Тепловоз бөлшектерін тазарту
Пайдалану процессінде тепловоздың ашық жерлерін шаң және кір басады: цилиндр рубашкысының құбырлары, суытқыш секциялардың қабырғалары тұздың шөгінділерімен, поршень бас жағының үстінде, жану камерасында, газдардың жолында күйе жиналады, май өткізгіштерде және сүзгілерде смола шөгінділері пайда болады.Қорғалмаған металл беттері тоттанып не тотықтанады.
Үйкеліс беттердің арасына түскен шаң және кір бөлшектердің интенсивті тозуына себеп болады: күйе смола каналдардың тесігін тарылтады, дизельдің және басқа агрегаттардың тиімділігін төмендетеді.
Бөлшектердің кірленуіне байланысты тазартудың келесі түрлері пайдаланылады: механикалық,физика-механикалық тазарту қолданылады.
Сығымдалған ауамен тек құрғақ шаңнан тазартады.Ұсынылатын ауаның қысымы 0,25-0,35 МПа.
Механикалық құралмен тазалағанда,күйеден коррозиядан,ескі бояудан,
тотықтардан тазарту үшін әртүрлі қырғыш құралын қолданылады.
Түрпілі абразивтер, ауаның не судың ағынымен бағытталады.Қара не түрлі түсті металл беттеріндегі қатты кірлерді абразивтермен кетіреді.
Жұмсақ абразивтерді негізінен электр изоляциясы бар бөлшектерді тазалауға пайдаланады.
Поршеньдерді күйеден тазарту үшін сүйек үгінділерін немесе шыны моншақтармен қолданған дұрыс. Диаметрі 1,5-2 мм шыны моншақтарын тазар-тылған бетке сығымдалған ауамен 1-2 мин,беріледі. Поршеньді температурасы 80-850С кальций содасы қосылған сумен жуғыш камерада шаяды.
Механикалық жабдықтардың бөлшектерін жуғыш машиналарда тазалайды.
Бірінші камерада, кірдің қабаты химиялық әсерден жұмсартып шайылады. Ал екінші камерада 80-900 қыздырылған кірдің қалдықтары кетіріледі.
Құбыр өткізгіштерді әуелі 8-10% күйдіргіш соданың ерітіндісі құйылған ваннаға 8-10 сағатқа салып тазалайды содан кейін құбырларды 5 сағатқа тұз қышқылының ерітіндісіне салады.
Ультрадыбыспен тазарту амалын қолданғанда, тазартылатын бөлшектердің бетінде ертіндінің интенсивті тербелісі пайда болады.
№ 10 тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |