Автотіркеуіш құрылғылардың тексеру әдістері
1.Автотіркеуіш құрылымның жарақсыздығын тауып, оны түзету үшін деталдарын ағытпай әуелі сырттай қарайды немесе жылжымалы құрамнан ағытып алып қаралады.
Сырттай қарау вагондарды ағымды жөндеу кезінде, яғни автотіркеуіш деталдарының түгелдей жұмысқа жарақтылығын анықтау үшін тексеріледі. Күрделі және деполық жөндеу кезінде толық қаралады. Бұнда автотіркеуіш қондырғысының алынатын деталдары ағытылып жөнделеді. Содан соң оларды бақылау пунктіне немесе жөндеу бөлімшесіне жібереді, ол жерде түгел ашылып, қажет болған жағдайда деталдарын жөндейді.
Автотіркеуішті алмас бұрын ағыту жүйесінің рычагінің шынжырын ағытады (гайканы, контрагайканы, шынжырдағы болтты). Содан соң тартылым хомутын, клин бекітулерінің шплинттерін байланған сымдарын алып, гайкаларын ағытып, болттарын шығарады және тартылым хомутының клиндарын алады.
Баяулатқыш аппараттарды алу үшін арнайы пневматикалық - гидравликалық немесе электрлік жүйесімен істейтін көтергіштерді пайдаланады.
Көтеріліп қойған вагон астына жөндеу жолдарына көтергіш қондырылады. Осылайша көтергішті алатын аппарат астына қойып, оның тірек тақтайшасын ұстау планкаларына тақалғанша көтереді. Бекіту планкаларының болттарының шплинты алынып, гайка ағытқышты аппаратқа қарай бұрады, ол аппарат пресс көмегімен қысылып тұрады. Тірек тақтайшасы тартылым хомутымен бірге және ұстаушы әр аппаратты алғанда балканы көтергіш рамасының бойымен ауыстырады.
Болған соң ұстаушы балканы алып тастайды, көтергіш энергия көзінен ағытылып қажетке сай бөтен вагонға немесе вагонның екінші шетіне қойылады. Көтергіштің балкасы алынған аппараттармен толықса, оларды мостылы кранының астына жинайды. Көтергіштің балкасындағы алынған аппараттар орнына басқаларын, яғни жарақты алдын - ала қысылған аппараттарды, өз кезегінде оларды вагондарға қояды.
Автотіркеуіш құрылымы сыртқы тексеруі оның толық қар мен ластан тазаланған соң жүргізіледі. Тексеру кезіндегі байқалған жарық немесе майысу орындарын деталдардың нормаға сай болуымен салыстырылады. Механизмнің жұмысы және қораптың жағдайын комбини-рованный 940р шаблонымен тексеріп қарайды.
Механизм деталдарының оңай қозғалуыннан ағытып алмай-ақ бақылайды. Көтергіштің валигін қолмен бұрағанда құлыппен құлып ұстағыш еш кедергісіз қозғалуы қажет. Баяулатқыш аппарат алдыңғы және артқы тірек тақтайшысына тиіп тұрса, жарақты деп саналады. Аппараттың пружиналары отырған болса алмастырылады.
Автотіркеуіш құрылымын бекіту деталдары типтік бос болады. Одан өзгешелік кездессе болттық жалғамалар қатайтылады, шегелері қайта тойтарып шегеленеді (заклепка).
Жүк вагондары үшін автотіркеуіш білігінен рельс бетіне дейін 950мм, сегіз және төрт білікті бос вагондарға 990 мм, жолаушылар вагоны үшін 980мм қазіргі норма бойынша ең төмеңгі биіктік болуы шарт. Бір вагонның автотіркеуіш білігінен биіктің айырмасы 25мм, және қораптың төмен түсіңкіреуі 10 мм-ден аспауы қажет.
Қораптың артқы бөлігінен жоғарғы бетімен розетканың алдыңғы жиегімен артқы бөлігі шеткі балка аралығы өлшенеді. Бұл аралықтар зазоры 25 мм және 20 мм-ден кем болмау керек.
Автотіркеуіштің артқы бөлігінен перемычканың қалыңдығы ағымды жөндеуде 40 мм-ден кем болмайды. Ал ағыту жүйесінің жұмысын қарағанда оның шынжыр ұзындығын реттеп келтіреді.
Жолаушылар вагонының автотіркеуіш құрылымы кезекті жөндеуден өткен соң сыртқы нормалар бойынша ай сайын қарайды. Яғни соққылық және тартылым ілінісу беттерінің контуры деполық жөндеу нормаларға сай болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |