ТҚК – 2 - жазғы және қысқы жүк тасу алдында жүргізіледі.
ТҚК – 3 - жалпы сеттік пайдалануда вагондардың негізгі бөлшектеріне бірінғай техникалық ревизия жасалған кезде, вагон жасалғаннан кейін 6 айда жоспарлы жөндеу кезінде, немесе өткен ревизия жасауда арнайы жөндеу жолдарында, немесе құрамнан ағытып деполарда жүргізіледі.
Техникалық қызмет көрсету жүк вагондарына құрамды сапарға (рейс) дайындау алдында іріктелген немесе участкілік станцияларда, сондай – ақ бос вагондарды топпен және құраммен жүк тиеуге берген пунктерде жүргізіледі.
Рефрижератор поездар мен секцияларына жыл сайын техникалық қызмет көрсетіледі. Техникалық қызмет әр 15-30 тәулік, әр 50, 100, 200 және 400 сағат сайын оның жұмыс құрылғыларының ақауын тексеріп отырады, ал алғашқы (профилактикалық) жөндеу әр 6-9 айда жүргізіледі.
Автономды – рефрижераторлы вагондарға мынадай техникалық қызмет көрсетіледі:
ТҚК – 1 – жүк тиер алдында;
ТҚК – 2 - тиелген жүк жол жүріп келе жатқанда 24-30 сағат кейін тексеріледі;
ТҚК – 3 - жүкті келген станцияда түсіргеннен кейін.
№ 3 тақырып
Вагондардың жөндеу жүйесі.
Жөндеу бірлестігі және аралық жөндеу мерзімі.
Сұрақтар
Жөндеу деп нені айтамыз және олардың түрлерін үйрету.
Жөндеу циклімен , жөндеу аралыққа толық мәліметт беру.
Жөндеу – жылжымалы құрамның регламентті жұмыс қабілетін қалпына келтіру, сондай – ақ техникалық қызмет көрсету мен пайдалану процессінде анықталған ақауларды жоюға қажет болып табылады.
Жөндеу жұмыстары бөлшектердің істен шығуын алдын алғаннан соң және вагондардың жұмыс мерзімін белгілі уақытқа жеткеннен кейін жасалады оны ескерту жөндеу дейміз.
Атқаратын жұмыстарының себептері мен мінездемелеріне байланысты жүк вагондарына төмендігедей жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Күрделі (капитальный) жөндеу – жылжымалы құрамның ресурстарын
қалпына келтіру үшін арнайы вагон жөндеу зауыттарында жасалады (әр 8 – 12 жыл ).
Достарыңызбен бөлісу: |