1 тақырып Кіріспе


Бөлшектердің тозуы және оларды бұрынғы қалпына қайта келтіру тәсілдері



бет7/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Лекция Тех.рем

Бөлшектердің тозуы және оларды бұрынғы қалпына қайта келтіру тәсілдері
Тепловоз - пайдалану процессінде тозатын, көптеген өзара ауысып қозғала-тын үйкеліс бөлшектерден тұратын күрделі машина.Тозған сайын,тепловоздың қуаттылығы п.ә.к. төмендеп жұмыс сипаттамалары өзгереді. Жағдайсыз вибрация,тарсыл пайда болып машина қызады. Осының бәрі авария не қирау қауіптерінің туындауын көбейтеді.
Зақымданудың барлық түрлерінен,тозу факторы ең кеңінен таратылған деп айтуға болады. Жұмыс жағдайына, ортаға,үйкелес бөлшектердің жанасуы специ
фикасына байланысты, тозудың келесі түрлерін айырады: жемірілу(механикалық абразивті), тотығу, коррозиялық (мүжілу) молекулярлы-механикалық, жанасқан бөлшектердің қажуы. Тозудың ерекше түрлері кавитационды және фреттинг-коррозия болып табылады.
Тозудың ең кең таратылған түрі жемірлеу(абразивті). Бұл процесс өзінің жылдамдығымен сипатталады.Тозудың бұл түріне букстардың жақтаулары және арбаша рамасының жақтары, аспалы рессорлардың және рычакты тежегіштің, төлкелері және бірліктері, рессор балансирлерінің тіреніш беттері, серіппелі аспарлардың жапсырмалы және арбаша рамасының өкшелері тағы да дизель цилиндрлі – поршень тобының бөлшектері және компрессоры, автотіркеуіш бөлшектері (ауа көп шалдалғанда ) және басқалары жатады.
Тотығу тозуы – үйкеліс бөлшектердің арасында май не басқа сұйық болғанда үйкеліс беттерінің үстінде тотық пленкасын құрайды. Жұмыс процесінде ол бұзылады.Барлық тозу түрлерінен бұл тозудың жылдамдығы ең төмен.Тотығу тозығы, үйкеліс беттерінің арасындағы майдың жеткіліксіз болғанында және жемірілу (абразив) процессі болмағанда да пайда болуымен сипатталады. Тозудың бұл түрі тотық пленкасының бетіне қышқыл түскенде пленканың бұзылуынан басталады. Көбінесе, коррозиялық тозу төлелердің бетінде дизель поршеньдерінде газдардан бөлінген қышқылттардан болуы мүмкін.Жылу және химиялық әсерден уақыт оза келе, клапандардың отыратын белдігінде және оның ершіктерінде коррозиялық қабыршақ пайда болады.
Жанасқан бөлшектердің қажуы – тербеліс үйкелістердің не дүркін - дүркін соққылардың әсерінен болады.Тозудың бұл түрі кейде «қабыршықты» не «питинг» деп аталады. Мұндай тозуға дөңгелек жұптарының бандаждары, тісті доңғалақтардың тістері, доңғалақша және роликті подшипниктерге, төлкелердің цилиндр блогы мен жанасқан жерлер, төлкелер вибрациясында ж.т.б. - бейімді келеді. Бұл тозудың жылдамдығы жанасу кернеуінің мөлшеріне тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет