1 тарау консалтинг қазіргі нарықты экономикадағы жұмыс істеудің мәні мен қажеттілігі



бет2/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#205255
1   2   3   4   5

Бір тұжырымдамаларда басты мәселе табыстардың артуына және нарық үлесінің кеңеюіне аударылса, келесілері залалдарды болдырмау мақсатында шығындарды қысқартуға шоғырланады. Салыстырмалы жақында пайда болғандардың ішінде келесілерді атауға болады: "Пайда аймағы", Mercer Management Consulting компаниясымен әзірленген, және "Құндылықты жасау" — Booz'Allen & Hamilton компаниясының өнімі. Тартымды нарықтық тауашаны анықтау мақсатында өнеркәсіптің белгілі бір саласындағы бәсекелестікті бағалау үшін: Monitor Company, Майкл Портердің стратегиялық өнімін қолданады "Пят-сил конкуренции", aл Boston Consulting Group өзінің өнімін кеңінен жарнамалады "Матрица рост/доля", бұл бағалы қағаздарды орналастыру стратегиясын әзірлеу үшін өте әйгілі. Шығындарды төмендету проблемасымен бәрінен жақсы жасаған СSC Index компаниясы, өзінің "Реинжиниринг" тұжырымдамасымен. Оның жалғастырушы- компаниялары өте көп, бірақ басқа атаулармен аталады.

Компаниялар кеңесшілерді қарапайым проблемаларды шешу үшін тартпайды. Кеңесші барлық уақытта дерлік көлеңкеде қалатынына қарамастан, оған өзінің жұмысының нәтижесін екінші бағанадан көру ұнайды Wall Street Journal, ол жерде жұмыстың ең алдыңғы әдістерін енгізген компаниялар туралы жазылады. Тапсырыскерлер жеңісі — біздің жұмысымыз үшін тағыда бір ынталандырылу.

Біз — сыртқы, жәнеде өте қымбат мамандармыз. Егер біз компания қызметкерлері дербес жасай алатын жұмыспен айналыссақ немесе басшылардың пікірін мақұлдайтын, дәстүрлі кеңестерді берсек , онда біздің жұмысымыз өзінің мәнін жоғалтады. Біз не туралы айтып тұрғанымызды дәл білуіміз керек, өз ойымызды сеніммен баяндауымыз керек және тапсырыскердің проблемасын тез және тиімді шешу үшін өзінің тәжірибесін толығымен қолдану қажет. Біздің концептуалдық негізіміз бен негіз қалаушы принциптарымыз дайын стандарттарды береді, оларды әрбір жаңа жағдайға қолдануға және тез бағалауға болады. Бізде тексерілген жұмыс әдістері бар, жәнеде біз түсінеміз, ең жақсы тәжірибенің не екенін.

Бұл жерде, қазіргі кезде қатаң сынға ілінген, стандартталған тәсілдемемен ешқандай ортақтық жоқ. Әрбір клиентпен біз жеке жұмыс істейміз. Бөлшекті түрде әрбір жағдай бірегей болғанымен, онда барлық уақытта басқа жобаларға ұқсас нәрсе табуға болады. Дегенмен біздің моделіміз динамикалы. Әрбір жобада біз бір жаңалықты үйренеміз. Біз тұрақты түрде өзіміздің дағдылануымызды шыңдаймыз, құралдарды жетілдіреміз және өз қызметімізді кеңейтеміз.

Тапсырыскерлер бұрын проблемаларын шешкен кеңесшілерді жалдайды және сондықтан қиындықтармен қысқа мерзімде орындап шыға алады. Компания өзінің корпоративтік мәдениетімен және ерекше жұмыс әдістерімен мақтана алатын және басқа ешнәрсеге көңіл аудармайтын уақыт өтіп кетті. Қазір бұл үшін бәсекелестік өте қатаң.

Айтайық, сіз бір авиакомпанияның маршруттарын басқа авиакомпанияның маршруттарымен бірнеше айлардан соң белгілі күнге келістіруіңіз керек делік. Бұл үшін сізге қайтадан ұшақ ойлап табудың қажеті жоқ – сіз өзіңіздің міндетіңізді орындауыңыз керек. Мұндай жоба кеңесшіден стратегиялық және сонымен бір мезгілде жағдайдың жоғары дәрежедегі тәжірибелік көріністі талап етеді. Жұмыс істейтін шешімді табу қажет.

Кеңесші логистика принциптерін білуі керек, билеттерді сату және ұшақты жолаушыларға жолға аттануға қолайлы болатын уақытқа беру сияқты мәселелерді шеше білуі керек. Одан өзге, ол ұйымның осы үшін ресурстарының жеткілікті екеніне сенімді болуы қажет, яғни ол кесте құра алады, сәйкес маркетингілік компанияны жүргізеді, оның қызметкерлері жеткілікті санда болады, жәнеде ол жұмыс операцияларын дұрыс орындауы, сәйкес техникалық қызмет көрсетеді. Тапсырыскерлердің мұндай ресурстары молшылық, бірақ оны ауыртқысыз үлкен ұйымға «созу» үшін эксперттің көмегі қажет, ол осындай жағдайлармен таныс болуы керек және оны қалай істек керектігін білуі қажет. Кеңесшілер осындай эксперттер болады.




    1. Консалтингілік қызметтің жұмыс істеу қажеттілігі мен тиімділігі

Қазіргі нарықтық жағдайларда, барлық экономика тұтас, яғни жеке кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметі үлкен өзгерістерге ұшырағанда, әрбір басшы, бұрын не өзі неболмаса штатқа кіретін мамандар кездеспеген, проблемалардың көп мөлшеріне душар болады.

Алдыңғы шептегі жайғасымды жеңіп алу үшін және сақтау үшін, басқарушылық консалтингі саласындағы мамандарды кәсіпорынға өз уақытында шақырумен, проблемалық жағдайды дербес анықтау мен сипаттауға әрекет жасауды ұштастыру қажет. Бұл кәсіпорындағы жағдайды кешенді диагностикалау міндетін шешуге, мүмкіндікті өзекті проблемаларды ашуға, сонымен қатар жоспарлаудың тиімді жасау мен қажетті өзгерістерді ендіруге көмектеседі.

Проблема деп басқарылатын объектінің нақты күйінің, тіленетін немесе жоспарланған күйге сәйкес келмеуі түсіндіріледі. Белгілі бір сандағы проблемалардың болуы, кәсіпорындар мен фирмаларға мейлінше кеңесшілерді жиі шақыруының немесе тіпті олармен абонементтік қызмет көрсетуге шарт жасасуының қажеттігі туралы көрсетеді.

Бұл жерде екі маңызды жағдайды белгілеу керек:

- жағдай «бір», көптеген кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылық қаражаттары нашар күйде болған кезде;

- жағдай «екі», кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылық қаражаттары жақсы күйде болған кезде, яғни кәсіпорынның немесе фирманың деректері табысты жұмыс істейді.

Бірінші жағдайда, қаржылық қаражаттары нашар күйде болған кезде, қымбат тұратын кеңесшілерді жалдау мүмкіндігі де болмайды, тұрақты абонементтік қызмет туралы айтудыңда қажеті жоқ, кәсіпорындағы барлық пайда болатын проблемаларды шешу үшін, кешенді немесе бөлшекті әртараптандыру мүмкіндігі туралы ойлану қажет.

Көптеген кәсіпорындарда, қолдағы негізгі және айналымды қаражаттардың базасында, өндірістік-шаруашылықтық қызметтерді дамытудың баламалылықтарының белгілі бір мөлшерін қарастыру мүмкіндігі болады, оларды дұрыс және тиімді қолдану, қызмет көрсету немесе өндірістік тағайындалымды арнайыландырылған қызмет көрсету бойынша шағын жаңа фирмалар құруға мүмкіндік берер еді.

Кәсіпорынды дағдарыстық жағдайдан шығару міндетін қоятын және шешуге тырысатын кез-келген басшыда, сыртқы ортаның тез өзгеретін жағдайларында, дамудың меншікті жұмысшы тұжырымдамасының шектелген жиынтығы болады [4]. Мұндай жағдайды түзету үшін, қымбат тұратын консалтингілік фирмаларды, компанияларды тартудың қажеттігі жоқ, арзан шағын консалтингілік фирмалардың немесе жекеше кеңс беруді тәжірибелейтінкеңесшілер қызметін тарту жеткілікті болады. Бұл кезде, көп жағдайда консалтингілік қызметтер кеңес, ұсыныс және бірге әзірленген шешімдер нысанында емес, ал ұйымдастыру, техникалық немесе ақпараттық функциялардың орындалу шеңберінде көрсетілетін, кәсіптік қызметтің қатарын толықтыру нысанында жүргізіледі.

Ондай қызмет бола алатындар:

- тіркеу, қайта тіркеу, кәсіпорынды, фирманы тарату, жою;

- қаржы-шаруашылықты қызмет саласындағы бизнес-жоспарды дайындау және әзірлеу;

- шаруашылықты шешімдердің баламалы нұсқаларын экономикалық негіздеудің техикалық-экономикалық әзірлемесі;

- маркетингілік саясат пен стратегияны әзірлеу.

Екінші жағдай кезінде, кәсіпорынның, фирмалардың қаржылық қаражаттары жақсы күйде болған кезде және кәсіпорын табысты жұмыс істеу кезінде, консалтингілік қызметті пайдалану бірінші жағдайдағы сияқты, көкейтесті болады.

Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі және оның әрекеттену түрі табысты болғаны, кәсіпорында проблема жоқ деуге себеп бола алмайды. Кәсіпорындардың нарықтық жағдайда жұмыс істеуі кезінде, проблемалар болған, бар және барлық уақытта болады. Олар, мүмкін, сезілмеуі және байқалмауы, бірақ бірқатар жағдайларда оларды айқындау және шешу үшін, кеңесшілер қажет. Бұл проблемалар бизнестегі күрделі пролемалар қатарына жатады, және оны шешу үшін орташа және ірі консалтингілік фирманы шақыру керек, немесе мамандандырылған ішкі кеңес беруші қызметтерді құру қажет.

Ірі және орташа консалтингілік фирмалардың таралған қызметтерінің бірі болып табылатындар:

- кәсіпорынның стратегиясын әзірлеу;

- ұйымдастыру құрылымын оптималдау;

- қызметкер уәждемесі жүйесін әзірлеу;

- кәсіпорынды басқару жүйесін оптималдау;

- ассортиментті басқару жүйесін қою;

- басқару жүйесін өзіндік құнмен және шығындармен қою.

Бүгінгі күнге көптеген кәсіпорындар үшін, өткізу жүйесінің жетілдірілмегендігімен, басқару жүйесінің және ұйымдастыру құрылымының функционалдық кемшіліктерімен, кәсіпорын ресурстарын тиімсіз пайдаланылуымен байланысты, «тар орындардың» болуы сипатты. Осы, мүмкін және басқада, жасырын проблемалардың болуы, пайдалылық пен пайданың төмендеуіне, басшылармен қабылданған ьасқарушылық шешімдердің төменгі тиімділігіне, сыртқы өзгерістерге жауап қайтару икемділігінің төмендеуіне, кәсіпорынның ағымды жұмысындағы жүйелі істен шығуына әкеледі.

Проблема, кәсіпорынның кеңесшілер көмегіне келуі негізінің салдары болып табылады. Кез-келген проблеманың артында, соның басты көздері болып табылатын себеп тұрады. Ұйым, туған проблемалардың қандайда себептерін түсіне алады, бірақ оны дербес жоюға күйі келмейді. Бұл жағдайдада кеңесшілер көмегіне келуге тура келеді. Менеджерлердің, консалтингілік фирманың қызыметінің көмегіне келуіне келесідей себептер болады:

- ерекше білім мен дағдылардың жеткіліксіздігі;

- уақытшалық негізде қарқынды кәсіптік қосымша көмектің қажеттілігі;

- сырттан, алалықсыз көзқарастың қажеттігі;

- басшылармен қабылданған шешімдердің негізделуіне қажеттік;

- оқуға және кәсіптікті жоғарылатуға қажетсіну.

Кеңесшілерді, проблеманы шешуге ұйымның өзінен адам шықпаған жағдайда шақырады. Ол үшін, кеңесші жақсы талдай алатын, ерекше білім мен дағдылар, әдістер мен тәсілдер қажет. Бірқатар жағдайларда проблема жалпы сипатта болады. Мысалы, ұйым өзінің негізгі тағайындалған қызметін атқаруға қабілетсіз болады. Бұл кезде ұйымдастыру диагнозы, жоспарлау, стратегия, үйлестіру, ақпараттық жүйе және басқа күрделі мәселелер бойынша дағдылар талап етіледі. Басшылар тәсілдердің қажеттігін түсінгені мен, ұйымда өзгерістің күрделі процесін жоспарлап және оны тиімді жүзеге асыратын мамандар жоқ. Кеңесші осы дағдыларды бере алады және тапсырыскерді ұйымдастыру процестерімен және қатынастарымен таныстыра алады және оған стратегияны анықтауға және іске асыруға көмектеседі.

Ешқандай таң қаларлық нәрсе емес, егер ұйым оған пайдалы білімді немесе дағдыларды білмесе, ол оның құзыреттілігіне кірбің түсірмеуі керек. Қоршаған ортадағы және техникадағы өзгерістер қарқыны соншалықты жоғары, ал қажетсіну соншалықты әртүрлі, тіпті өте ірі және күшті ұйымдардың өзінде, бірқатар жаңа проблемаларды шешу үшін және жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін ішкі ресурстар жетпей жатады. Мұндай жағдайларда басқару мәселелері бойынша кеңесшілер көмек бере алады.

Егер, мысалыға, ірі компания бухгалтерияны автоматтандырғысы келсе және консалтин­гілік компания қызметіне жүгінсе, онда бұл осы компаниядағы, жұмысты жүргізе алмаған, бухгалтерлердің жамандығы мен біліксіздігін көрсетпейді, ал мейлі бүгін бұл компания, консалтингілік компанияның қызметімен байланысты, көп шығынға ұшырасын, дегенмен келешекте маңызды пайда көруге болады.

Кейде ұйымда қажетті техникалық кәсіпкер кадрлар болады, дегенмен жетекші басшыларды немесе мамандарды (штаттағы) ірі проблема немесе жоба бойынша тереңдетілген және ұзақ мерзімді жұмыс үшін босату мүмкіндігі болмайды. Істі күнделікті жүргізу оларға аз уақыт қалдырады, жәнеде біруақытта тәжірибелік проблемалармен айналысу оңай жұмыс емес. Бұл жағдайда кеңесшілердің уақытша негіздегі кәсіптік көмегі қажет, олар бос уақытпен ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік проблемаларменде айналыса алады.

Кейбір ұйымдарда олардың қызметкерлеріне, жеке байланыстар мен қолданбалы дәстүрлер мен құндылықтар күшті ықпал етеді, бұл пролеманы «шындықты жарықта» көруге және оны шешудің оптималдық нұсқасын көруге кедергі келтіреді. Басқару мәселелері бойынша кеңесші тапсырыскер-ұйымға тәуелсіз және оның ішкі өзара қатынастарына қатысы болмайтын болғандықтан, сырттан алалықсыз көзқарас береді және жағдайларда солай болып қалады, ал ұйымның мүшелері объективті бола бермейді. Кейбір менеджерлер үшін кеңесшілерді «резонатор» ретінде қолдану ережесі және барлық маңызды шешімдерді, шешпес бұрын, сонымен бірге қарастыру бар.

Әр уақытта кеңесшілерді белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін және менеджер өзінің шешімін кеңесшінің ұсынысына сілтеумен негіздей алатындай, есеп беру орындалуы керек. Ме­неджер меншікті күшпен мақсаттарды анықтайды және шешімдер қабылдайды, бірақ тәуелсіз кеңесшімен жасалған, ұсыныстарды жүзеге асырылуын айтуға мүмкіндігі болады. Бұл жағдайдағы кеңесші жұмысының басты мақсаты – бұл басшымен қабылданған шешімді негіздеу.

Мұндай тапсырма қабылдайтын кеңесші, компанияның ішкі қатынастарының «құпияда шиеленіскен әлеміне» тартылады. Мұндай жұмысты орындаған жаідайда, кеңесшінің есеп беруінде тек қана техникалық ақпараттар емес, сонымен қатар саясаттық рольде қозғалады. Бұл роль, объективті қажетті өзгерістерге күшті кедергі болған кезде, конструктивті және пайдалы бола алады, менеджерге кеңесші беделі қажет болады. Екінші жағынан кеңесші есебі ішкі саясаттық мақсатта лайықсыз түрде, жеке немесе топтық мүдделерді қорғау мақсатында қолданылуы мүмкін.

Қазіргі этапта көптеген компанияларда, қызметкерлердің оқуына және кәсіптік деңгейін көтеруіне ерекше көңіл бөлінеді. Бірқатар жағдайларда оқу консалтингілік қызметті пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін. «Кеңесшімен орындауға тұратын, жалғыз жұмыс, - бұл тапсырыскерлерді және олардың қызметкерлерін, өздерінің басқаруы қаншалықты жақсы болатынын оқытуы», - деді Линдон Уврик, басқарушылық кеңес беру теориясын әзірлеушілердің бірі. Басқарушылыққа кеңес беруге, қазіргі түсінікте үлкен көңіл бөлінуде.

Көп тапсырыскерлер кеңесшілерге жеке пролемаларды шешу үшін емес, ал ерекше білім алу үшін өтініш жасайды:

- жағдайды талдау;

- экономикалық жағдайды болжау;

- проблемаларды айқындау әдістері мен өзгерістерді жүзеге асыру (сауалдама, диагноз, сұхбат, көз жеткізу, кері байланыс, баға).

Кеңес беру бойынша тапсырма, оқудың құралы болуда. Олардың мақсаты – жаңа білім беру және менеджерлер мен қызметкерлерге кеңесшінің өзінің тәжірибесінде оқытуға көмектесу. Осылай «ұйымдарға көмекті, өзіңе өзің көмек көрсету үшін жасайсың». Бұл екі жақты алмастыру, өйткені тапсырыскерге тәжірибеде оқуға көмектесе отырып, басқарушылық мәселелері бойынша кеңесші өзінің білімі мен шеберлігін кеңейтеді.

Консалтингілік қызметтің құрылу эффектісі ең маңызды болып табылады. Әдістерді таңдау және тапсырыскердің қатысу дәрежесі бұл эффектіні күшейте алады немесе әлсіздендіреді.

Кеңесшінің проблемаларды шешу бойынша жұмысы қандайда бір шарттың қанағаттанарлықсыз деп мойындалуынан және оны жөндеу мүмкіндігінің болуынан басталады. Кеңесшінің жұмысы аяқталды деп есептеледі, егер осы шарттарда, жарсарды деп қарауға болатындай өзгерістер өтетін болса. Кеңесшінің көмегімен ойланылған және іске асырылған барлық тікелей немесе жанама өзгерістер келесідей шартта болады:

- өндірістің сапасын жақсартуға ықпал ету;

- ұйымның жұмысының тиімділігін жоғарылату.

Өндірістің сапасын жақсарту мен ұйымның тиімділігін жоғарылату - бұл консалтингілік қызметті қолданудың негізгі мақсаттары. «Басшылықты жақсарту» немесе «ұйым жұмысының тиімділігін жақсарту» салыстырмалы ұғымдар болып табылады, және олардың дәл маңызын, кеңесші ролін атқаратын, нақты фирманың және нақты консалтингілік ұйымның контекстінде анықтау қажет. Соңғысының, кеңес орын алған шектеудегі салада құзыретті болуы ерекше маңызды. Бұл жерде, кәсіптік тәжірибесі бар және проблеманы шешуге ғылыми тәсілдемені ұстанатын, консалтингілік компанияны дұрыс таңдау орын алады. [5].

Консалтингілік қызмет көрсетуші маман, «кеңесші» кәсіптігіне кәсіпкерлік талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл талаптар келесідей қасиеттердің жиынтығын көрсетеді:

- бай кәсіпкерлік және белгілі бір тіршілік тәжірибесінің болуы;

- жүйелі талдау әдістерін, жоспарлауды және басқарушылық шешімдерді әзірлеуді игеру;

- бизнестің нормативті-құқықтық базасы бойынша өте жақсы білімді болу;

- басқа адамдармен тез байланыс орната алу;

- өзінің ұсыныстары мен қорытындыларын ауызша және жазбаша түрде айқын және аргументті баяндау қабілеттілігі;

- кәсіптік этика талаптарын ұстану;

- кішіпейілділік;

- тәртіп пен әреттің тұрақтылығы.

Кеңесші – бұл проблемаларды айқындау, қажетті ақпаратты табу, талдау және синтез үшін, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, адамдармен қатынасу, өзгерістерді жоспарлау және оларды жеңу, тапсырыскерлерге тәжірибе жинауда көмектесу, басқару әдістерін беру және т.б. үшін қажетті білімі, тәжірибесі мен шеберлігі бар маман. Егер соңғысына қол жетпесе, онда кеңес берудің қорытындысы негативті салдарда болады.

Жоғарыда айтылғандардың жиынтығынан шығатын тұжырым келесідей: жалпы дайындық процесінде, маңызды басқарушылық шешімдерді жүзеге асыруда пайда болатын анықсыздықты айқындау үшін, басқарушылық бойынша кеңесшілер керек. Осы басқарушылық саласындағы анықсыздық консалтингілік қызметке сұранымды ынталандырады, жәнеде ол жоғары болған сайын, сұранымда артады.

1 суретке сәйкес, консалтингілік қызметке сұраным динамикасы мен нарықтық қатынастың қалыптасуы беталысының арасында тура пропорционалды өзара байланыс бар екенін көреміз.

Суреттен байқағанымыздай, халық шаруашылығының экономикалық дамуының бастапқы сатысында консалтингілік қызметке сұраным жасырын сипатты және консалтингілік қызметке сұраным шамалы. Бұл факт келесідей себептерден болады: консалтингілік қызметтің провайдерлері туралы ақпараттың болмауы немесе региондағы, областағы консалтингілік қызметтің нарығының дамымағандығы. Қызметтің осы сатысында бірінші жұмыс істеуші консалтингілік фирмалар келесі бағыттарды қамтиды:

- ұйымдастыру және кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша көмек көрсету;

- маркетингілік зерттеулерді орындау;




- маркетингілік бағдарламалар мен техникалық-экономикалық негіздеуді әзірлеу;

- нарықты зерттеу және нарықтық мүмкіндіктерді талдау.

Нарықтық қатынастың экономикалық дамуының ең жоғарғы стаыларында, консалтин­гілік қызмет, банкілер, биржалар, қаржы компаниялары сияқты нарықтық инфра құрылымның қажетті элементі болып қалады. Бұл кезең үшін, үлкен әртүрлілікпен ерекшеленетін, консалтингілік қызметті ұйымдастырудың қазіргі нысандары сипатты. Консалтинг бұл кезеңде, басқару мен ұйымдастыруды дамыту саласындағы кәсіпорынның күрделі проблемаларын шешумен байланысты, интелектуалдық қызметтің спектрлері қамтиды. Бұл жерде консалтингілік қызметке қажетсінудің күшеюіне және оған деген сұранымның өсуіне негізгі себеп бәсекелестіктің жоғарылауы, компаниялардағы құрылымдық түрленулер, ұлттандырулар және бизнестің ғаламдану болып табылады. Бұл өз кезегінде қамтамасыз етеді:

- консалтингілік қызметтің жаңа ұйымдастыру нысандарының пайда болуын;

-кеңесшілердің басқарушылық бойынша оқуын жетілдіруді;

- консалтингілік қызмет сапасын жоғарылатуды;

- әдістемелік құралдануды дамытуды.

Кеңесшілер қызметін пайдалану орын алатын, қарастырылған жағдайларды ескере отырып, қорытындыланған нысанда, біздің ойымызша, консалтингілік қызмет нарығы қалыптасуының экономикалық және ұйымдастырылу алғы шарттарын 2 суретке сәйкес көрсетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет