Су жабдығы және желдеткіш жүйелеріне техникалық қызмет көрсету.
1. Жолаушылар вагонының су жабдығы жүйесін пайдалану процессінде бірнеше техникалық қызмет көрсетуден және жөндеулерден өтеді. ТО-1 күнделікті жүргізеді осы кезде басты көңілді жалғау трубаларының тығыздығына, вентилдерге, крандарға, сонымен қатар қыздырғыштың жұмысына, ауыз судың сақындатқышына бөледі.
Қысқы және жазғы т техникалық қызмет көрсету ТО-2 кезінде біріккен техни- калық ревизия жүргізеді. Мысалы, сумен жылытқышты айырады немесе қосады, су бактарындағы, трубалардың, вентилдердің, крандардың ақауларын жояды.
2. Желдеткіш жүйесіне ТҚК және жөндеу жұмыстарын сапар кезінде пойыз бригада жұмысшылары, ал жолаушы вагондарын сапарға шығар алдында квалифицироваланған слесарь бригадалары немесе қараушы – жөндеушілер жүргізеді.
Жолаушы вагондарын сапарға дайындар алдында барлық табылған, сонымен қатар рейстік журналда белгіленген жөндеуге келмейтін ақауларын алып тастайды. Жолаушылар вагондарының желдеткіш жүйесіне техникалық қызмет көрсету кезінде жиі кездесетін жөндеу операциясы фильтрді алмастыру болып табылады. Ауа каналдарын жиналған шаңдардан мерзімді түрде тазартып тұрады. Ауа проводына өткізетін каналды сығылған ауамен үрлейді, ал шаңды жинау үшін вагонның соңғы купесіндегі вентиляциялық решеткадан алынған сыңылауға брезентті рукавты бекітеді. Сығылған ауамен заборлы решеткаларды вентиляторларды ( ауа фильтрі алынған кезде), калориферлерді ( конфузор мен диффузор алынған кезде). Үрлеу брезентті рукавтан шаң шығуын тоқтатқанша созылады.
Желдеткіш жүйесінің жұмысы барысында сыртқы шуды болдырмау үшін бекітпенің узелдарын ( түйіндерін) тартады және оларды тексеріп, зақымданған жерлерін алып тастайды.
Сонымен қатар ауаны толық кондиционерлейтін вагондарда приборлардың фунқциялануын және ауаны кондиционерлеу жүйесінің автоамтты басқару жұмысының құрылғысын тексереді және табылған жарамсыз ақаулардың алдын алады.
Қондыру жұмысының сенімділігі үшін оны байқап іске қосып тексереді.
Жазғы тқк кезінде желдеткіш жүйесін қысқы режимнен жазғы режимге ауыстырады.
Термостаттарды шаңнан кожухтарын алғаннан кейін тазартады және олардың техникалық жағдайын тексеріп, жөндеуге келмейтін ақауларын алып тастайды.
№ 26 Тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |