Деполық жөндеу – вагондардың жұмыс жасау қабілеттін қалпына келтіру, істен шыққан бірқатар бөлшектермен деталдарды жөндеу немесе алмастыру үшін жол шаруашылығының арнайы вагон- цехтарында жүзеге асырылады (әр 2-1 жыл ).
Жолаушылар вагонның жөндеуі төмендегідей бөлінеді:
КЖ -1 – вагон ресурстарын жоспарлы түрде жүргізілеттін, істен шыққан бөлшектерді қалпына келтіру, оларды алмастыру немесе қайта жөндеу, сондай – ақ бірқатар бөлшектерді модернизациялау болып табылады (әр 4, 5 жыл ).
КЖ-2 - істен шыққан бөлшектерді, вагон ресурстарын қалпына келтіру үшін жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмысы, сондай –ақ мұнда электро-проводты изоляциялап алмастыру арқылы, кузовтың ішкі жақтауын сыртқы обшивкаға дейін ашу, қажет болған жағдайда құрамның бөлшектерін жөндеу және алмастыру болып табылады (әр 16, 20 жыл ).
Деполық жөндеу – құрамның бөлшектерін жөндеу және алмастыру арқылы вагондардың жұмыс қабілеттін қалпына келтіру үшін жасалатын жоспарлы жұмыс болып табылады (әр 2 – 1 жыл ).
2.Жүзеге асрылатын жөндеу жұмысының белгілі тәртіппен қайталанып келетін затты пайдаланудағы қысқа мерзімді жөндеу циклы деп атайды.
Затты жөндеп болғаннан кейін келесі жөндеуге дейінгі уақытты жөндеу аралық (период) деп атайды.
№4 тақырып
Вагондарды жөндеуге дейінгі және жөнделгенен кейінгі оның бөлшек-терін бақылау мен сынау.
Сұрақтар
1.Вагонның құрастыру дегеніміз не және оған толық мәліметт беру.
2.Бақылаудың мақсаты.
3.Бақылаудың түрлері, жөндеуге дейін және жөндеуден кейінгі сынау.
1.Өндіріс объектісі болып табылатын вагон күрделі заттардан тұрады, олар көп элементтерді қамтиды және түрлі технологиялық әдістерді пайдаланып неше түрлі материалдардан жасалған.
Вагонның құрлысы негізінен деталдармен және құрастырушы бірліктерден тұрады.
Құрастыру бірліктерін қолданбай біртекті және бір маркалы материалдан жасалған затты бөлшек (деталь) деп атаймыз. Мысалы: бір бет қанылтыр, жардың стойкасы, жылжымалы құрамының доңғалағы және білігі.
Жөндеу мекемелерінде құрастыру операциясы арқылы заттың бөлшектерін өзара бір – біріне жалғастыруды құрастыру бірліктері деп атайды.Мысалы: кузов, арбаша, пневматикалық тежеуіш жұйесі, жылыту жұйесі, ауаны салқындату, т.б. құрастыру бірліктеріне жатады.
2.Жөндеудің технологиялық процестен бұрын міндетті түрде деталдарды жуып, тазалайды. Бұл деталды алдын – ала жай көзбен қарап немесе өлшеген кезде олардың ақауларын анықтау үшін қажет.
Алдын –ала бақылау – жөндеудің көлемін анықтауға деталдарды сұрыптау олардың бракқа шыққанын, жарамдысын және жөндеуге жататындығын іріктеу үшін қажет.
Жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау үшін контролер ВУ- 23 номерлі тіркеу ведомосын жасап оны депоның өндірістік бөліміне береді.
Узелдарды бөлшектегеннен кейін құрастырылатын узелдар мен жеке
деталдарға бақылау жүргізіледі.
3.Жөндеу жұмыстарына дейін үш сатылы бақылау жүргізіледі.
а) зақымданған вагондарды қарағанда жетіспейтін деталдарға, істен шыққандарына арнайы опись жасалады.
б) вагон узелдарын бөлшектегеннен кейін олардың узелдарына сынақ жүргізіледі яғни редуктор, генератор, жәй қазандық, сынақтан өтеді және электродвигатель мен вентилятор тексеріліп, жылу жүйесі мен сумен жабдықтау жүйесі қысыммен зерттеледі.
в) бөлшектенгеннен кейін узелдардың әрбір деталы тексеруден өтеді.
Бақылаудың әрбір сатысының алдында жөндеу жұмысы жүргізілуге дейін деталдарды жуу, тазалау, майдан тазалау және қышқылмен шаю қажет. Содан кейін барып оларды құралдармен өлшеу керек.
Жөндеп болғаннан кейін мына деталдар мен узелдар тексеруге жатады.
1.Складтан алынған жаңа заттар.
2.Механикалық цехтан дайындалған жаңа деталдар.
3.Механикалық бөлімше мен сварка арқылы қайта жөнделген деталдар.
№ 5 тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |