1 тақырып Кіріспе


Баяулатқыш аппаратының және бөлшектерін жөндеу



бет38/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59
Лекция Тех.рем

Баяулатқыш аппаратының және бөлшектерін жөндеу.
Сұрақтар:

  1. Баяулатқыш аппараттарын жөндеу.

  2. Автотіркеуіштің тартқыш қамытын жөндеу.



1.Вагондарды деполық жөндеу кезінде жарамсыз баяулатқыш аппаратты бөлшектесе, күрделі жөндеу кезінде барлық аппараттар сұрыпталып бөлшектенеді.
Сұрыптап бөлшектеу үшін бекіту болттың түбіндегі тойтарысты фрезбен алады немесе кеседі. Содан кейін аппаратты преске қысып, бекіту болттың гайкасын қайырып, аппараттан жүкті алып, одан әрі бөлшектерін бөлшектейді. Жұмыс жасалған сыналарды өз орнына қайтып орналастыру үшін сынаға және корпусқа белгі салады.
Алынған бөлшектерді қарап және шаблонмен өлшейді. Жарығы жоқ бөлшектер және сынуы мен тозуы өз мөлшерінен аспағандар жарамды деп есептеледі. Мысалға, Ш-1-Т, Ш-1-ТМ, Ш-2-Т, Ш-2-В аппараттарының корпус қабырғасының қалыңдығы 18 мм. болса – күрделі жөндеуге, 16 мм.аспаса деполық жөндеуге жатады.
Егер корпус жарығының технологиялық саңылауының ұзындығы 120 мм.аспаса, оны пісіреді, кейін дәнекерлеп күшейтеді. Қысқыш конустың – 3 мм., қысқыш шайб – 5 мм. болса тозған болып табылады.
Ш-1-Т және Ш-1-ТМ аппаратының фрикциялық клинья қалыңдығы 17 мм., ал Ш-2Т, Ш-2-В аппараты үшін 32 мм. болу керек. Бекіту болты 5 мм., кесу ұзындығы 35 мм. болса тозған болып есептеледі. Станоктан көне болтты алғаннан кейін бекіту болтының өзегінің бетін және бұрандасын балқытады.
Тозған клинья мен қысқышты балқытып жөндемейді, себебі ол көп еңбек күшін қажет етеді. Серіппенің өз мөлшеріне сәйкес еркін жағдайдағы биіктігін бақылайды.
Серіппенің ұзындығы бойында сыныуы шеңбер 1/3 ұзындығы көп болмаса пайдалануға болады. Аппаратты жинау кезінде сынған шеті корпустың түбіне бекітеді.
ЦНИИ-Н6 баяулатқыш аппаратының корпусындағы бұрыш серіппесіне арналған тірек бөлшектерді, өзекке арналған саңылау қабырғаны балқытады.
Р-П5 және Р-2П баяулатқыш аппараттарын: егер бөлшектерде жарық болса; Р-5П аппаратының қамыт корпусы және аралық плитасы тозуы 5 мм.; Р-2П аппаратының қысқыш және аралық плитасының тозуы 5 мм.; резиналы-металл элементтерде жыртық немесе тесік болмаса; Р-2П габариттік мөлшері 83Р шаблонына сәйкес келсе; резина металл элементтерінің арасында саңылау болмаса бөлшектемеуге болмайды.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай емес аппараттарды ғана бөлшектейді. Резина металл элементтердің қызмет ету мерзімі 4 жыл.
Р-5П және Р-2П аппаратының металл бөлшектерін қара түсті бояумен бояйды. Аппаратты күн сәулесі түспейтін және резинаны жеп қоюдан қорғайтын орында сақтайды.

2.Тартылым хомуті: егер, тартқыш жолақта оның орналасуы мен көлеміне жатпайтын жарық болса 2, 5, сынаға арналған саңылау жағынан жұтқыншақ қалыңдығы 45 мм.кем, СА-3 автотіркеуішіне арналған тартқыш жолақ, а қалыңдығы 20 мм., ені б 95 мм., СА-3М үшін 115 мм.кем болса жөндеуге жіберілмейді.
Хоммуты 20 жылдан кейін ғана металломға жібереді.
Тартылым жолаққа жатпайтын болат құлақшасындағы 1, байланысу тақтайшасындағы 2 және 3, артқы тірек бетінің 7 жарықтары жөндеуге баріледі.
Тартылым жолағына жатпайтын сыртқы жарық тереңдігі 3 мм. көп болмаса құю сыртына жаймен ауыса отырып шабады, балқытпайды.
Хомуттың бас жағының ойық төбесі 4, сыртқы тірек беті 6 тозған кезде балқытып жөнделеді. Тартылым жолақтың 8 тозуы, егер оның көлемі 3 мм., басы мен артқы бетінің жаны – 5 мм.болса жөндеуге беріледі. Зевтың тозуы қалыңдығы 50мм. кем болса балқытылып жөндейді. Хомуттың ойығың балқытып өңдеп болғаннан кейін, оның қалыңдығы 58 мм. кем емес, 61 мм. артық болмау керек.
Тартылым хомуттының жарамсыз сынасы мен оның болты жөндеуге жатпайды. Кез келген жарығы бар, сына 3 мм.-ге бүгілсе, оның ені кем дегенде 88 мм., қалыңдығы 28 мм. болса, онда ол жарамсыз деп есептеледі.
Сынаны ұстап тұратын болт ұзындығы 145±3 мм. болу керек. Оның тозуы 2 мм. болса деполық жөндеу, 1 мм. –күрделі жөндеуге жатады.

8 Тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет