2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері:
мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық
бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – өз
өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасында
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
орталық атқарушы орган; оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың
алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге,
ашуға және тергеп-тексеруге
бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері өздерінің
қызметтік міндеттерін орындау кезінде "Құқық қорғау қызметі туралы"
Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының
өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктерге ие болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган
мынадай функцияларды:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік
құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді,
сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз
құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды;
2) осы Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде
сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін
себептер мен жағдайларды
анықтауды;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік
органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын
барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізуді;
4) жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық
баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынуды;
4-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруды және
үйлестіруді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды
барынша азайту мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың
қызметін үйлестіруді;
4-2) сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және мемлекеттік және
жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін айқындау үшін қажетті
әлеуметтік зерттеулер жүргізуді;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
сыртқы талдау нәтижелері
бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға
ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды
мемлекеттік
органдардың,
ұйымдардың,
квазимемлекеттік
сектор
субъектілерінің орындауын мониторингтеуді;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша
тәркіленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған
мүліктің өткізілуіне мониторингті жүзеге асырып, оны мемлекет кірісіне
айналдыру туралы ақпаратты әдетте кейіннен жариялауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылдың оң тәжірибесін
зерделеуді және таратуды;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында
білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға
бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу,
ақпараттық және түсіндіру қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты
орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне
жәрдемдесуді және
әдістемелік көмек көрсетуді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган
қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен,
жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысуды, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
бойынша шет мемлекеттердің
тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, өз өкілеттіктері шегінде
халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды
жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: