1 тақырып Кіріспе


Жолаушылар вагонының жылыту жүйелерін жөндеу



бет47/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59
Лекция Тех.рем

Жолаушылар вагонының жылыту жүйелерін жөндеу.


1. Жолаушылар вагондарын пайдалану процессінде сумен жылыту жүйесінде көбінесе кездесетін ақаулар: труба өткізгіштің жалғаған жерінен су кетуі, жарықтар пайда болуы, шынайы қажалуы, даттануы және механикалық әсерлері; қақтың пайда болуы және ішкі жағының ластануы,
Қысқы жылыту жүйесін жылыту алдында және жоспарлы жөндеу кезінде қысымы 0,2-0,3 МПа сумен жуады. Жоспарлы жөндеуді орындау кезінде жинақтау бірлігінің жылыту жүйесін бөліп жуады ( котел, жылыту желісін, калорифер), ал пайдалану кезінде жинақты түрінде орындалады.
Депода жылыту жүйесін жөндеу кезінде вагоннан тек ақауланған бөлшектерді және бірлік бөлшектерді шешеді. Күрделі жөндеу кезінде жылыту жүйесін толық шашады.
Котелдың жарының ақауын жөндеу үшін дәнекерлеу (сварка) және еріту арқылы жүргізіледі.
Котел мен калориферді жалғайтын жеріне қондырғыш шайбаны ерітеді.(3сур), а жанатын коробканың жоғарғы жағын егерде жарын тазалағаннан кейін қалыңдығы 50% -дан төмен болмаса ғана ерітеді; б қажалған жерлерін ерітеді, в кожухтың қабатында даттанған жерлерінің ауданы 0,2 м суммасынан аспаса ғана ерітеді, ал тазалағаннан кейін қалдырған жаржың қалыңдығы 50% -дан төмен болмайтын болады.
Котелдің қандай жері болмасын, котелдің астына екі заплаттан аспаса ғана қоюға рұқсат етіледі.
Электрлі қыздырғыш деполық жөндеу кезінде шашып және электрлі жөндеу цехына жібереді. Котел жөндеуден кейін 0,1 МПа қысымы бар гидравликалық сынаудан өтеді. Сыналған кезде табылған ақауды жойып, қайтадан сынайды.
Кейейткіш - ауа бөлгіштер және калориферлерді де өндейді. Калориферлердің көлдең жарықтарын газды сваркі мен қалыпына келтіреді. Вагондарды жөндеудің барлық түрінде не бары екі жарықтың ұзындығы 100мм дейін ерітуге рұқсат етіледі (4сур) бұзылғандарға алмастырып, сонымен қатар жаңа трубаны 2 ерітуге рұқсат етіледі.
Осы кезде егер жарықтар сваркілеу жұмыстарына ыңғайлы жерде орналасса, калориферлерді шашпай жөндейді, ал егер қиын жерде болса, онда калориферлерді шашып орындайды.
Жөндеуден кейін кеңейткішпен калориферлерді 0,1 МПа қысымы бар су мен тексереді.
Жылыту жүйесінің трубаларын және калорифердің өткізгіштерін күрделі жөндеу кезінде ыстық сумен бірге 0,4 МПа қысымды ауаны трубаларға береді, одан соң жүйені жуу үшін арнайы қоспамен толтырылады.
Вагонды деполық жөндеу кезінде котел мен трубалардың жағдайларын шашпай тексереді. Тексеру үшін тек насостарды, гидрометрлерді және дистанционды термометрлерді шешеді. Барлық су мен жылыту жүйесін жуады.
Соңында жылыту жүйесін жұмыстық жағдайда тексереді.

Сурет 1.Жылыту жүйелерінің ақаулары





Сурет 2. Котелдың ақаулары

27 Тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет