1 тақырып Кіріспе


Бөлшектерді куәліктендіру және тексеру



бет10/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Лекция Тех.рем

Бөлшектерді куәліктендіру және тексеру
Бөлшектерді және жиналмалы бірліктерді куәліктендіру олардың зақымдану және өңдеу жұмысының көлемін анықтауға қажет. Ақауларды анықтау тепловозды бөлшектеу және оның агрегатын тазартқанға дейін басталады.
Бөлшектерді өлшеу.Бөлшектердің тозуын приборлармен және өлшеуіш құралмен анықтайды. Микрометрдің микрометрикалық нутромердің индикаторлы көмегімен өткізген өлшеу амалдары кеңінен таралған.
Штангениструменттердің ішінен, өлшеу үшін штангенциркульдер пайдаланылады. Бұл құралдар 0,1-ден 0,02мм-ге саңылауды өлшеу үшін қолданылады.
Техникалық қызмет көрсету тәжірбиесінде тозуды анықтау үшін жанама әдістер қолданылады, жанамалы амалдың тағы бір түрі интегралдық амал, ол бөлшектердің не үйкеліс беттердің «қызмет қасиеттерінің» өзгерістерін бағалап салыстыруға негізделген.
Бөлшектерді қадағалау әдістері. Тепловоздардың бөлшектерін өңдегенде келесі қадағалау әдістері қолданылады: везуалды, акустикалы ультрадыбысты және гидравликалық сынау. Везуальды әдісте бөлшектерді көзбен немесе 5-10 есе үлкейтетін лупа және микроскоп арқылы бақылайды. Акустикалық әдіс - ақаусыз бөлшектердің жарықтары бар бөлшектердің жайлап ұрғылағанда шығатын дыбыс айырмашылығына негізделген. Опрессовка әдісі - бөлшектердің қуыстарын, белгілі бір қысыммен сұйықтармен толтырылады. 60-70-қа дейін қыздырылған сұйық жабылып қалған жарықтардағы,тесіктердегі кірлерді ерітіп аға бастайды.
Түрлі - түсті дефектоскопия әдісін қолданғанда бөлшекті арнайы сұйыққа батырып салады. Содан кейін бөлшекті кептіріп бетін ұсақ силикагельдің ұнтағымен жабады.
Магниттік дефектоскопия әдісін қолданғанда бөлшектің бетіне ферромагниттік ұнтақ салынады және ол жер әрі қарай магниттеледі.
Ультрадыбысты дефектоскопия тереңде жатқан ақаулықты табуға арналған.Бұл түрінде улдьтрадыбыстың тербелістері металльдың не сұйық дененің бойына өтетін қасиетіне негізделген.
Дефектоскопияның ультрадыбысты амалымен тереңде жатқан жарықтарды ғана емес, бөлшектің бетіндегі жарықты да табуға болады. Сондықтан бөлшектің бетіндегі жарықтарды, олардың ені 0,5мм асқанда ғана табуға болады.
11 тақырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет