"Қазақтелеком" АҚ - Республикадағы ең үлкен компаниялардың бірі, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Толық жұмыс кезеңі - қызметтерді өндіруден оны тұтынушыға сатуға дейін және оларды сатудан кейінгі қолдау - атқарылатын функциялардың көп түрлігінде және Қазақстан Республикасының барлық территориясында орналасқан құрылымдық бөлімшелер мен филиалдар санында көрсетілген.
“Қазақтелеком” АҚ филиалдарының тізімі:
-
14 облыстық филиалдар – Облыстық телекоммуникациялар дирекциялары:
-
Ақмола ОТД
-
Ақтөбе ОТД
-
Алматы ОТД
-
Атырау ОТД
-
Шығыс Қазақстан ОТД
-
Жамбыл ОТД
-
Батыс Қазақстан ОТД
-
Қарағанды ОТД
-
Қостанай ОТД
-
Қызылорда ОТД
-
Маңғыстау ОТД
-
Павлодар ОТД
-
Солтүстік Қазақстан ОТД
-
Оңтүстік Қазақстан ОТД
-
2 қалалық телекоммуникациялар орталықтары:
-
“Астанателеком” ҚТО
-
“Алматытелеком” ҚТО
-
“Алыспен байланыс” бірлестігі
-
Радиотехникалық бірлестік –
-
“Телеком-Жинақтау” дирекциясы
-
Корпоративтік сату дирекциясы
-
Пайдалану-шаруашылық бірлестігі
-
Телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясы
-
Мамандық деңгейін көтеру орталығы
-
“Қазақтелеком” АҚ Ресей Федерациясындағы өкілдігі (Мәскеу қ.)
НЕГІЗГІ ЖОБАЛАР
Қазақтелеком республиканың телекоммуникациялар желілерін жетілдіру және дамыту бойынша жұмыстарды белсенді түрде жалғастыруда. Жүргізіліп отырған жетілдіру ұлттық телекоммуникациялар желісінің барлық деңгейлері мен құрамдық элементтеріне ықпал жасады.
Ұлттық ақпараттық супермагистрал
1998 жылдан бастап ТАЕ қазақстандық учаскесінің (Хоргос – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент) оңтүстік сигменті жұмыс істейді. 1998 жылы Петропавл – Кормиловка (Ресей) маршруты бойынша талшықтық-оптикалық байланыс желісінің құрылысы аяқталды. Ұзақтығы 1140 км Алматы-Қарағанды цифрлы радиорелелік желі салынды, сонымен жоғары сапалық деңгейде Орта Азия – Ресей транзит арналарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін по радиальной ветке Алматы – Астана – Петропавл – Ресей радиалдық тармағы бойынша Ресейге цифрлы шығу ұйымдастырылды.
2001 жылы Ұлттық Ақпараттық Супермагистралдың (ҰАСМ) Батыс тармағының пайдаланысқа енгізілуі телекоммуникациялар желілерін жетілдіру және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде айтарлықтай оқиға болды. ТОБЖ жалпы ұзақтығы – 2,473 км және Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Атырау – граница Ресей Федерациясының шекарасы маршруты бойынша өтеді. Өткізу мүмкіндігі 16 STM-1 транзиттік ағымды, сыйымдылығы - 30 240 арнаны құрайды.. Ұлттық магистралдың Батыс тармағы құрылысының аяқталуы Қазақстан Республикасының жаңа, осызаманғы телекоммуникациялық инфраструктурасын қалыптастырудағы маңызды саты болды. Соның нәтижесінде Европадан Қытайға, жапонияға, Оңтүстік Шығыс Азияға ең қысқа жолмен қосылуды қамтамасыз етуге мүмкіндік пайда болды.
2004 жылы Шығыс ТОБЖ (Талдықорган – Өскемен – Семей – Павлодар – Астана) құрылысы аяқталды, соның нәтижесінде “Ростелекомның” Транс-Сібір байланыс желісі және Батыс ТОБЖ арқылы талшықтық-оптикалық сақина ұйымдастыру мүмкіндігі пайда болып, SDH магистралдық желісінің сенімділігі мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
2004 ж. ұзақтығы 600 км Атырау - Орал ЦРРЖ салынды және пайдаланысқа енгізілді.
2005 жылы Солтүстік ТОБЖ (Ақтөбе – Қостанай – Петропавл) пайдаланысқа енгізілді. ҰАСМ соңғы ірі сегменті - Солтүстік ТОБЖ құрылысының аяқталуы және пайдаланысқа енгізілуі елдің 14 ірі қалаларын және 116 кіші қалаларын, аудан орталықтарын және кенттерін Супермагистралдың бірегей цифрлы сақинасына біріктіруге мүмкіндік берді.
Ұлттық Ақпараттық Супермагистралдың жобасын одан ары жүзеге асыру шеңберінде 2005 жылдың аяғына дейін Мақат-Теңіз-Ақтау ТОБЖ құрылысы аяқталады. 2006 жылы Алматы – Балхаш – Қарағанды ТОБЖ және Орал – Ақтөбе ТОБЖ салынатын болады, бұл Қазақстанның ортаазиялық аймақтың ең ірі транзиттік орталығы болып қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Ұлттық Ақпараттық Супермагистралдың құрылысы барлық деңгейлердегі операторларға жоғары сапалы цифрлы байланыс арналары мен көліктік орта беру негізінде республикада телекоммуникациялар нарығын қамтамасыз етеді және технологиялық басып озу мен халықаралық транзиттік ақпаратта ұзақмерзімді бәсекелестік басымдылықты қамтамасыз ету үшін техникалық база жасауға ықпал етеді.
IP/MPLS технологиясы бойынша мәліметтерді жіберудің ұлттық магистроалдық желісінің құрылысы Қазақстанның барлық облыс орталықтарында хәне ірі қалаларында аяқталды. Желінің жлпы өткізу мүмкіндігі - 622 Мбит/сек. Мәліметтерді жіберудің ұлттық магистроалдық желісі Интернет трафигі үшін көлік болып табылады, жабық жекеше желілер (VPN) ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ телекоммуникациялық және ақпараттық технологияларды конвергенциялаудың негізі болады.
2004 жылдан бастап "Қазақтелеком" АҚ ҚР ақпараттандыру және байланыс Агенттігімен бірге электрондық дауыс беруге (e-voting, e-poll) арналған автоматтандырылған "Сайлау" жүйесінің жобасын жүзеге асыруға кірісті.
Осы және басқа да жобаларды табыспен жүзеге асыру және инновациялық іс-әрекеттерді атқару “Қазақтелеком” АҚ мемлекеттің инфотелекоммуникация-лық инфраструктурасын ұтымды дамытуға жағдай жасайды, ол Қазақстан Республикасының әлемдік ақпараттық кеңістігіне шоғырлануды жеделдетуге мүмкіндік береді.
2005 жылы Metro Ethernet технологиясы бойынша жоғары жылдамдықтағы қалалық қатынау желілерінің құрылысы аяқталды. Құрылған желілердің өткізу мүмкіндігі 1-ден 10-ға дейін Гбит/сек. “Metro Ethernet” жобасын жүзеге асыру ең жаңа технологияларды пайдаланып отандық Интернет-нарығын дамытуға бағытталған.
“Megaline” жаңа сауда маркасы бойынша “Қазақтелеком” әлемдік желіге кеңжолақты қатынау қызметін көрсете бастайды. Компания жәңа өнімге зор үміт артады, оны республика тұрғындары үшін бағасын айтарлықтай арзандату есебінен шынайы әйгілі және бұқаралық етуге ынталы.
“Megaline” сауда маркасымен Интернетке кеңжолақты қатынау қызметі ADSL технологиясы бойынша көрсетілетін болады.. Қызметті пайдаланушылар Интернетті және телефонды бір мерзімде пайдалана алады. Бұдан тыс оларға тұрақты “қоңырау шалусыз” тәулік бойы әлемдік ақпарат ресурстарына қатынау қамтамасыз етіледі.
Осы қызметті пайдаланушылар бес тарифтік жоспардың бірі бойынша 128 Кбит/с-тен 512 Кбит/с-ке дейінгі кепілдендірілген жылдамдығымен осы қызметті пайдалана алады..
“Қазақтелекомда” ADSL- қосылу тарихы 1999 жылдан-ақ басталған, ол кезде бұл қызметті тек қана компанияның корпоративтік клиенті пайдалана алатын. Өткен жылы оған жеке тұлғалардың да қатынауға қолдары жетті. Соңғы кезде тұрғындар ADSL технологиясы бойынша Интернетке кеңжолақтық қатынауды әлдеқайда белсенділікпен пайдаланатын болды. Бүгінде “Қазақтелеком” осы қызыметке мейлінше көп қатынауға жол ашты. Компанияның тарифтік жоспарларының өзгеру динамикасы бөлінген Интернетке қатынау қызметінің элиталықтан бұқаралыққа айналғанын көрсетіп отыр.
Сондай-ақ жақын болашақта “Қазақтелеком” құрылған желінің көмегімен өз абоненттеріне ІР-телефония, бейнебағдарламалар беру, сыртқы бейне-бақылау, дистанциялық оқыту, виртуалды анықтамалық жүйелер, бейнемәжілістер, теміржол және авиа билеттерге тапсырыс беру және сақтап қою, кәсіпорындар офистерінде су мен жылудық пайдалануына дистанциялық бақылау жүргізу және басқа жда көптеген қызмет түрлерін көрсетуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ жақын арада “Қазақтелеком абоненттері ойын клубтарына алыстан қатынау мүмкіндігі де, “бейне тапсырыс боцынша” да қатынау қызметін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Немесе, абонент үйінен шықпай, ойын жазылған дисклерді немесе фильмдерімен кассеталарды алмай-ақ ойнай да, өз қалауымен таңдаған фильмді көре де алатын болады.
“Қазақтелеком” құрған осызаманғы желі компанияның корпоративтік клиенттеріне де көрсетілетін қызмет спектрын кеңейтуге мүмкіндік берді. Жобаның жүзеге асырылуының арқасында “Қазақтелекомда” толық көлемде виртуалдық жекеше желілер (IP VPN) құру бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды. Енді компанияның клиенттері “Қазақтелекомнан” корпоративтік желілерді “түпкілікті” құру бойынша (жобаны жасау мен жабдықтарды жеткізуден желіні нақты уақыт режимінде басқаруға және оны дамыту бойынш келесі кеңестер беруге дейін) кешенді шешім ала алады.
2006 жылы Қазақстан Республикасының барлық аймақтарын қамтитын NGN желісін құру жобасы атқарылатын болады.
Бұл жобаның жүзеге асырылуы коммутациялық арналар технологиясы бойынша телефон байланысы желісін құрудан пакеттерді коммутациялау желісін құруға көшу деген сөз.
Телефон байланысы желісін орнату, NGN технологиясын енгізу барысында экономикалық артықшылықтардан тыс ескі технологияларды пайдаланған кезде қол жеткізуге мүмкін болмаған жаңа қосымша қызмет түрлерін көрсетудің жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндік береді. Виртуалды АТС (Hosted PBX), виртуалды жекеше телефон желісі (IP-Centrex), бөлініп таралған Call Center, бірегейлендірілген хабарлама қызметі (Unified Messaging), электрондық коммерция (eCommerce), организация телефонной связи по широкополосным каналам Кеңжолақты арналар бойынша (ADSL, WiFi) телефон байланысын ұйымдастыру секілді қызметтерге қол жеткізуге болады.
Халықаралық, қалааралық және аймақтық телефон арналарының ұзындығы 463 млн.кан-км құрайды, оның 92% жіберудің цифрлық жүйелерінен құрылған.
Бүгінгі күні барлық 18 АҚТС - цифрлы, желіде үш МЦК жұмыс істейді. Қазақстанның 11 облыстық қалаларында SDH – ішкіқалалық көлік ортасының сақиналары салынған, ол ҚТС стансааралық байланыстың сапасын жақсартты және ақпараттың барлық түрлерін жіберуді, оның ішінде мәліметтерді, бейнеақпараттарды жіберуді және басқа да мультимедиялық қызметтерді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызды.
Жергілікті желіде жалпы құрастырылған сыйымдылығы 2,73 млн. нөмірден тұратын 3257 станса жұмыс істейді, оның 68,41% цифрлық.Бұрын тоқтатылып қойылған барлық ауылдық стансалар қалпына келтірілген. Телефон нығыздығы – 16,7.
Компания смарт-карталарда әмбебап таксофон желілерін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 01.09.2005 жылғы жағдай бойынша әмбебап таксофондар желісі 5696 таксофонды құрайды.
Компания әлемдік деңгейде көрсетілетін қызметтер және клиенттерге қызмет көрсету спектрын кеңейтуге зор көңіл бөледі. Бизнес құрылымдарының сұраныстарын мейлінше толық қанағаттандыру үшін Jrun желісінде жергілікті, халықаралық және қалааралық цифрлы телефон байланысы қызметін көрсететін цифрлы телефония дамып келеді.
Республиканың ең алыс және қатынауы қиын жерлерін телекоммуникациялар қызметімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін серіктік байланыс желісі дамып келеді. Жасалып жатқан серіктік байланыс желісі 8 кбит/сек арналық жіберу жылдамдығымен дауысты сигналдармен алмасуға арналған. Желіде 326 DAMA стансалары жұмыс істейді, олардың 299 – алыс елді мекендерде.
Kulan серіктік бизнес-желісі корпоративтік клиенттерге телефон байланысы қызметін және мәліметтерді жөнелту қызметін көрсетуге арналған телекоммуникациялық серіктік байланыс желісі болып табылады.
“Қазақтелеком" АҚ халықаралық телекоммуникациялық қызмет көрсету саласында кең көлемдегі іскерлік байланыстармен қамтылған. “Қазақтелеком" АҚ бүгінде Қиыр шетелдердің 154 операторымен, ТМД және Балтия елдерінің 17 операторларымен өзара тығыз қызметтес. Олардың арасында MCI/ АҚШ, Deutsche Telekom/ Германия, British Telecom/ Ұлыбритания, AT&T/ АҚШ, France Telecom/ Франция, KDD/Жапония, China Telecom/ Қытай, ROSTELECOM/ Ресей тәрізді аса ірі телекоммуникациялық қызметпен қамдаушылар бар. “Қазақтелеком" АҚ әлемнің барлық елдеріне автоматты түрде шығуды ұсынады, осылайша тәулік бойы халықаралық сөйлесулерді және телекс, телеграф хабарларын табыстауды қамтамасыз етеді.
Шанхай (ҚХР) - Майндағы Франкфурт (Германия) Трансазияевропалық талшықтық - оптикалық байланыс желісінің (ТАЕ ТОБЖ) цифрлық кабельдік жүйесі пайдалануға берілуіне орай "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы Өзбекстан, Қытай, Түркменстан, Иран, Түркия тәрізді елдермен тура бағыттағы жоғары сапалы байланыс тізбектерін ұйымдастыруға мүмкіндік алды.
Ұлттық Ақпараттық Супермагистраль (ҰАСМ) құрылысының толық аяқталуы Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы телекоммуникациялық жаңа инфрақұрылымын қалыптастырудағы маңызды кезең болды. Соның нәтижесінде Европадан Қытайға, Жапонияға және Оңтүстік-Шығыс Азияға төте телекоммуникациялық жалғауларды қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.
Халықаралық қатынастарды дамытудағы маңызды оқиғалардың бірі Қазақстан телекоммуникациялар желісін Ресейдің цифрлы желісіне жалғау болды, мұның өзі Ресей мен қазақстан арасында қызмет көрсету ауқымын кеңейтуге және байланыс сапасын жақсартуға ықпал жасауда.
“Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының халықаралық телекоммуникациялық компаниялармен тығыз түрдегі қызметтестігі және өзінің меншік инфрақұрылымын жетілдіруі дүниежүзілік телекоммуникациялар рыногында берік шептерді жеңіп алуға жағдай тудыруда.
“Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының іскерлік қатынастағы әріптестерінің тізімі:
-
Siemens
-
Siemens-Elaza
-
Alcatel
-
Gilat Satellite Network Ltd
-
Sumitomo corporations
-
Turcell
-
Netas
-
Nec
-
Vesnet
-
Daewoo Telecom
-
Ericsson
-
ECI Telecom Ltd.
-
Lucent Technologies
-
Schlumberger
-
Kcell
-
Huawei Technologies
| -
Telenor AS
-
NERA Network AS
-
Cables & Wireless
-
EC Datacom
-
Comverse Infosys Ltd
-
QUNTE AG
-
Teleglobe
-
Telia
-
Wandel & Golterman
-
SAP
-
Cisco
-
Sun Microsystems
-
Oracle
-
Motorola
-
Mercury Corporation
|
Достарыңызбен бөлісу: |