1. Тақырыптың өзектілігі және оның жалпығылыми, жалпымемлекеттік бағдарламалармен байланысы


Диссертацияның мазмұны мен рәсімделуі бойынша кемшіліктер



бет5/5
Дата20.01.2022
өлшемі54.5 Kb.
#454697
түріДиссертация
1   2   3   4   5
Канат-cыртқы пікір МАЖ

6. Диссертацияның мазмұны мен рәсімделуі бойынша кемшіліктер. Магистрлік диссертацияның рәсімделуі талапқа сәйкес орындалған. Дегенмен диссертация жұмысы барысында кемшіліктердің де орын алғандығын атап өту керек. Ол зерттеу жұмысының мәтінінде граматикалық қателер кездесуінде. Алайда бұл кемшіліктер зерттеу жұмысының мәні мен мазмұнының сапасына әсер етпейтіндіктен, диссертациялық жұмыстың ғылыми құндылығын төмендетпейді деуге болады.

7. Диссертацияның койылған талаптарға сәйкестігі. Қ.Б. Такировтың диссертациялық жұмысы дербес орындалған ғылыми еңбек болып табылады. Аталған ғылыми зерттеу жұмысы магистрлік диссертацияларға қойылған талаптарға толығымен сәйкес дайындалған. Сондықтан, Такиров Қанатәлі Бақытұлының магистрлік диссертациялық жұмысын қорғауға ұсынуға болады деп санаймын.

8. Қорытынды.

Қорытындылай келе, Қ.Б. Такировтың «Араб елдерінің ислам дініндегі деструктивті ағымдары: дінтанулық талдау» тақырыбындағы магистрлік зерттеу жұмысын дінтану саласы бойынша жазылған еңбектердің бірі және нақты ғылыми жаңалықтары бар, қоғамдық ғылымдар саласында қолданысқа ие болатын жұмыс деп санаймын.



Жоғарыда келтірген артықшылықтарды назарға ала отырып, магистрант Қ.Б. Такировтың магистрлік диссертациялық жұмысын «өте жақсы» деп бағалай отырып, Қ.Б. Такиров «6М020100 – Дінтану» мамандығы бойынша «гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін алуға толығымен лайықты деп қорытындылаймын.

Пікір жазған,

Қазақ Мемлекеттік Қыздар

Педагогикалық Университетінің

қоғамдық-гуманитарлық

пәндер кафедрасының меңгерушісі,

саяси ғылымдарының докторы,

профессор Б.И. Иманбекова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет