажет, яғни кәсіп­керлердің бүкілі өз өнімдерін сата алатын, содан соң қажетті өндіріс құралдары мен жұмыс күшін алатындай болуы қажет. Сонымен, бір мезгілде кәсіпкерлер мен жұмыскерлердің өздеріне қажетті тұтыну заттарын сатып ала алатындай болуы тиіс.

Мұндай проблемалар екі құрылымдық бөлім арасын­да­ғы келесідей пропорциялардың сақталуы жағдайында шешіледі, яғни нарықтың өзін-өзі реттейтін қызметі көрініс береді:


1) І (v + m) > П с

2) І (c + v + m) > І с + П с

3) П (с + v + m) < І (v + m ) + П (v + m)

Мұнда:


Бірінші, басты жағдай - жаңадан жасалған құн (таза өнім), І (v + m) І құрылымдық бөлімшеде П құрылымдық бөлімшенің тұрақты капиталынан көп болуы тиіс, қалған екеуі - туынды, тәуелді.

Егер екі құрылымдық бөлімшелердің кәсіпкерлері, жинақтау үшін қосымша капитал табатын болса, ол орын­да­латын болады, яғни өндірісті ұлғайту екі жолмен: капи­тал­ды шоғырландыру және орталықтандыру жолымен шеші­леді. Мұндай қажеттілік жинақтауды жүргізе отырып, өз әріптестерін бәсекелестік күресте жеңу үшін туын­дай­ды, яғни пайданың бір бөлігінің (қосымша құнның бөлігі) өндірісті ұлғайтуға, қосымша капиталға айналуы:


W = c + ∆c + v ∆v + m;

m = m1 + m2


Мұнда:

m - қосымша құн;

m1 - жинақтау қоры;

m2 - шаруашылық субъектілерінің, кәсіпкерлердің

тұтыну қоры.
Әрбір нақты тарихи-экономикалық бөлу пропорция­сының сәті, яғни m - қосымша құнның m1 және m2-мен қатаң айқындалған және келесідей факторлармен анықталады


  • қосымша өнімнің шамалық құны;

  • еңбек өнімділігінің деңгейі;

  • өзі қызмет ететін (жұмыс істейтін) капиталдың мөлшерлері;

  • капиталдың техникалық құрылысының деңгейі.

Капиталдың жинақталу мөлшеріне оның шоғыр­лан­уы: жұмыскерлердің саны; жұмыс уақытының ұзақтығы; орта­ша еңбекақы; пайдалы кен қазбаларының болуы; құнарлы жерлер; озық технология, ақпарат және т.б. белгілі бір әсерін тигізеді.

Сонымен, капиталдың шоғырлануы, оның жинақ­та­л­у­ы, қоғамдық байлықтың өсуі - бұл аңыз, ішкі әсер етуі. Қорытынды - капитал қосымша құн әкелетін құн, капи­тал - үнемі қозғалыста болатын, қозғалыссыз бола алмайтын өзінен өзі өсетін құн.

Капиталдың өз-өзінен өсуінің өзге формасы оны орталықтандыру болып саналады.

Капиталды орталықтандыру - шағын және орта кәсіп­орындарды ірі кәсіпорындарға күштеп біріктіру (басып алу) немесе оларды өз еркімен біріктіру және (бәсеке­лестік) үшін) қаржы өнеркәсіп топтарын құру, акционерлік компаниялар, холдингтер құру, бақылау акция пакеттерін, сатып алу, қатысу жүйесі және т.б.

Өндірісті екі жолмен ғана кеңейтуге және дамы­ту­ға болады, өндіріс факторларын көбейтумен - экстенсивті түрде немесе өндіріс техно­логия­сын жақсартумен интенсивті түрде.

Экстенсивті экономикалық өсу:



  • жұмыс істейтіндер біліктілігін олардың санын арттырусыз көтеру;

  • өндірістің материалдық факторын ұлғайту (шикізат, материалдар, отын, жарамды жерлер және т.б.);

  • технологияларды жақсартусыз капитал жұмсауды көбейту жолымен өндіріс факторларын сандық тұрғыдан кеңейту есебінен өндірісті көбейту.

Интенсивті экономикалық өсу:

  • негізгі қорларды (өндіріс құралдарын) жаңарту, ҒТП арқылы жаңа, неғұрлым тиімді технологияларды енгізу есебінен материалдық байлықтар мен қызметтерді өндіруді кеңейту;

  • өндірісті ұйымдастыруды жақсарту (шаруашылық байланыстарының жаңа құрылымдары, басқару, маркетинг, кооперация);

  • негізгі және айналым қорларын пайдалануды жетілдіру, олардың айналымдылығын, амортизациясын жеделдету және т.б.;

  • жұмыс күшінің біліктілігін тұрақты өсіру, еңбегі ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіру жолымен өндірістің қолдағы бар факторларын неғұрлым тиімді (интенсивті) пайдалану есебінен өндірістің өсуі.

Интенсивтік жол - неғұрлым үнемді, сонымен бірге еңбек, капитал және ресурс сыйымдылығы аз өндіріс. Мысалы, КСРО-да соңғы қырық жылда мемлекеттік астық өндірісі, ескі техника негізінде, экстенсивті жолмен, тың игеру есебінен 2,5 есе өсті. Сонымен бір мезгілде Батыста астық өндіру тура сол көлемде өсті, бірақта ол интенсивті технология нәтижесінде жалпы егістік жер көлемін қысқарту жағдайында болды. Қазіргі уақытта әлемде ҒТП дамуын ескергендегі екі жолдың комбинациясы орта есеппен интенсивтік факторлар есебінен өндіріс дамуының 70-75%-ын береді, экстенсивтілік есебінен - 25-30%. ХІХ ғасырдың соңында, капитализм терең және кең ауқымда дамыған кезде экономиканың дамуы керісінше болды.

Өндіріске салынған барлық кез келген капитал өзінің қозғалысын ақша сомаларының (А) үздіксіз айналысын (ақшаның өзі әлі капитал болмаса да), тауар формасында (Т1) қосымша құнға енгізілген белгілі бір тауарларды (…О…) өндіру мақсатымен пайдаланылатын өндіріс құралдары мен (ӨҚ) жұмыс күшін (ЖК) сатып алудан бастайды.

Өндірілген тауарларды (Т1) өткізіп болғаннан кейін, ең алдымен авансыланған капитал (А) оған қосымша құн әкеле отырып (А1-а+∆а), өзінің иесіне қайтарылады. Осыдан барып капиталдың қозғалысы (оны авансылау, өндірісте қолдану, тауарларды өткізу және бұрынғы (бастапқы) ақша формасына қайтару) капиталдың үздіксіз айналымы деп аталады және мынадай формуламен жазуға болады:
ӨҚ

А - Т …Ө…Т1 - А1

ЖК
Мұнда:

А - бастапқы бетте авансыланған ақша;

Т – тауар ол:

ӨҚ - өндіріс құралы;

ЖК - жұмыс күші;

…Ө… - өндіріс;

нүкте қозғалыстың (айналым жасаудың)

тоқталғандығын білдіреді.

Т1 – шығарылған жаңа тауар;

А1 – тағы да ақша формасындағы авансыланған

капитал, бірақта пайдамен (А1  А + ∆а)
Капиталдың үздіксіз айналымы 3 сатыдан өтеді:


  1. Сатып алу (А-Т);

  2. Өндіріс (…Ө…);

  3. Сату (Т1 - А1).

Авансыланған құнның (А) өндіріс сатысында және айналым сатысынан өту уақыты және қосымша құнмен бастапқы формасына қайтуы капитал айналымы уақытын құрайды. Капитал айналымының жылдамдығы жыл ішінде авансыланған айналым санымен өлшенеді. Айналым процесінде қызметін жүргізуші капитал негізгі және айналым капиталына түседі.

Негізгі капитал - бұл өндірісте тікелей қатысатын және өзінің құнын жаңадан жасалатын өнімге бөліктер бойынша ауыстыратын өнімді капиталдың (ғимарат, құрылыс, машиналар, өзге еңбек құралдары) бөлігі.

Айналым капиталы - бұл өндіріске тұтастай қатысатын және өзінің құнын жаңа жасалатын өнімге бірден ауыстыратын өнімді капиталдың (шикізат, қосымша материалдар, жұмыс күші және т.б.) екінші бөлігі.

Пайдалану процесінде негізгі капитал физикалық және моральдық тозуға ұшырайды.

Физикалық тозу - негізгі капиталдың оларды ұзақ уақыт және интенсивті пайдалануы нәтижесінде өзінің тұтыну құнын жоғалту процесі, сондай-ақ ыстықтың, ылғалдың, суықтың, желдің және т.б. табиғат күштерінің әсерімен тозуы.

Моральдық тозу - негізгі капитал жаңа машиналар өндірісі және жабдықтар шығарудан өзінің құнын жаса­ла­тын өнім құнына ауыстыруымен ғылыми-техникалық прогрестің тигізген салдары. Моральдық тозудың екі түрі бар. Біріншісі, өндіріс құралдарын өндіретін салалардағы экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жаңа машиналар еңбек өнімділігін көтеру нәтижесінде, тауарларды неғұрлым аз шығынмен өндіруі. Мұндай машиналардың қоғамдық құны ескі, неғұрлым қымбат машиналарға құнсызданады және өзінің бүкіл құнын өнімге ауыстырып үлгере алмайды. Екінші түрі бірдей мақсаттағы жабдықтардың пайда болуымен байланысты, бірақ та құрылысы жетілдірілген болады, ол еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімдер бір­лі­гі­н­е, оның шығындарын төмендетуге әкеледі. Нәти­жес­інде жұмыс істеп тұрған жабдықтар жартылай (ішінара) құнсыз­да­нады. Негізгі капиталдың тозуына қарай амортизациялық қор өзінің құнын өндірілетін өнімдерге бірте-бірте ауыс­тырады. Пайыздар түрінде білдірілген негізгі капитал құнына амортизациялық аударымдар (жарналар) сомасы­ның қатынасы амортизация нормасы болып саналады.

Негізгі капиталдың тозуы кезеңіне банктерде жинақ­талған амортизациялық қор оны айырбастауды немесе жөндеуді қамтамасыз етуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет