4 Диссертацияда магистрант келтірген ғылыми нәтиженің, тұжырым, корытындының жаңалық деңгейі. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы оның тақырыбының өзектілігімен, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері тығыз байланысты және ғылымилығы жоғары. Диссертацияда:
диссертация жұмысында деструктивті ағымдарға қарсы араб елдері мен Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар жүйелі түрде сараланған және басымдылыққа ие болуы тиіс тұстары анықталған.
5. Диссертацияның негізгі тұжырымдарының, қорытынды, нәтижелерінің жарияланымы туралы айғақтар.Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен қорытындылары Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы: «Әлеуметтік және саяси ғылымдар» сериясы журналында және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында жарияланған екі мақалада көрініс тапқан.